«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Дәлелсіз анықталатын мән – жайлар



бет24/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Дәлелсіз анықталатын мән – жайлар
Егер тиiстi құқықтық рәсiмдердiң шеңберiнде керiсiнше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
1. Жалпыға белгiлi фактiлер
2. Осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпы қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы
3. Заңды күшiне енген соттың шешiмiмен белгiленген мән-жайлар;
4. Адамның заңды бiлуi;
5. Адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi
6. Олардың бар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған және ол арнаулы даярлық немесе бiлiм алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы дәлелсiз анықталған болып саналады.
2. Дәлелдеу iстi заңды, негiзделген және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелердi жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелердi пайдалануға қабылдаудан тұрады. Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен кiнәсiнiң бар екендiгiнiң негiзiн дәлелдеу мiндетi айыптаушыда болады.
Дәлелдемелер жинау тергеу және сот iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен сотқа дейiнгi iс жүргiзу және сот талқылауы процесiнде жүргiзiледi. Дәлелдемелер жинау оларды табуды, бекiтудi және алуды қамтиды.
Тараптардың өтiнiштерi бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган iс жүргiзуiндегi қылмыстық iс бойынша белгiленген тәртiппен жауап алу үшiн немесе сарапшы ретiнде қорытынды беру үшiн кез келген адамды шақыруға;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, азаматтардан, сондай-ақ жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың iс үшiн маңызы бар құжаттар мен заттарды табыс етудi талап етуге; уәкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер мен тексерiстер жүргiзудi талап етуге құқылы. Іске қатысуға жiберiлген қорғаушы заң көмегiн көрсету үшiн қажеттi дәлелдердi ұсынуға және мәлiметтердi жинауға, оның iшiнде олардың келiсiмiмен адамдардан сұрауға, сондай-ақ он күн iшiнде ол құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн беруге мiндеттi ұйымдардан анықтамалар, мiнездемелер және өзге де құжаттар сұратып алуға; қорғауындағы адамның келiсiмiмен заң көмегiн көрсетуге байланысты туындаған шешудi қажет ететiн мәселелер
бойынша арнаулы бiлiмi бар адамдардың пiкiрiн сұрауға құқылы. Сезiктi, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар дәлел бола алатын ауызша да, жазбаша да нысандағы мәлiметтердi, сондай-ақ заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет