7.Қылмыстық процессуалды құқықтың пәні болып табылады 1. қылмыстық процесс
2. қылмыстық құқық
3. қылмыстық құқықтық қатынастар
4. қылмыстық процессуалдық нормалар
5. барлық жауаптар дұрыс
Дәріс 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары Жоспар: 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларының түсінгі
2. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түрлері
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған мемлекеттік органдарды ұйымдастырылуының және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы ережелер.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларын 3 топқа бөліп көрсетуге болады: 1. Сот ісін жүргізу тәртібіне қатысты қағидалар
2. Тергеу мен анықтауға қатысты қағидалар
3. Сот қызметі мен тергеу, анықтаудың қызметінің мазмұнына қатысты талаптарды білдіруші қағидалар
2. Заңдылық қағидасы 1. Сот, прокурор, тергеушi, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi.
2. Соттардың адам мен азаматтық Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот, қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтық Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп үйғарса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата түруға және сол актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.
3. Соттық, қылмыстық iзге түсу органдарының қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңмен белгiленген жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға әкеп соғады.