«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет17/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Айыпталушы - өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзiне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық iс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекiткен адам айыпталушы болып танылады. Iс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкiмi шығарылған айыпталушы, - сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы, - ақталушы деп аталады. Айыпталушы: заңға қайшы келмейтiн құралдармен және тәсiлдермен өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға және қорғануға дайындалу үшiн жеткiлiктi уақыты мен мүмкiндiгi болуға; өзiнiң не үшiн айыпталғандығын бiлуге және өзiн айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулының көшiрмесiн алуға; қылмыстық iзге түсу органынан өзiне тиесiлi құқықтар туралы дереу түсiндiрме алуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органнан өзiнiң құқықтарын және мүдделерiн қозғайтын iс жүргiзу шешiмдерiн қабылдау туралы хабардар етiлуге, бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшiрмесiн алуға; өзiне тағылған айып бойынша түсiнiктеме мен айғақ беруге; айғақ беруден бас тартуға; дәлел ұсынуға; өтiнiш пен қарсылық мәлiмдеуге; ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге және түсiнiсуге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; қорғаушысы болуға; көзделген тәртiппен өзiнен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға; тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен өзiнiң өтiнiшi бойынша немесе өзiнiң қорғаушысының не заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiне қатысуға; осы әрекеттердiң хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; сарапшының алдына мәселелер қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға; айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшiрмелерiн алуға; соттың, прокурордың, тергеушiнiң және анықтаушының iс-әрекетi мен шешiмiне шағым беруге; ақтамайтын негiздер бойынша iстi қысқартуға қарсылық бiлдiруге; жария сот талқылауын талап етуге құқылы. Сотталушының бiрiншi және апелляциялық сатыдағы соттарда iстi соттың қарауына қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалануға,
сонымен бiрге ақырғы сөз құқығына да құқы бар. Сотталған немесе ақталған адамның сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; соттың үкiмiне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешiмдердiң көшiрмесiн алуға; iс бойынша келтiрiлген шағымдар мен қарсылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық беруге; мәлiмделген шағымдар мен қарсылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.
Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам. Қорғаушы ретiнде адвокат қатысады. Күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды адвокатпен қатар күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және осы бiрлестiктер мүшелерiнiң iстерi бойынша басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi жүзеге асыра алады. Шетелдiк адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына жол берiледi. Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.
3. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
Айғақ беру үшiн КУӘ ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет