Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

* * *

Көкейімде жүрген сауал көп, тегі,

Əр жұмыстың кезеңі бар өтпелі.

Жылдың өзі он екі айға созылса,

Бар оның да жаз, күз, қыс пен көктемі.

Құр жауынмен біте қоймас іс дейді,

Күн көзінсіз шыққан егін піспейді.

Бидайдан ұн, ұннан қамыр шықпаса,

Нанның өзі ауызға кеп түспейді.

Түсінбейтін құпияның саны жоқ,

Білгенімнен білмейтінім əлі көп.

Жүн түтіліп, қаншама жіп иірілер,

Шыққанынша əп-əдемі шəлі боп.

Сөз шыға ма сөздің түбін қумаса,

Бұлақ бастан былғанады уласа,

Харам болып шығуы да оп-оңай,

Халал астың өзін дұрыс жумаса.

Пенделердің уайымы көп дейді,

Кейде қаржы, кейде уақыт жетпейді.

Тойымсыз көз, бітелмейтін құлқынды

Белгіленген мерзім ғана шектейді.

* * *

Алған жары махаббаты алғашқы

Болған болса – отбасында хал жақсы.

Алған жары болған болса екінші,

Аузы күйген мақсатына жетсінші.

Алған жары болған болса үшінші,

Тұрақтай ма, жырақтай ма – түсінші.

Алған жары болған болса төртінші,

Қарғамай ма алғашқы үшеу дерт іші.

Алған жары болған болса бесінші,

Дəті жетіп жинар ма екен есін шын?!

Алған жары болған болса алтыншы,

Алған шығар жай əншейін салт үшін.

Алған жары болған болса жетінші,

Кешірімді тек Алладан өтінсін.

Жеп жүргендер əйелдердің хақысын

Пайғамбардың хадистерін оқысын.

Санасы бар жігіт қана тұрақты



Өте алады қиналмастан сынақты.

* * *

Ауырса қиналатын кішкене еті,

Көрмеймін деген жерін үш көретін,

«Ол жақты көріп келген кім бар?» – деген

Қазақтың реті жоқ тістенетін.

Жүзіне аярлықты перде қылар,

Пенделер мансап қуған, шенге құмар,

Мешітке жол түспеген ақ киіммен

Шығарда жаназасы келгені бар.

Жарасар не десек те сүйген кезде,

Байқамай сөйлесек те күйген кезде,

Еріксіз еңкеймей ме тоңмойын да,

Өлгенде басы жерге тиген кезде.

Жалғанда не көрсең де төзгенің жөн,

Нышанын көрсетсе де көзге кілең,

Көзі жоқ көкірегінің адам ғана

Білмедім, ештеңені сезбедім дер.

* * *

Жөні келмей кей кезде текке амалым,

Мəнін білмей жүретін ақ-қараның,

Олпы-солпы біреуді көргенімде,

Қамыр екен иленген деп қаламын.

Не нəрсе екен адамды сүйікті еткен,

Мəртебесін өзгеден биіктеткен.

Сол қамырды ыстықта ұстағанда,

Қалаш-сынды кейбірі күйіп кеткен.

Бұл жалғанда алмайтын сүймей тыным,

Көп нəрсені ғұмырда білмейтұғын,

Жаратса да адамды саз балшықтан,

Пластилин емес қой илейтұғын.

Хайуан емес айдаса бара берген,

Құрдым да емес не келсе, ала берген,

Тəн мен жанды жаратқан пəруардігер,

Адамзатқа əдейі сана берген.

* * *

Келген күннен кете алады қарғып кім,

Білген кісі шығары анық сенімнен.

Қызметі түрлі-түрлі тəуліктің,

Уақыты жылға бірдей бөлінген.

Келген жерің тұра алмайды бүктеулі,

Кеткен күнде кегің болса жасырма.

Жылдардың да қызметі шектеулі,

Тепе-тең қып бөліп қойған ғасырға.

Əр сағаттың тілі əртүрлі болса да,



Бірдей қылып көрсетеді уақытты.

Өтер айлар, өтер жылдар қаншама,

Мезгіл мəнін түсінгендер бақытты.

Қадіріне жетпей күннің сыйлаған,

Жүре алмайтын алтын, күміс, жақұтсыз,

Киім киіп, жеуді ғана ойлаған,

Уақытын босқа өткізген бақытсыз.

* * *

Бұл жалғанды жайлап алып «пысығы»,

Көп болып тұр əйелдердің түсігі.

Халал асқа харам жиі қосылып,

Көбейіп тұр еріннің де ұшығы.

Өтіріктің бойлары өсіп, зорайып,

Қара көздің ақтары өсіп, алайып,

Тура айтатын адал адам азайып,

Қулық-сұмдық бара жатыр молайып.

Əзəзілдің жүрген жолы кеңейіп,

Жын мен шайтан кеткен кезде көбейіп,

Алла!


Бізді кесапаттан сақтай көр!

Одан басқа не дейік?!



* * *

Іштегі ауыр ойдан арылғым кеп,

Қағазды жайып қойып, сарылдым көп.

Көргенде ойы таяз пенделерді,

Кетеді қаным қайнап, жаным жүдеп.

Дін күтпей жүргендер бар залыммын деп,

Асылық қылғандар бар ғалыммын деп,

Өнерге қолы жеткен неге айтпайды

Алланың арқасында таңылдым деп.

Сопы айтар:

«Ғұмыр бойы жалындым!»

деп,


Дүмше айтар:

«Жаратқанға не қылдым?»



деп,


Жасаған құлшылығын міндет қылмай,

Айтпай ма:

«Хақтың жүзін сағындым!»

деп.


* * *

Мақтағанға басы айналып, мастанып,

Қолындағы тізгіні де бос қалып,

Даңғырлаған тесік шелек секілді

Жатқандар бар күресінге тасталып.

Болса жолдың қысқасы мен ұзағы,

Кездеспей ме құрып қойған тұзағы.

Шайға қантты шамадан тыс қосқандай,



Тəтті сөз де жиі адамды бұзады.

Туған-туыс, дос-жарандар сыралғы

Қиындықтан аман өтіп, сыналды.

Кемшілікті көрсетті деп жауықпа,

Кісі болса бетіңе айтқан кінəңді.

Саналылар өз қатесін жөндейді,

Бір сүрінген жерге қайта келмейді.

Сырқат ішкен ащы дəрі секілді

Қатқыл сөз де кейде адамды емдейді.

* * *


Ия, Алла!

Нұрыңды құй жүрегіме,

Жеткізгін көкейдегі тілегіме.

Түсірмей қайғы бұлтын реңіме,

Қуат бер аяғыма, білегіме.

Ия, Алла!

Нұрыңды құй оң жағыма,

Жеткізгін аңсап күткен арманыма.

Ия, Алла!

Нұрыңды құй сол жағыма,

Көнейін тағдыр басқа салғанына.

Ия, Алла!

Нұрыңды құй қаныма да,

Қамқоршым дəл өзіңдей табыла ма.

Нұр құйғын көздеріме, тіліме де,

Қалмасын арым жүдеп, жаным жадап.

* * *

Мыжымай жүйке жеген жұлын-құртты,



Кешіре алмай жүрмін зұлымдықты.

Қалпына ұзақ уақыт келе алмайды

Көңілім болып тұрған бұрын күпті.

Сабаға түспей алмас, сірə, тыным,

Демеймін шектен шыққан бұзақымын.

Сасыған ауыз болса, сол ауыздың

Мұрынды үстіндегі бұзатынмын.

Шындықтың ат байлайтын жоқ тұрағы,

Маған да есер жөнсіз соқтығады.

Көргенді көзіне айтып көргенсіздің,

Тиіскім көр-кеудеге кеп тұрады.

Білмеймін, кімге не деп айтарымды,

Жегулі тұрған атым қаңтарылды.

Байлатып босағаға қойсам ба екен

Мойнына шынжыр салып шайтанымды.

* * *


Білесің бе тірілердің қадірін,

Білесің бе өлгендердің қабірін?

Өлім деген мейірімсіз, тасбауыр,

Барша жұртқа орындатар əмірін.

Бірақ, ажал аңдаусызда келмесе,

Мəңкүр-Нəңкүр алдына алып, тергесе,

«Осы қысқа ғұмырыңда, əй, пенде,

Не тындырдың?

Жауабыңды бер!»

десе.


«Білмеймін!» – деп, бəлкім, басты шайқарсың,

Бəлкім, ішің пысқаныңды айтарсың.

Кигеніңді, сүйгеніңді айтарсың,

Ішкеніңді, құсқаныңды айтарсың.

Атажұртқа бір тал шыбық ектің бе,

Белді буып, ғылым қуып кеттің бе,

«Қылмысымды қайсы байқап қалар?»

деп,


Əлде артыңа алаңдаумен өттің бе?

Азаматы көркейтпесе ауылын,

Ауырды ма ет-жүрегің, бауырың?

Жатқанда да торқа болар топырағың,

Туған жерден үзілмесе тамырың.

* * *

Қайыршының түбі тесік дорбасын

Көрген кезде қатты күлді жолдасым.

Күлме, досым!

Дүнияға келгенде

Сен де осы қайыршыдай болғансың.

Əке-шешең саған берсе қарызын,

Оны өтеу де мойындағы парызың.

Ел ішінде жоғалмайды мейірім,

Жаратқанға жетіп жатса арызың.

Қайырымды қаталатқан патшалар

Тақ пен тəжді басындағы бақ санар.

Сараңдардың көзі өмірі тоймайды

Сарайында үйілсе де ақшалар.

Алтындатқан ғимаратқа кір, мейлі,

Ешбір пенде артық өмір сүрмейді.

Тек байғұстар Алла берген ғұмырдың

Байлықпенен ұзармасын білмейді.

* * *

Ия, Раббым!



Саған ешкім бола алмайды тосқауыл,

Саған сенген жоғалмайды еш қауым.

Түбі сенің жығылады алдыңа

Көтергендер зұлымдардың шашбауын.



Жайын біліп алпыс екі тамырдың,

Түсіндіріп қасиетін сабырдың,

Сақтаушы сен кесірінен жалғанның,

Сақтаушы сен азабынан қабірдің.



* * *

Орманды өрт, мұхитты дерт басса да,

Өзен суы арнасынан асса да,

Жер сілкініп, қанша зұлмат төнсе де,

Талай боздақ мезгіл жетпей өлсе де,

Неге қанға тоймайды екен адамзат?!

Жеген асы жал мен жая болса да,

Жалт-жұлт еткен ақ сарайға қонса да,

Бал татыған тəтті сусын ішсе де,

Жақсылардың ортасына түссе де,

Қанағаты болмайды екен адамзат?!

Бала күнгі арманына жетсе де,

Атақ-даңқы алыс жаққа кетсе де,

Шаңыраққа ырыздығы толса да,

Есі түзу, ғұмыры ұзақ болса да,

Қызығуды қоймайды екен адамзат?!

Дəурен өтіп, жасы жетіп, қартайып,

Қайрат кеміп, буын семіп, əл тайып,

Жүру қалып, бір бүйірге жантайып,

Екі көзден жатқан шақта нұр тайып



Үзілуді ойлайды екен адамзат.



* * *

Кісі қайтса елемейтін кез емес,

Құран оқу мал табудың көзі емес.

Айтылған сөз қара бастың қамы үшін,

Молда айтса да, шариғаттың сөзі емес.

Күмбез салған əруақтарды қадірлеп,

Өз ісіне уақытша семірмек.

Жермен-жексен болып жатқан бабасы

Басқаларды алмайды ма жəбірлеп?!

Тірі адамдар не іздейді моладан,

Айыға ма тағдыр салған жарадан?

Өлгендерге қажеті жоқ түктің де,

Жалғыз ғана дəме қылар дұғадан.

* * *

«Көл беретін несібені тауыса алман!» –

Деп жағалау тұрғындары жар салған.

Балықтарға қармақ салған азайып,

Көбейіпті тереңдерге ау салған.

«Жауған қар да таусылады» – демей ме,

Маңыз беріп жатыр, бірақ, кім соған?


Шабақтарды қылғып жатса қомағай,

«Жарайсың!» – деп соғып жүрміз қол соған.

Уылдырық баршамызды қарық қып,

Жеп те жүрміз жеңсік асты аңсаған.

Қарғысы ма деп ойлаймын балықтың,

Адам көрсем абыржыған, шаршаған.

Азық қылсаң қажетіне халықтың,

Қиын күнде ашылады жол саған.

Балық сатып, пайда қылса, анық бұл,

Қияметте құрылады тор соған.



* * *

Ораза айы. Ауыз берік тағы да,

Қалай айтам батқан жайды жаныма.

Ойладым ба орта жолда қалам деп,

Жабысқанда жүйрік аттың жалына?!

Алдамшыны алдамшы деп айтпасам,

Жалғаншыны жалғаншы деп айтпасам,

Жауын жаумай, қурап кеткен орманды

Жайпап жатқан басылады өрт қашан?!

* * *

Жүрген жерің бұдыр ма, əлде тегіс пе,

Ажал үшін пенделер де шемішке.

Дəнін сорып, шағып-шағып тастайды,

Ең əуелі қуырып ап шөмішке.

Ыза буып, құмар болсаң керіске,

Адам қарғап, лағынет айтар періште.

Тірлігіңде тура жолдан тайқысаң,

Түсің қашып, ісің кетер теріске.

Мал емессің жайылатын өрісте,

Ықылас қыл ізгілік пен жөн іске.

«Ексең нені, соны орасың» деген бар,

Ырза болғын өсіп шыққан жеміске.

* * *


Орман еді пəленшенің атында,

Сая болған бірге туған жақынға.

Жылдар өтті, тамырлары қырқылды,

Бұтақтары айналды енді отынға.

Сондай əсем көрпе көрдім жақында,

Отырды оған талай ғалым, ақын да.

Уақыт озды, тысы тозды, жыртылды,

Қиқымдары айналды енді қоқымға.

Күні бітсе, патша ма, əлде пақыр ма,

Кетер сиып үш-ақ құлаш ақырға.

Кекжең қағып кердеңдеме ендеше,

Мықтымсынып, басты бекер қатырма!



* * *

Ымырт түсті, тағы да қас байланды,

Сағат тілі деймісің босқа айналды.

Балаларым ер жеткен уайым болып,

Ғашық жарым жанашыр досқа айналды.

Дос-жараннан қашан да көмек көп-ті,

Оларды да бұл жалған дедектетті.

Əрқайсының мақсаты, міндеті бар,

Туыстардың жолдары бөлек кетті.

Жігіт болдық кезінде жан қызығар,

Қалағанын алыстан алғыза алар.

Күн жақындап келе ме, кім біледі,

Алла алдына жалынып жалғыз барар.

* * *


Жалған жолы қай кезде тегістелер,

Күн туар ма төрт жақты тегіс көрер?!

Əрбір үйге сұм қайғы соқпай кетпес,

Қанша қорғап жүрсе де періштелер.

Қабырғаңа түссе егер ауыртпалық,

Құдай оны берген жоқ алып барып.

Көп іс сенің өзіңе байланысты

Екендігі жатады анықталып.

Мына жалған алдамшы қызық, майдан,

Жазмыш жалғыз жол емес сызып қойған.

Түзу жолда адасып кеткендер бар,

Қайтып келе жатқанда қызып тойдан.

Басқа түспей ел мұңды түсіне ме?

Барлық істі Алланың ісі деме!

Абайласын алды-артын, ойлансын деп,

Ақыл берген сол Алла кісіге де.

* * *

Жапанда елден безіп жалғыз жатқан,



Жалғандық Шəкəрімге қатты батқан.

Түбіттей жұмсақ сөздер елжіретсе,

Балғадай қатты сөздер тасты уатқан.

Сезініп жан-тəнімен нұр-тынысын,

Түсінген ақыл-оймен тылсым ісін,

Жалғаннан жалғыздықты артық көрген

Ақынның естіп тұрмын күрсінісін.

Босатып өзін ерте шытырманнан,

Бас алған ақиқаттан бүкіл арман,

Шəкəрім бұл өмірдің мəнін ұғып,

Тіршілік батпағынан құтылған жан.

* * *


Қателессем, Жаратушы кешірсін,

Ел басына төнді талай тосын сын.

Жерін қорғап шейіт болды боздақтар,

Жауған оққа тұрған тосып төсін шын.

Сол соғыста бұғып, аман қалғандар

Батыр атын берсе екен деп армандар.

Шындық терең көмілгенде, бетіне

Қауыз болып шығады екен жалғандар.

Кеудесіне орден таққан ардагер

Емес пе екен арын сатқан саудагер?

Босқынды атып, батырсынып жүрген бар,

Теперішті көріп жатса ауған ел.

Опасыз деп елін сүйген батырды,

Қаншама арыс жала жауып, атылды.

Қанды қолдар келер ме екен тəубаға,

Жұтар сəтте алған демін ақырғы.

Көре алмаған жанашырын аңсаған,

Жетім-жесір қақын жеді қанша адам.

Кемшілігін бетіне айтсаң, жақтырмай,

Əлі күнге қазып жүр ғой ор саған.

Нағыз адам қарсы жүзер ағысқа,

Құрақ ұшпас дəрежелі танысқа,

Өрекпімес жүлде бер деп жарыста,

Кеуде кермес қатыстым деп соғысқа.

Сатқындықтың бетін ашар аз ақпар,

Айран-асыр осы жайға қазақтар.

Тірі жүріп кұрмет көрсе кəззаптар,

Күн туады түбі оларды азаптар.

* * *


Мінəжатын айтып жатыр мұсылман,

Жасын төгіп, жалбарынып, жылаған.

Бұл фəниде елге қысым жасаған

Арылуы қиын шығар күнəдан.

Жарты əлемге жүрсе-дағы ие боп,

Тілді қорлап, мемлекеттер құлаған,

Пайғамбарға тіл тигізіп, күйелеп,

Дінді қорлап, дінбұзарлар жүр аман.

Қарайламай жүріп өткен ізіне,

Сүрінгенге күліп жатса құлаған,

Ырза болса ісіне емес, сөзіне,

Бұл да, бəлкім, біреулерге ұнаған.

Абыржиды астамсынған қамкөңіл,

Келешекке осы күні кім алаң?!

Жаратқанның əмірі ме əлде бұл,

Жер бетінде пенделерін сынаған...

* * *


Болғандар бар қиындықтан зəрезап,

Тартқандар бар бұл фəниде кіл азап.

Тəубаға кеп, болған іске шүкір қып,

Жаратқанға жасап жатыр мінəжат.

Өкінішің өзекке енсе сыналап,

Өткен күнді керегі не кінəлап?!

Мына тірлік жарылқаған қауымды

Күйініш пен сүйініштен құралат.

Туысың да болып жатса жүре жат,

Басқа түскен тауқіметтен кім азат?!

Қысылғанға қамқор болған мұсылман

Жаратқанға жасап жатыр мінəжат.

* * *

Баласына берілсе араб аты,



Тисін деген шығар-ау шарапаты.

Есімдердің өзі де елжіретсе,

Бұл да болса Құранның ғаламаты.

Тыңдап өсіп имамның уағыздарын,

Өтеп жүрсе құлшылық парыздарын,

Үміт қылып баладан тəлім алған,

Білген шығар Аллаға қарыздарын.

Түсінген соң аяттың мағынасын,

Жаратқанның еркіне бағынасың.

Тек сол ғана төгіліп келген нұрдай

Жүректерге құяды шұғыласын.

* * *


Айналайын атыңнан,

Хақ-Тағалам!

Тірлік көшін жарылқа тоқтамаған.

Қияметтің сақтай көр азабынан,

Шамам келер міндетті жүкте маған.

Ата-ананың борышын ақтамаған,

Абырой мен намысты сақтамаған,

Кезім болса, ғафу ет, кеңшілік қыл,

Айналайын атыңнан,

Хақ-Тағалам!

Адам болсам өтірік мақтамаған,

Адал болсам арамды жақтамаған,

От басыма жетерлік несібе бер,

Одан басқа керек жоқ түк те маған.

* * *

Пайғамбарды дегендер жын жайлаған,



Күйіп тозақ отына, ойбайлаған,

Жандарынан күн сайын көрген жанды

Елшісі деп Алланың кім ойлаған?!


Біреулер бар аттарын борбайлаған,

Алдыңдағы малын да зорға айдаған,

Не өзіне сенбесе, не Құдайға,

Дейді халық оларды: «сор қайнаған».

Күлкі болар Хаққа да нанбай надан,

Көзі жетсе ақ жолды таңдайды адам.

Көзің көріп тұрғанды шындық дейсің,

Көрмей тұрып сенбеген қандай жаман?!

* * *

Өмір үшін, тірлік үшін таласта



Дем алады өсімдік те, ағаш та.

Тамырынан жұлып алса жел келіп,

Қаңбақ шіркін кетпейді ме сенделіп.

Көкке бойлап биік өскен қарағай

Қалар кейде кəдеге де жарамай.

Ақ қайыңды күннің көзі аймалар,

Кей бұтағы сыпырғышқа айналар.

Жапырақтар шаң-тозаңнан аршылып,

Жайқалады кеткенінше жан шығып.

Ыстық келіп ұрынғанда салқынға,

Дем алады аласұрған толқын да.

Су аяғы айналғанда құрдымға,

Қабырғасы қайысады шыңның да.

Бірі етекте, бірі заңғар асқарда

Дем алады қатып жатқан тастар да.

Тастың беті десем неге тайғанақ,

Оны да күн жатады екен аймалап.

Денесінен ауыртпалық тастарда

Шомылады бұлттан тамған жастарға.

Тас мұжылса, ұсақ құмға айналар,

Соны көріп адам ұзақ ойланар…

* * *


Көз суланып, шулағанда құлағың,

Бітелсе егер ағып жатқан бұлағың,

Бір Алла ғой бұлақ көзін ашатын,

Неге соны түсінбейсің, шырағым?

Жарамаса бір кəдеге жарағың,

Аяғыңа оратылса балағың,

Бір Алладан тілек тіле күні-түн,

Неге соны түсінбейсің, қарағым?

Орны толса ойсыраған олқының,

Бүтінделсе ақыл-есі жартының,

Бір Алла ғой бəрін жөнге салатын,

Неге соны түсінбейсің, жарқыным?

* * *


Күнді көрсе күлімдеп күндей күлсін,

Түнді көрсе демалсын, көзін ілсін,

Теріс ісін содан соң жалғастырса,

Көзі көрген пенделер өзі білсін.

Күнді түнге кей кезде алмастырса,

Сынағаны адамның төзімін шын,

Мақсат-мұрат жалғанда іздемесе,

Көрінгенге тіленген көзі құрысын,

«Құдай қырын қарайды бізге»

десе,


Əзəзілдің ант атқан сөзі құрысын!

* * *


Басшыларды құлы дейміз халықтың,

Шынында олар Аллаға құл, анық бұл.

Құл екенін ұмытады мырзалар

Шығып алса биігіне даңқтың.

Алдын алмақ болып келер қауіптің,

Айтқандарын істегендер тəуіптің,

Күйін кешер жұмыртқалар жер таппай

Шыр айналып, қыт-қыттаған тауықтың.

Қадірін біл күнде көрген жарықтың,

Салмағын біл мойындағы қамыттың.

Тазалауды құйрығынан бастайды

Шіріп жатса егер басы балықтың.

* * *

Есіңе алсаң Алланы тұрған сайын,



Ораза мен тарауық, құрбан сайын,

Мойынға алған жүгің де азаймай ма,

Жаратқанға құлшылық қылған сайын,

Сол мойынды жан-жаққа бұрған сайын.

Күн əдемі көрінер атқан сайын,

Семірмей ме жайған мал баққан сайын,

Қос тізеге сары су ұяламас

Бес намаздың қадірін тапқан сайын,

Жайнамазға тізелер батқан сайын.

Ми қыртысы жазылар білген сайын,

Қатайады жүрегің күйген сайын,

Маңдайыңа жазылған тағдыр болса,

Тағдыр жүгі жеңілдер күн-күн сайын,

Сол маңдайың сəждеге тиген сайын.

* * *

Айтқан сөзің өте ме ақымаққа,



Күймеймін деп барады жақын отқа.

Аман-есен жаратқан бір Құдайым

Тұр ғой сені сынап та, бақылап та,

Ойландың ба, қалайша егін болды



Жалғыз түйір түскен дəн топыраққа?

Жусаң кетпес күнə ма бір шақтағы,

Маңдайыңнан неге тер бұршақтады,

Жаза бастың, жаңылдың, қаталастың,

Көп қауіптен тірлікте кім сақтады?

Ойландың ба, қалайша адам болдың,

Жалғыз тамшы қан едің құрсақтағы.

Бұлтты жиып, қайтадан айыратын,

Жайған қойдай иіріп, қайыратын,

Жүндей түтіп тауларды қияметте,

Кімнің қайда барарын бұйыратын,

Сəжде жасап, бас иіп, мінəжат қып,

Есіне алғын Алланың сүйіп атын.

* * *


Бұлбұлда сайрап тұрған талға қонып,

Таласар тоты құспен бар ма көрік?

Үйрек пен қаздан өзін кем көрмейді

Қыт-қыттап жүрген тауық зорға қонып.

Жапалақ тұрады екен жалбалақтап,

Жанына қарқылдаса қарға келіп.

Ұшқан құс мəз болады қанатына,

Білмейді тұтыларын торға келіп.

Қосады өзін кісі санатына,

Жүргендер аз олжаны пайда көріп.

Уақыт өте келе басылмай ма,

Адамға пайда болған тойда желік?!

Көп асқан түбінде бір тосылмай ма,

Құр қалған түйе жылдан бойға сеніп.

Кісінің өңі жылтыр, тілі майда,

«Келбеті ақылына сай ма?» – дедік.

Жаратқан жақпар тасты биік шыңнан

Құлатып, кетеді екен сайға көміп.

Аптығын басады екен асау толқын

Екпіндеп соғылғанда жарға келіп.

Тұсауды аяқтағы үзіп шығар

Атылса жанартаудай бойдағы ерік.

Тасынба бармын деп те, зормын деп те,

Отырмын осындай бір ойға келіп...

* * *

Алтын көрсе, жолдан тайса періште,



Өрге тартқан тасың түссе еңіске,

Мезгілің кеш, еткен еңбек еш болып,

Өмір неге жол береді теріске?

Қиналмаймын жауыздарды жай ұрып,

Надандардың жүрген жері ойылып,


Өсекшінің өңешіне от түсіп,

Жағымпаздың жағы кетсе айырылып.

Жол үстінде тұрғаннан соң шошайып,

Пəлекеттен қашқан екен машайық.

Бет пердесін сылып тастап арамның,

Жəдігөйді жақтан ұрсам, несі айып?!

* * *

Əкем қайтты мені жетім қалдырып,



Шешем қайтты ішімді оттай жандырып.

Көкжиекке жанарымды талдырып,

Көкіректе қалды күдік, қалды үміт.

Өзім де енді əке болып қалғанда,

Тағдыр басқа тауқіметін салғанда,

Жүре тұрсам деймін мына жалғанда,

Ұрпақтарым қалмасын деп арманда.

* * *


Шіркін, дəурен, ғажап-ау жасымдағы,

Қызықтырып баланы қасымдағы,

Темір торға дəл көздеп түсіруші ем

Тұрған допты аяқтың басындағы.

Өңімде де дəл келсе түсімдегі,

Мені кейде көп адам түсінбеді.

Жең ішіне ешқашан жасырмадым

Кəмпитті де қолымның ішіндегі.

Қолдады ма бақ дарып, Қыдыр мені,

Жақыным да жаныма үңілмеді.

Жайып салдым ақтарып сойған қойдай,

Жатқан сырды жүректің түбіндегі.

Аз емес қой қазақтың мұсылманы,

Жанға батты солардың қысылғаны.

Амалсыздан жұттым мен кері қарай

Тұрған сөзді тілімнің ұшындағы.

Бауыры бар жұрттың да өкпесі көп,

Өлеңімнің оты бар, бүкпесі жоқ.

Жаратқаннан тілеймін күндіз-түні

Сол бір сөздер без болып кетпесін деп...

* * *

Бұл жағдай əсер етер кімге қалай,



Күтпейді саналы адам түннен арай.

Күнбағыс бойлап өссе күнге қарай,

Ұшады бал арасы гүлге қарай.

Жыртқыш аң ұзақ жатпас ін түбінде,

Аунарын түлкі білер кірпінің де.

Оқталған мылтық түбі атпай қоймас,

Жатпайды алмас қанжар қын түбінде.


Бермесе ақ төсінен анасы ырыс,

Жата ма бесігінде бала тыныш.

Барлығы байланысты бір-біріне,

Тəртіппен жаратылған жаратылыс.

Таудың да күні келер бүгілетін,

Тастың да кезі келер үгілетін,

Бар адам алдына кеп жүгінетін,

Ұмытпа Жаратқанның құдіретін.

* * *

Сойған малдай бездері алынбаған,



Кей адамның жағдайы мəлім маған.

Қолға түскен тамақты қуырдақ қып,

Өкпені де бауыр деп қабылдаған.

Адамдай-ақ барлығын жаңа көрген,

Не берсе де талғамай ала берген.

Тазалыққа мəн беріп жатпаса да,

Олар-дағы жар сүйген, бала көрген.

Кейбіреуге болғанмен қоқсық пайда,

Лас жерден, алайда, нас шықпай ма,

Борсып жатқан шалшықта лайлы су

Барар дейміз атылып, шапшып қайда.

Дəрет сенің үйіңді күзетеді,

Көңіліңді шаң басса, түзетеді,

Дəреті бар адамнан шайтан қашар,

Таза болып жүргенге не жетеді.

* * *


Қоңыз жүр қыбырлаған қи ішінде,

Доңыз жүр қорсылдаған ми ішінде.

Діні жат əйел алған азаматтың

Болмайды берекесі үй ішінде.

Басылмай алып-ұшқан көңіл шері

Ойламас қате бар деп бұл ісінде,

Қитықтан ситық тауып келіншегі,

Дау туса, сыртқа қашар түн ішінде.

Жем түскен аяғына қысырақтай

Көп болар кем-кетігі жүрісінде,

Қоймайды бір пəлеге ұшыратпай,

Сайқалдық бұғып жатар күлісінде.

Еркегін ер секілді санамаса,

Мін болмай тұрса-дағы мінісінде,

Болуға үйге тұтқа жарамаса,

Бұл бір жай мысал болар кім үшін де.

Болса да туысына қандай жақын,

Тікендей өсіп тұрған гүл ішінде,

Сүйелдей көзге шыққан мұндай қатын,


Əйтпесе, басқа əйелде жұмысым не?

* * *


Алла бізді жаратса да жалаңаш,

Киім берді тəнімізді жабуға,

Тамақ берді қалмасын деп адам аш,

Сана берді өзгелерді тануға.

Бұл фəниде тосып талай кедергі,

Кезігесің тоқсан түрлі сұрауға.

Шайтанды да арамызға жіберді

Пендесінің беріктігін сынауға.

Өткен жолға назарын сал кідіріп,

Зəмзəм су ма тілегені таңдайың?

Сол сынақта қалған болсаң мүдіріп,

Тайқы болып жаралғаны маңдайың.

* * *

Жынды десе ақылы ауысқанды,



Азғын десе жаманмен қауышқанды,

Түлен десе адаммен алысқанды,

Малғұн десе жақсыны жанышқанды,

Кəззап десе қырсығып, қарысқанды,

Кəпір десе мақтаншақ «данышпанды»,

Тіл ұшында тұратын ауыр сөздер

Сағыз болып тіліме жабысқан-ды.

Адасқанның алды жөн, арты соқпақ,

Үйренгендер баяғы қалпын сақтап,

Алдыңғылар жүре алмай тартыншақтап,

Шыдамсыздар тұра алмай сабыр сақтап,

Өзін даттап, айтылған сөзін таптап,

Надан жұртқа кемеңгер қалай жақпақ?

Сөз түзелмей ел іші түзелер ме,

Ханнан қазық болмаса, биден тоқпақ...

* * *


Жарық болмас жұлдыздар айды мақтап,

Дəулет бітпес жүргенмен байды мақтап,

Өзендерді алмай ма өгейсітіп,

Тұрған кісі жыра мен сайды мақтап.

Келмей жатса орайға істің жөні,

Қоятұғын қазанға қайда қақпақ?

Тағасы жоқ ат болса қыстың күні

Мұз үстінде жүре алмас тайғанақтап.

Байқап-байқап сондықтан сөйлеген жөн

Сұлуларды дегенде айдан əппақ,

Болсын десең қонымды иленген тон,

Айту керек əр сөзді бойға шақтап.

Тілден шыққан сөйлемде болмаса сөл,


Айырмаң не хайуаннан жүрген оттап,

Таза жүрсең – ешқашан таба алмас жол,

Пəле-жала соңына ерген қаптап.

* * *


Жер бетінде барлық зат

– Алла мүлкі,



Ля-ил-ля-ха ил-ла-ла!

– Жұмақ кілті.



Мұхамбет-расулалла

– Алла елшісі,

Иланбаған адамдар болар күлкі.

Құлқу-Алла-Һу ахад!

– Алла біреу!

Сондықтан осы күнге аман жеткен

Аузында Алласы бар қазақ жұрты.

* * *

Түнде көріп шырақтарды жағылған,



Кейбір надан жұлдыздарға табынған.

Көрген кезде жарқыраған күн, айды

Көріп тұрмын деп ойлаған Құдайды.

Енді біреу қалың елге жиылған

Пұтты əкеліп, соған ғана сыйынған.

Кеткеннен соң шайтан өтіп арадан,

Пайғамбарды біреу тəңір санаған.

Бір Алланы Құран кəрім түсірген

Қалай ғана шығарасың есіңнен?!

Күн мен айды, жұлдызды да жаратқан,

Адамзатты жер бетіне таратқан.

Түйсік берген төрт аяқты малға да,

Сыйын жалғыз жаратушы Аллаға!

* * *


О, ғажап-ай, кейбір титтей құмырсқа,

Ұрты томпақ, қол-аяғы тым қысқа,

Аузына əкеп біреу асты салмаса,

Жарамайды екен мүлдем жұмысқа.

Қолқабыссыз сала алмаса илеуін,

Отыра ма күтіп бəрі күйреуін.

Сол құмырсқа тіл табысып басқамен,

Білсе керек кімді, қалай билеуін.

Қызметті санамайтын қоршылық,

Құмырсқаның басқа түрін жалшы қып,

Бейімделіп құлдыққа да сол тобыр,

Көрсетпейді екен тіпті қарсылық.

Адамдар бар асты шайнап бермесе,

Ас ішпейтін алдына алып келмесе.



Мына біздер көріп жүрген өмір де

Құмырсқаның илеуіндей ендеше.

Құмырсқаның көбі, бірақ, бейнетқор,

Мəңгі-бақи құлдық кебін кимек пе ол?

Терін төксе, еңбек етсе ерінбей,

Тіршілікте көреді екен зейнет мол.

Қиындықты жеңіп шығар күрескен,

Су бұзбай ма қатқан мұзды сірескен.

Өзгеге еткен жақсылық та қайтады,

Қыбырлаған құр қалмайды үлестен.

* * *

Шын жүректен жазған менің өлеңім



Кез келгенге қолдан келмес дер едім.

Нағыз ақын сөз қадірін бағалар,

Бірақ, оған ұқсас ұйқас таба алар.

Қазақ айтқан мақал менен мəтел де

Сəл басқаша айтылады жат елде.

Сүттің қандай ұқсас болса қаймағы,

Ұқсайды екен ғалымдардың ойлары.

Бірақ, небір ғұламалар сый алған,

Сүрелерді шығара алмас қиялдан.

Ақиқаттан аттап ешкім оза алмас,

Періште де аятты ойдан жаза алмас.

Барлық адам, барлық жындар жиналып,

Шығара алмас бір аятты қиналып.

Хаққа сенсең, айта берме босқа өкпе,

Құран сөзі – естілерге ескертпе.

* * *


Жамылғанда балшықты өлген кісі,

Мақтасады жиналып көмген кісі,

Еске алады марқұмның ізгілігін,

Жақсылығын, əрине, көрген кісі.

Көнген адам өмірдің жарғысына,

Ие болар ел-жұрттың алғысына,

Қайтқан кісі жаман деп айтқан кісі

Ұшырайды туыстың қарғысына.

Жауызбен де жауласқан аталарым

Қайтқан кезде кешірген қаталарын,

«Жаны тыныш болсын деп жатқан жерде»,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет