3.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелері
Заманауи қоғамда әлеуметтік іс-әрекет саласында маманның тұлғалық және кәсіби біліктеріне қойылатын талаптардың жоғарылау мен әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың ғылыми негізделген теориясының жоқтығы арасында; кәсіби өзін-өзі дамыту тұғырларының көп болуы мен әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың кәсіби тұғырларының болмауы арасында бірнеше қарама-қайшылық туындайды.
Аталмыш қарама- қайшылық аясында болашақ әлеуметтік педагогтарда кәсіби идеалды қалыптастыру мәселесі туындайды. Әлеуметтік педагог көмекке мұқтаж адамдарға педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қолдаулар көрсетеді, сондай-ақ тұлғаның қоршаған ортаға бейімделу процесінде әлеуметтік-мәдени жағдаяттарды шешуге ықпал етеді. Бұл тарауда біз, болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби идеалға ұмтылысын қарастырамыз.
Тұлғаның өзін-өзі дамытуы – өз кәсіби іс-әрекетінің нәтижелігін және кәсіби идеалға жету деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін өз білімдерін, сапаларын, дағдыларын, біліктер мен құзыреттіліктерін жетілдіруді қамтитын мақсатқа бағытталған, жоспарлы, саналы әрекет. Біз, егер білім алушы кәсіби міндеттерін шешу мен жоғары нәтижеге жетуге кәсіби мотивация деңгейі жоғары болса, сәйкесінше ол кәсіби өзін-өзі жетілдірумен айналысады деп болжаймыз және бұл өз кезегінде студенттерге кәсіби идеалды қалыптастыруға көмектеседі деп тұжырымдаймыз.
Қалыптастыру экспериментінің 1-кезеңінде «Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту» атты элективті курс бағдарламасы оқыту процесіне енгізілді (Элективті курс бағдарламасының мазмұны 3.2 қарастырылған).
Қалыптастыру эксперименті барысында алдыңғы тармақта құрастырылған сауалнама қайталап алынды және іріктелген әдістемелер:
1. «Мамандыққа құндылықты қатынас» сауалнамасы (Қосымша А);
2. «Адам-адам» мамандығы жүйесінде жұмыс істеуге икемділігін, әлеуметтік-педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған Е.А.Климованың тесті (Қосымша Ә);
3. Тұлғаның кәсіби бағдарлануын бағалауға арналған дифференциалды-диагностикалық сауалнама (Қосымша Б);
4. Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби мотивациясының өзін-өзі бағалауын анықтау әдістемесі (Қосымша В);
5. Өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін жүзеге асыру диагностикасы (Қосымша Г);
6. Өзін-өзі кәсіби дамытуға қабілетті бағалау (Қосымша Ғ);
7. Бақылау жұмысы (Қосымша Д).
Жалпы педагогикалық базада қалыптасып, әлеуметтік-педагогикалық даярлық құрамына еніп, әлеуметтік педагог іс-әрекетінің бір бағыты ретінде қарастырылатын әлеуметтік педагог кәсіби даярлығының тиімді нұсқасы болып табылады.
Жоғарға оқу орныныда болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту барысындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс негізінде жоғары мектеп педагогикалық үдерісінің қатысушылары оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынас диалогтық, субъектілі негізде құрылатын тұлғалық бағдарға сүйенетін гуманистік бағдарды басшылыққа аламыз.
Тәжірибелік-экспериментік жұмысымыздың мақсаты жоғары мектепте болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту жүйесінің әдістемесін өңдеу, сондай-ақ оның тәжірибеде тиімділігін анықтау болып табылады. Болашақ әлеуметтік педагогтармен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс өзара байланысқан үш кезең бойынша жүргізілді. Мақсатқа бағытталған даярлықты қамтамасыз ету үшін әрбір кезеңнің мақсаты мен міндеттері айқындалды.
Әрбір кезеңде даярлықтың бастапқы, аралық, қорытынды нәтижелері анықталып, болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту деңгейінің өзгеру нәтижелері беріліп отырылды.
Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамытуда «Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту негіздері» атты элективті курсы жүргізілген соң студенттерде кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптасу деңгейлері анықталды.
Мотивация әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің маңызды компоненті болып табылады. Оны адам іс-әрекетіне түрткі болатын ішкі және сыртқы қозғаушы күштердің жиынтығы ретінде қарастырамыз. Олай болса, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында қолданылған сауалнамалар, тренингтер, пікірталастар мен іскерлік ойындар жүргізуден соң болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби педагогикалық мотивациясының көрсеткіштері анықталды (16-кесте).
Кесте 16 – Болашақ әлеуметтік педагогтарда кәсіби педагогикалық мотивацияның көрсеткіштерінің тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден кейінгі деңгейі (%)
Кәсіби педагогикалық мотивацияның көрсеткіштері
|
Тәжірибеге дейін
|
Тәжірибеден кейін
|
бақылау тобы
|
эксперименттік топ
|
бақылау тобы
|
эксперименттік топ
|
деңгейлері
|
деңгейлері
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Кәсіби қажеттілік
|
43
|
46
|
11
|
47
|
47
|
6
|
44
|
47
|
9
|
50
|
46
|
4
|
Функционалдық қызығушылық
|
44,5
|
35,5
|
20
|
40
|
50,9
|
9,1
|
45
|
36
|
19
|
45
|
49
|
6
|
Кәсіби білімге құмарлығы
|
31
|
48
|
21
|
35
|
45
|
20
|
31
|
45
|
24
|
38
|
45
|
17
|
Жасанды қызығушылық
|
20
|
34
|
46
|
12
|
43
|
45
|
20
|
32
|
48
|
14
|
42
|
44
|
Эпизодтық құмарлық
|
34
|
37
|
29
|
12
|
49,8
|
38,2
|
33
|
37
|
30
|
8
|
50
|
42
|
Немқұрайлы қатынас
|
22
|
46
|
32
|
22
|
60
|
18
|
22
|
40
|
38
|
17
|
57
|
26
|
Орташа мәні
|
32,4
|
41,1
|
26,5
|
28
|
49,3
|
22,7
|
32,5
|
39,5
|
28
|
28,7
|
48,2
|
23,1
|
Ескертулер:
1. Ж – жоғары
2. О – орташа
3. Т – орташа
|
а
а – бақылау тобы
Сурет 10 – Болашақ әлеуметтік педагогтарда кәсіби педагогикалық мотивацияның көрсеткіштерінің тәжірибеге дейінгі деңгейі (%), парақ 1
Болашақ маманның кәсіби педагогикалық мотивациясы оның кәсібилігінің деңгейін, сәйкесінше білім беру саласында ұсынатын қызметтері атқаратын іс-әрекеттерінің сапасын анықтайды десек, жоғарыда 16-кестеде болашақ әлеуметтік педагогтардың тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден кейінгі алынған кәсіби педагогикалық көрсеткіштері сипатталды. Берілген 10, 11-суреттерден көріп отырғанымыздай, тәжірибеден кейін эксперименттік топ студенттерінде айтарлықтай кәсіби педагогикалық мотивация компоненттері көрсеткіштері деңгейінің жоғарылағынын байқауға болады.
ә
ә – эксперименттік топ
Сурет 10, парақ 2
а
ә
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ
Сурет 11 – Болашақ әлеуметтік педагогтарда кәсіби педагогикалық мотивацияның көрсеткіштерінің тәжірибеден кейінгі деңгейі (%)
Келесі 17-кестеде біз болашақ әлеуметтік педагогтардың коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерінің тәжірибеге дейін және тәжірибеден кейін алынған нәтижелерін ұсынамыз. Коммуникативтік қабілететтер тәжірибелік қарым-қатынас барысында қалыптасады және жетіледі. Ол болашақ әлеуметтік педагогтың басқа тұлғалардан ерекшелігін, яғни дербес психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды (12, 13-суреттер).
Кесте 17 – Болашақ әлеуметтік педагогтарда коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерінің тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден кейінгі деңгейі (%)
Кәсіби педагогикалық
мотивацияның көрсеткіштері
|
Тәжірибеге дейін
|
Тәжірибеден кейін
|
бақылау тобы
|
эксперименттік топ
|
бақылау тобы
|
эксперименттік топ
|
деңгейлері
|
деңгейлері
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Коммуник ативтік қабілеттері
|
29,4
|
45,1
|
25,5
|
31,4
|
49
|
19,6
|
30
|
46
|
24
|
33
|
50
|
17
|
Ұйымдастырушылық қабілеттері
|
31,6
|
41,2
|
27,2
|
23,6
|
37,2
|
39,2
|
32
|
41
|
27
|
25
|
43
|
32
|
Ескертулер:
1. Ж – жоғары
2. О – орташа
3. Т – төмен
|
а
ә
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ
Сурет 12 – Болашақ әлеуметтік педагогтарда коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерінің тәжірибеге дейінгі деңгейі (%)
а
ә
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ
Сурет 13 – Болашақ әлеуметтік педагогтарда коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерінің тәжірибеден кейінгі деңгейі (%)
Коммуникативтік қабілеттер іс-әрекет құрылымының ерекшеліктерін сипаттай отырып, келесідей бөліктерден тұрады: басқа адамдарды түсіну қабілеті; басқа адамдарға өз ойын түсіндіре алу; басқа адамдарға адекватты түрде әсер ете алу. Ал ұйымдастырушылық қабілеттерге өзіне деген сенімділік, күйзеліске төзімділік, креативтілік, жетістікке жетуге ұмтылу, жауапкершілік, тәуелсіздік секілді сапаларды жатқызамыз. Бұл қабілеттердің болашақ әлеуметтік педаготардың кәсіби идеалға жету жолында маңызы зор екенін алдыңғы бөлімдерде қарастырдық.
Сондай-ақ болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби идеалға жету үшін жан-жақты өзін-өзі дамытумен айналысудың рөлі айрықша. Өзін-өзі дамыту өзін-өзі жетілдірумен қатар жүреді. Өзін-өзі жетілдіру қандай да бір идеалға жету ұмтылысын сипаттайды. Төменде 18-кестеде өзін-өзі дамыту және кәсіби іс-әрекет деңгейін диагностикалаудың тәжірибеден кейінгі және тәжірибеге дейінгі нәтижелері беріледі (14, 15-суреттер).
Кесте 18 – Болашақ әлеуметтік педагогтардың өзін-өзі дамыту және кәсіби-педагогикалық іс-әрекет деңгейін диагностикалау көрсеткіштерінің тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден кейінгі деңгейі (%)
Өзін-өзі дамыту және кәсіби- педагогикалық іс-әрекет деңгейін диагностикалау
|
Тәжірибеге дейін
|
Тәжірибеден кейін
|
бақылау тобы
|
эксперименттік топ
|
бақылау тобы
|
эксперименттік топ
|
деңгейлері
|
деңгейлері
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Өзін-өзі дамытуға ұмтылыс
|
18
|
53
|
29
|
20
|
54,3
|
25,7
|
19
|
53
|
28
|
22
|
56
|
22
|
Тұлғалық сапаларын өзіндік бағалау
|
17,2
|
74,3
|
8,5
|
16
|
70
|
14
|
18
|
74
|
8
|
18
|
72
|
10
|
Педагогикалық қолдау жобасының бағасы
|
55
|
36
|
9
|
47
|
41
|
12
|
55
|
37
|
8
|
50
|
45
|
5
|
Ескертулер:
1. Ж – жоғары
2. О – орташа
3. Т – төмен
|
а
ә
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ
Сурет 14 – Болашақ әлеуметтік педагогтардың өзін-өзі дамыту және кәсіби- педагогикалық іс-әрекет деңгейін диагностикалау көрсеткіштерінің тәжірибеге дейінгі деңгейі (%)
а
ә
а – бақылау тобы; ә – эксперименттік топ
Сурет 15 – Болашақ әлеуметтік педагогтардың өзін-өзі дамыту және кәсіби- педагогикалық іс-әрекет деңгейін диагностикалау көрсеткіштерінің тәжірибеден кейінгі деңгейі (%)
15-суреттен көріп отырғанымыздай тәжірибеден кейін эксперименттік топ студенттерінде өзін-өзі дамытуға ұмтылыс, тұлғалық сапаларын өзіндік бағалау және педагогикалық қолдау жобасының бағасы көрсеткіштері біршама жоғарылады.
Осы зерттеулерді талдай келе, болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби мотивациясы мен кәсіби дамытудың арасындағы өзара байланысын келесідей көрсетуге болады (19-кесте).
Кесте 19 – Болашақ әлеуметтік педагогтарда кәсіби мотивация мен тұлғаның кәсіби дамытуының арасындағы өзара байланыс
Параметрлер
|
Кәсіби мотивация
|
Кәсіби дамыту
|
1
|
2
|
3
|
Құндылықтар
|
Іс-әрекетте басымдық танытатын моральдық-этикалық ұстанымдар жүйесі ретінде тұлғаның құндылық бағдарлары жүйесін дамыту және кеңейту.
|
Кәсіби іс-әрекетте басымдық танытатын моральдық- этикалық ұстанымдар жүйесі ретінде тұлғаның құндылық бағдарлары жүйесін дамыту
және кеңейту.
|
19-кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
Мақсат
|
Өзін-өзі жетілдіру мен жүзеге асыру үрдісінің дамуы.
|
Кәсіби іс-әрекетке жағымды мотивацияның дамуы және өз шеберлігі арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру.
|
Мен-тұжырымдама
|
Өзі туралы пікірдің дамуы мен тереңдеуі.
Позитивті Студенттің
Мен-тұжырымдасының адекватты қалыптасуы
|
Мен-тұжырымдамасының қалыптасуы қалыптасуы.
Адекватты кәсіби өзін-өзі бағалауының нығаюы
|
Жетістік
|
Ары қарайғы ішкі өсудің бағыттары мен жетістіктерін анықтау
|
Мансаптық өсу жолын және өзіндік кәсіби өмірбаянын
болжау
|
Міндеттер
|
Қоршаған орта құбылыстарының категорияға бөліну абстрактілі және жалпылай түсінуге қабілет ретінде когнитивті аймақты белсендіру. Өзіндік әрекетін,тұлғалық тәжірибесін талдау
|
Жаңа ақпараттардың негізінде кәсіби біліктерді, дағдыларды түзету, өз бетінше жетілдіру. Кәсіби іс-әрекетті, педагогика лық тәжірибені талдау
|
Енді, болашақ әлеуметтік педагогтарда кәсіби өзін-өзі дамытуға ұмтылыс факторы ретінде кәсіби мотивация мен кәсіби өзін-өзі дамыту деңгейінің өзара байланысын анықтауды жөн деп санаймыз. Біз, егер де білім алушылардың кәсіби мотивациясының деңгейі жоғары болса, онда оның кәсіби салада өзін-өзі дамыту деңгейі жоғарылайды, бұл сәйкесінше білім алушылардың кәсіби өзін-өзі ұмтылу факторының мүмкіндігін арттырады деген болжам жасаймыз.
