«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Іс жүргiзу iс-әрекетiн осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргiзуiне байланысты



бет23/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Іс жүргiзу iс-әрекетiн осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргiзуiне байланысты;
1. Іс жүргiзу iс-әрекетiне қарсылық бiлдiруге жататын адамның қатысуына байланысты;
2. Іс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзудiң тәртiбiн айтарлықтай бұза отырып
3. Белгiсiз көзден, не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
4. Дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынып, олар iстi тергеу немесе сотта қарау кезiнде алынған iс жүзiндегi деректердiң дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал ету мүмкiн болса, дәлел ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуы тиiс.
Егер дәлелдемелер қылмыстық iс материалдарының түгендеу тiзiмiне кiргiзiлмесе, сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң және куәнiң көрсетуiн, сарапшының қорытындысын, заттай айғақтарды, тергеу және сот iс-әрекеттерiнiң хаттамаларын және өзге де құжаттарды айыптаудың негiзiне жатқызуға болмайды. Куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында сезiктi, айыпталушы берген айғақтар дәлелдер ретiнде танылмайды және айыптау негiзiне алынбайды.
Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер заңдық күшi жоқ деп танылады және айыптаудың негiзiне жатқызыла алмайды.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән – жайлар
1. Оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi (қылмыстың жасалу уақыты, болған жерi, әдiсi және басқа да мән-жайлары);
2. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi кiмнiң жасағандығы;
3. Адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған әрекеттiң себеп-дәлелдерi, заңдық және iс жүзiндегi қателiктер;
4. Айыпталушының жауаптылығының дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;
5. Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6. Жасалған қылмыстың зардаптары;
7. Қылмыспен келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi;
8. Әрекеттiң қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет