2-тәжірибе. Жарықтың сыну заңын зерттеу Қажетті құрал жабдықтар: жарық көзі, бір саңылауы бар диафрагма, жартыцилиндрлік пластина, лимб, магниттер.
Тақтаға лимбіні орналастырып, оның центріне жартыцилиндрді бекітіңдер. Одан 15-20 см қашықтықта бір саңылауы бар диафрагмамен жабылған жарық көзін қойыңдар.
Ж артыцилиндрдің центріне жарық көзі оның жазықтығына перпендикуляр болатындай етіп орналастырыңдар. Бұл жағдайда сәуле бағытын өзгертпейді. Жарық сәулесін лимб бойымен бұра отырып, яғни түсу бұрышын өзгерте отырып, сыну бұрышының да өзгеретіндігін бақылаңдар. Түсу бұрышының және сыну бұрышының мәндерін кестеге жазыңдар. Жарықтың сыну заңының дұрыстығына көз жеткізіңдер. Яғни түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатуы керек және түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы тұрақты шама және екі ортаның салыстырмалы сыну көрсеткішіне тең болады.
формуласымен жартыцилиндрлік пластинаның абсолют сыну көрсеткішін есептеп, салыстырмалы қателікті табыңдар.
№
ε
Бақылау сұрақтары: Жарықтың шағылу және сыну заңдары.
Абсолют және салыстырмалы сыну көрсеткіштері.
Тәжірибелер бойынша қорытынды жасаңдар.
Зертханалық жұмыс №15:1-14 зертханалық жұмыстар бойынша рефлексиялық есеп беру.
8. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған нұсқаулықтар мен материалдар: үй тапсырмасының мәтіндік жинағы, әр тақырыпқа өзіндік бақылау материалдары, жұмыс түрлерін іске асыру бойынша тапсырмалар, рефераттар және т.б. (үй тапсырмалары орындау мерзімдерімен, бағалау және әдебиеттер және т.б. (әр тақырып үшін жеке көрсетіледі) 9. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2) 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Жарықтың табиғаты жайындағы ілімнің дамуы туралы
Толқындық теория бойынша жарықтың шағылуы және сынуы