Біз болжамымыздың растығын тексеру мақсатында корреляциялық зерттеу жүргіздік. әлеуметтік педагогтың кәсіби-педагогикалық мотивациясының деңгейі жоғары болса, онда ол оның өзін-өзі дамыту деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді, бұл сәйкесінше білім алушылардың кәсіби өзін-өзі дамытуға ұмтылу факторының мүмкіндігін арттырады деп пайымдаймыз. Зерттеу барысында кәсіби-педагогикалық мотивация деңгейі мен кәсіби маманның өзін-өзі дамыту деңгейі арасында оң корреляцияны көрсетті. Кәсіби мотивацияның өлшемдері ретінде кәсіби қажеттілік, функционалды қызығушылық, білуге құмарлық, жасанды қызығушылық, эпизодтық құмарлық, немқұрайлы қатынасты алдық, ал білім алушылардың кәсіби іс-әрекетін өзін-өзі дамыту деңгейін өзін-өзі дамытуға ұмтылу, өз қасиеттерін бағалау, педагогикалық қолдау жобасын бағалау деңгейлерін анықтау арқылы зерттеу жүргіздік. Нәтижелер төменде 20-кестеде берілді.
Кесте 20 – Кәсіби мотивация шкаласы мен кәсіби іс-әрекеттте өзін-өзі дамыту көрсеткіштерінің корреляция матрицасы (Пирсон)
Шкалалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Кәсіби қажеттілік
|
1
|
0,455**
|
0,380**
|
0,273**
|
0,357**
|
0,395**
|
0,704**
|
0,365**
|
0,326**
|
Функцио налдық қызығушылық
|
|
1
|
0,344**
|
|
0,380**
|
|
0,512**
|
0,441**
|
|
Білуге құмарлық
|
|
|
1
|
|
|
0,379**
|
0,413**
|
0,327**
|
|
Жасанды қызығушылық
|
|
|
|
1
|
0,464**
|
|
0,232*
|
0,272**
|
|
Эпизодтық
құмарлық
|
|
|
|
|
1
|
|
0,408**
|
0,274**
|
0,225*
|
Немқұрайлы қатынас
|
|
|
|
|
|
1
|
|
|
|
Кәсіби іс-әрекетін өзіндік дамыту
|
|
|
|
|
|
|
1
|
0,511**
|
0,399**
|
Өз қасиеттерін бағалау
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
0,328**
|
Педагогикалық қолдау жоба сын бағалау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
* – P<0,05, N=125
** – P<0,01
|
Rxy талдай келе, кәсіби мотивация мен өзін-өзі дамыту шкалалары көрсеткіштерінің арасында статистикалық мәндік байланыстың бар екені анықталды. Осылайша, кәсіби қажеттілік пен өзін-өзі дамытуға ұмтылу арасында 0,704** (p<0,01), функционалдық қызығушылық пен өзін-өзі дамытуға ұмтылу арасында 0,512** (p<0,01), білуге құмарлық және өзін-өзі дамытуға ұмтылу 0,413** (p<0,01), жасанды қызығушылық және өзін-өзі дамытуға ұмтылу 0,232* (p<0,05), эпизодтық құмарлық және өзін-өзі дамытуға ұмтылу арасында 0,408** (p<0,01) берік байланыстың бар екенін статистикалық әдістер дәлелдейді.
Кәсіби қажеттілік, білуге құмарлық, жасанды қызығушылық, эпизодтық құмарлық тұлғаның өзін-өзі дамытумен, өз кәсібінің қыр-сырын меңгеруге, өз кәсібі бойынша жетістіктерге жетіп, табысты маман болуға ұмтылу факторын арттырады. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген кесте 1 ден кәсіби қажеттілік пен өз қасиеттерін бағалау арасында 0,365** (p<0,01), функционалдық қызығушылық пен өз қасиеттерін бағалау арасында 0,441** (p<0,01), білуге құмарлық және өз қасиеттерін бағалау арасында 0,327** (p<0,01), жасанды қызығушылық және өз қасиеттерін бағалау арасында 0,272** (p<0,01), эпизодтық құмарлық және өз қасиеттерін бағалау арасында 0,274** (p<0,01) байланыс бар екенін байқаймыз.
Тұлғаның өз бойындағы тұлғалық және кәсіби қасиеттерін рационалды түрде бағалай білуі өзінің тұлғалық және кәсіби әлеуетінің деңгейін анықтап, оның кәсіби мақсаты жолында қажетті кәсіби қасиеттерді игеруге жол ашады. Оған қоса, кәсіби қажеттілік пен педагогикалық қолдау жобасын бағалау арасында 0,326** (p<0,01) және эпизодтық құмарлық мен педагогикалық қолдау жобасын бағалау 0,225* (p<0,05) бір-бірімен өзара байланысады. Өзін-өзі жүзеге асыруды жалпылай қарастыратын болсақ, өз бойындағы қасиеттерді толықтай пайдаланып, қоғамда белгілі орынға ие болу; адам дамуының жоғарғы деңгейі. Кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру өз бойындағы кәсіби маңызды қасиеттерді анықтап, кәсіби жолында өз бетінше дұрыс шешім қабылдап, кәсіби мансап жолында жоғарылау деп тұжырым жасауға болады. Кәсіби қажеттіліктер, қызығушылықтар мен әуесқойлық деңгейлерінің жоғары болуы өзін-өзі дамыту, өзіндік тұлғалық және кәсіби қасиеттерге өзіндік баға беру, өзін-өзі жүзеге асыруда табысқа жетудің кепілі болып табылады, бұл өз кезегінде тұлғаның кәсіби өзін-өзі дамытуға ұмтылу факторын арттырады деген болжамды растайды.
Сәйкесінше, зерттеу барысында алынған мәліметтер кәсіби-педагогикалық мотивация мен кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік дамытудың өлшемдері бойынша өзара байланыс бар деген болжамды растайтын корреляциялық қатынасты көрсетті. Кәсіби-педагогикалық мотивация мен кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік дамыту арасындағы өзіндік байланыс бар деген болжамымыз 0,01, 0,05 дәрежесімен расталды. Олардың арасындағы оң тәуелділік кәсіби-педагогикалық мотивация деңгейі жоғары болған сайын, кәсіби-педагогикалық өзін-өзі дамытумен айналысу қабілеттілігі жоғары болады деп болжам жасауға мүмкіндік, бұл өз кезегінде студенттерге кәсіби идеалды қалыптастыруға көмектеседі. Жүргізілген зерттеу кәсіби қажеттілік деңгейін дамыту, функционалдық қызуғушылық, білуге құмарлық жне жасанды қызығушылық, өз-өзін дамытуға ұмтылу мен өз қасиеттерін бағалау арасындағы оң корреляцияны көрсетті. Кәсіби мотивация шкалаларының өзін- өзі дамыту, өз-өзін бағалау мен өз-өзін жүзеге асыру шкалаларына әсер ету деңгейі анықталды. Егер студенттерде кәсіби қажеттілік пен қызғушылық деңгейі жоғары болса, онда оларда кәсіби өзін-өзі дамытумен айналысу мүмкіндігі артады және ол кәсіби өзін-өзі дамтыуға ұмтылу мен қалыптастыруға жағдай туғызады. Осы шкалалар саны жоғары болған сыналушылар кәсіби іс-әрекетті қызығушылықтары мен күштерін жұмылдырып орындайды, қиын жағдаяттарда тез шешім қабылдайды, өз-өзін дамытумен айналысады, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне баға береді, өзін-өзі жүзеге асырумен айналысуға қабілетті. Олар педагогикалық әрекетте өздерінің кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыратын іс-әрекет түрлерін іздейді. Кәсіби қажеттілік пен өзін-өзі дамытуға ұмтылу (0,704**), функционалды қызығушылық пен өз қасиеттерін бағалау (0,441**) (степень достоверности 0,01) арасында оң байланыс анықталды. Бұл байланысқа сүйене отырып кәсіби қажеттіліктер деңгейі жоғарылаған сайын өз-өзін дамытумен айналысуға және кәсіби идеалға ұмтылу мүмкіндігі артады деген тұжырым жасаймыз.
Жоғарыда жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып болашақ әлеуметтік педагогтар келесідей негізгі құрауыштар негізінде кәсіби өзін-өзі дамыту деңгейіне жетеді деп тұжырымдаймыз:
кәсіби қажеттіліктің жоғары деңгейі;
функционалдық қызығушылықтың болуы;
кәсіби білімге құмарлықтың дамуы;
тұлғалық-кәсіби дамуға қатынас;
тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамытуға ынталылық;
өзін-өзі дамытуға ықпал ететін тұлғалық және кәсіби сапаларға өзіндік бағалай білу;
кәсіби өзін-өзі жетілдірумен айналысу қабілеті.
Біз кәсіби мотивация мен кәсіби өзін-өзі дамытуға қызығушылық таныту деңгейін диагностикалау негізінде, сондай-ақ мотивацияның бағыттылық ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби идеалға апарар жолын құрастыруға болады деп тұжырым жасаймыз.
Кәсіби мотивация және кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік дамыту – кәсіби идеалдың маңызды компоненттері болып табылады. Біз жүргізген теориялық және эмпирикалық зерттеулер осы компоненттердің арасында байланыс бар екенін дәлелдейді және де олар білімгерлердің кәсіби өсуіне және кәсіби өзін –өзі дамытуға жетуге ықпал етеді деп көрсетеді. Біз болашақ әлеуметтік педагогтар кәсіби өзін-өзі дамыту арқылы кәсіби жетістіктерге жетеді деп тұжырымдаймыз. Бұл өз кезегінде, кадрларды даярлау сапасының деңгейін арттырады және мамандардың жұмыс жасау аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Үшінші тарауды қорытындылай келе, негізінде, әлеуметтік-пeдaгогтық ic- әpeкeттepдiң жиынтығы әpқaшaн оpтaлықтaнyды, бaғыттaнyды көpceтeдi жәнe, кepiciншe, пeдaгогтың icкepлiгі оның жeкe тұлғacын дa, cонымeн бipгe ic- әpeкeтiн жәнe оқyшылapмeн өзapa әpeкeттecyiн дe көpceтeдi. Кәciби өзін-өзі дамытуды зepттeyдiң әpтүpлi ұcтaнымдapын тeоpиялық тұpғыдaн тaлдay кәciби өзін-өзі дамыту ic- әpeкeттep жacayғa дeгeн cұpaныc, бeлгiлi бiлiм қоpының болyы жәнe пpaктикaлық icкepлiктepдi мeңгepy секілді үш құрамдас бөліктен тұрады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Зepттeлiп отыpғaн құбылыс құpылымының бipнeшe түpлepiн тaлдaй кeлe, бiз болaшaқ әлеуметтік педагогтың инновaциялық пeдaгогикaлық идeялapды жүзeгe acыpyғa кәciби дaяpлығы бойыншa C.E. Цapeвa жacaп шығapғaн құpылымға сүйенеміз. Бұл құpылымды ғaлым «дaяpлық» = «тiлeк бiлдipy» + «бiлiм» + «бiлiктiлiк» дeгeн нeмece «дaйынмын» = «тiлeймiн» + «бiлeмiн» + «icтeй aлaмын» дeгeн фоpмyлaмeн aнықтaйды. Бұл фоpмyлa кәciби өзін-өзі дамытудың үш acпeктiн көpceтeдi: ынтaлaндыpyшылық acпeкт, нeмece жeкe тұлғaлық; aқпapaттық жәнe ic- әpeкeттiк acпeкт. Бұл ұcтaнымды бiз болaшaқ әлеуметтік-пeдaгогтapдың әpтүpлi білім беру мeкeмeлepiндe жұмыc жacayлapының өз құpылымын құpacтыpып шығapy үшiн нeгiз eтiп aлуға болады деген ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |