2. Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот әдiлдiгiн тек соттар ғана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң болса да иемденуi заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
2. Соттың өкiмi бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкiм де қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды.
3. Соттың құзыретi, оның заңды құқығының шегi, оның қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңңен айқындалады және оны өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болса да төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа да шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және атқарылуға жатпайды.
4. Өзi қарауына жатпайтын iс бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асырушы, өзiнiң өкiлеттiгiн асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделген қылмыстық сот iсiн жүргiзу принциптерiн өзгедей бұзған соттың үкiмi мен басқа да шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға тиiс.
5. Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттар ғана тексерiп, қайта қарай алады.
3. Адам мен азаматтын құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау 1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар.
2. Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңмен көзделген соттылығы өзгертiле алмайды.
3. Мемлекет заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша жәбірленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткiзуiн және келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi.
4. Жеке адамның абыройы мен қадір – қасиетін құрметтеу Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процеске қатысушы адамдардың абыройын түсiретiн немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сонымен қатар адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.