1.3 Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың мүмкіндіктері Жаһандану жағдайында өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция әлеуметтік педагогика рөлінің белең алғанын көрсетеді.
Қоғамдық өмірдің рухани жаңғыруы Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік-қоғамдық тәрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
Білімді жетілдіру қызмет процесінде өз қабілетін түрлендіретін және танитын, белсенді субъект ретінде әлеуметтік педагогты түсіну мүмкін емес. Практика куәлік еткендей – заманауи талаптар деңгейінде болу үшін әлеуметтік педагогқа арнайы ұйымдастырылған дайындық жүйесінде жемісті жұмыс жасаудан басқа, өзімен үздіксіз жұмыс жасауы, кәсіби тұрғыда өзін жетілдіріп отыруы қажет. Демек, белгілі шарттардың болуы қажет, олар болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіптік өзін-өзі дамытуына септігін тигізеді.
Сырттан, мамандықтан және қоғамнан болатын, сондай-ақ іштен, өз қызығушылықтарынан, қажеттіліктерінен, мақсаттарынан, қабілеттерінен және мүмкіндіктерінен болатын, жаңа талаптардың әсерімен, болашақ әлеуметтік педагог жоо оқып жүрген кезде кәсіптік өзін-өзі дамытудың мәнін және маман үшін оның маңыздылығын түсіну қажет. Осымен байланысты «жоғары сүйіспешілікті әскелетін, өмірдің мәні мен бақытын құрайтын және өздігінен дамуға септігін тигізетін» олардың таңдаған мамандығын саналы және эмоциялық түрде қабылдау ерекше маңыздылыққа ие.
Болашақ әлеуеметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытуға арналған әдебиеттердің түрлі дереккөздерінің талдауы, бізге осы мүмкіндіктерін жатқызуға мүмкіндік береді:
кәсіби бағыттанушылық;
студенттердің жоо бейімделуі;
өздік жұмысы.
Болашақ әлеуметтік педагогті кәсіби өзін-өзі дамытуға мүмкіндіктерінің біріне оның кәсіби бағыттанушылығын жатқызуға болады.
Н.В. Кузьминаға сәйкес, тұлғалық бағыттанушылық – бұл маманның кәсіби өз бетімен білім алуының ең маңызды субъективті факторларының бірі.
Н.Р. Шаметовтың ойынша, тұрақты кәсіби бағыттанушылық – бұл маманға өз жұмысындағы қиындықтар мен кедергілерден өтуге көмектесетін маманға айналуға, маман болуға және маман болып қалуға ұмтылыс [73].
Н.В. Кузьмина педагогикалық мамандыққа қызуғышылық пен махаббатты, қызметтің осы түріндегі қиыншылықтарды ұғынуды, педагогикалық қызметке деген қажеттілікті, кәсіби өзін-өзі дамыту негіздерін игеруге ұмтылысты педагогикалық бағыттанушылық мәні деп түсінеді.
Кәсіби бағыттанушылық мәнін анағұрлым тар мағынасында түсіну бір мағыналылықпен және анықтамасын айқындаумен сипатталады. Бұл жағдайда бұндай бағыттанушылық бұл не болмаса өз қызметіңнің түріне деген оң көзқарас, (мысалы, Т.С. Деркачтың пікірінше [74]) немесе өз кәсіби қызметіңмен айналысуға бейімділік және даярлық (мысалы, Г.А. Томилованың пікірінше). Бірқатар авторлар кәсіби бағыттанушылық мәнін анықтауды жетекші уәжбен, үстемшіл қызығушылықпен байланыстырады (С.Х. Асадуллин, С.А. Зимичева, Е.М. Никиреев және т.б.).
Сірә, кәсіби бағыттанушылық Л.М. Митинаның жұмыстарында айрықша толық жазылған. Оның ойынша, педагогикалық қызмет саласында кәсіби өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға ұмтылыс педагогикалық бағыттанушылық көрсеткіші болып табылады [75]. Автор «жеке бағыттанушылық» түсінігін қайта қарастыру қажеттілігін көтеріп отыр. Оның ойынша адамның өзіне бағыттанушылығы соншалықты бір мәнді емес: «Жеке бағыттанушылық тек өзімшілдік, дарашылдық мәнге ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға және өз бетімен білім алуға ұмтылысқа ие».
Осылайша, болашақ әлеуметтік педагогтің кәсіби өзін-өзі дамытуы кәсіби бағыттанушылықсыз мүмкін болмайды деген қорытынды жасауға болады.
Тұлғаның кәсіби бағыттанушылығы саласындағы түрлі зерттеулерді зерделеу негізінде, сонымен қатар әлеуметтік педагогтің кәсіби қасиеттерін, оның білімін, дағдылары мен қабілеттерін ескере отырып, оның мәнін анықтайтын үш бағытты бөліп көрсетеміз:
әлеуметтік педагог мамандығына эмоциялық-құндылықты қатынас, берілген мамандықтың қыр-сырын нақтылы түрде көрсететін қызмет түрлерімен айналысуға бейімділік (С.А. Зимичева, Я.Л. Коломинский, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Г.А. Томилова және т.б.);
әлеуметтік педагог тұлғасының кәсіби-маңызды қасиеті немесе әлеуметтік-педагогикалық қабілеттер компоненті (А.А. Бодалев, Ф.Н. Гоноболин, А.Н. Леонтьев, В.П. Симонов, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және т.б.);
оқушылардың дамуын рефлексивті басқару (С.Г. Вершловский, Ю.Н. Кулюткин, А.Б. Орлов, Г.С. Сухобская, И.В. Фастовец және т.б.).
Кәсіби бағыттанушылық мәнін бейімділік деп түсінетін Л.М. Ахмедзянованың зерттеуі негізінде, болашақ әлеуметтік педагогтердің төмендегідей құрылымдық компоненттерін бөліп көрсете аламыз:
әлеуметтік-педагогикалық қызметке түйсікті түрде әуестік;
объектіні және оның қызмет мазмұнын жете түсіну;
әлеуметтік-педагогикалық қызметке бейімділік және онымен айналысуға ұмтылыс, сондай-ақ таңдап алған кәсібінің қажеттілігі.
Л.М. Ахмедзянова сияқты, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ең тиімді тұсын біз таңдап алынған кәсіпке деген қажеттілікпен байланыстырамыз. Болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби қызметінің құрылымдық компоненттеріне негізделе отырып, оның түрлерін де анықтауға болады:
1) шынайы әлеуметтік-педагогикалық;
2) формалды әлеуметтік-педагогикалық;
3) жалған әлеуметтік-педагогикалық [76].
Қызмет мазмұнына қызығушылық негізгі уәж болып табылатын бағыттанушылықтың тек бірінші түрі ғана И.В. Кузьминаның ойынша кәсіби қызмет түрінде жоғары нәтижелерге жетуге, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға және өзін-өзі дамытуға жағдай жасайды.
Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындаудың келесі міндеті, білім беру ортасымен тығыз байланысты, кейбір дереккөздерде жоо білім беру кеңістігінің құрамды бөліктерінің бірі ретінде түсіндіріледі,ал біз жоо студенттің ойдағыдай бейімделуін бөліп көрсетеміз. Аталмыш міндетті бөліп көрсету, бірінші курс студенттерінің бейімделу кезеңі олардың әріқарай оқуына тікелей әсер етеді, демек, әлеуметтік педагогтарды дайындаудың сапалық-сандық жағына, соның ішінде кәсіби өздігінен дамуына әсер етеді.