Имашева турсынай бахытжановна



бет25/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
imasheva-t-b-povtor-phd-s-sp

1-тақырып. Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың теориялық-әдiснaмaлық негiздерi.
Курстың ерекшелігі, оның өзектілігі және педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Пән, міндеттері, әдістері, мәселелері. Негізгі категориялар. Адам туралы қазіргі заманғы гуманитарлық антропологиялық білімнің теориялық-әдіснамалық ережелері, сондай-ақ әлеуметтік педагогтың тұлғалық-кәсіби дамуы мен өзін-өзі дамытуының заңдылықтарын, жағдайлары мен факторларын түсінуді кеңейтетін таным тәсілдері мен зерттеулердің ғылыми нәтижелері.
2-тақырып. Отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі кәсіби-тұлғалық өзін-өзі дамыту түсінігі.
Қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту мәселелері. Э. Гинцберг теориясы. Сьюпердің «мансаптық жетілу» тұжырымдамасы. Д. Холландтың типологиялық теориясы. Т.В. Кудрявцевтің кәсіби қалыптасу концепциясы. Л.М. Митинаның кәсіби даму теориясы.
3-тақырып. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби өзіндік дамуының мәні
Жеке тұлға, жеке тұлға түсініктердің мәні. Әлеуметтік педагогтың интегралдық даралдылық құрылымының кәсіби-маңызды қасиеттері. «Мен» құрылымы-тұжырымдамалар. Өзін-өзі тану бағыттары мен тәсілдері.
4-тақырып. Әлеуметтік педагог кәсіби өзін-өзі дамыту субъектісі ретінде
Әлеуметтік педагогтің субъектілік қасиеттері. Кәсіби болашақты жобалау әлеуметтік педагогтың өзін-өзі кәсіби дамыту және өзін-өзі анықтау механизмі ретінде. Биографиялық рефлексия әлеуметтік педагогтың кәсіби қалыптасу ресурсы ретінде
5-тақырып. Кәсіби өзін-өзі дамыту үдеріс, қызмет, жүйе ретінде
Психикалық генезис түрлері: тозу, бейімделу, қалыптастыру, өзін-өзі дамыту. Кәсіби еңбек моделі: бейімделу моделі, кәсіби даму моделі. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық кәсіби даму кезеңдері. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуының құрылымдық компоненттері. Кәсіби өзін-өзі дамыту кезеңдері.
6-тақырып. Тұлғаның өзін-өзі тануы әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту шарты ретінде.
Жеке тұлға, даралық түсініктердің мәні. Әлеуметтік педагогтың интегралдық даралдылық құрылымындағы кәсіби-маңызды қасиеттер. «Мен» құрылымы-тұжырымдамалар. Өзін-өзі тану бағыттары мен тәсілдері.
«Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту» курсы бойынша семинар сабақтар
1 сабақ. Қоғамның барлық өмірі мен қызметін ізгілендіру жағдайында тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі.
Сабақтың мақсаты: қоғам дамуының қазіргі кезеңінде тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселелерінің өзектілігін анықтау; педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту мәнісі мен компоненттерін қарастыру; кәсіби өзін-өзі дамыту мәселесіне өзінің көзқарасын анықтау.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Тұлғаның кәсіби өзін-өзі дамыту мәселелерінің өзектілігі.
2. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамуының мәні мен құрылымдық компоненттері.
Практикалық сабақтар:
1. «Мен неге әлеуметтік педагог мамандығын таңдадым?»
2. «Мен өмір сүремін ....», «Мен оқимын себебі...».
2 сабақ. Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту кезеңдері. Сабақтың мақсаты: әлеуметтік педагогтың еңбек моделін және кәсіби өзін-өзі дамыту кезеңдерін қарастыру; кәсіби өзін-өзі дамыту үдерісінде педагогтардың типтік қиындықтарын зерттеу; өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті дамытуға ықпал ету, шығармашылық қызметке деген ынтасын қалыптастыру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Әлеуметтік педагогтың еңбек моделі (бейімделу моделі, тұлғалық-кәсіби даму моделі).
2. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық-кәсіби даму кезеңдері.
3. Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту кезеңдері.
4. Әлеуметтік педагогтардың жеке тұлғаны реттеу саласындағы қиындықтары.
5. Көп деңгейлі педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби өсу мүмкіндіктері.
Практикалық сабақтар:
1. Эмблема (символ) суретін салу. Өзінің болашақ мамандығы және өзінің өмірлік және кәсіби ұстанымы ұранын ойлау.
2. «Мен неге университетте оқимын?» сауалнамасының сұрақтарына жауап беру.
3 сабақ. Әлеуметтік педагог тұлғасын сомдау жолдары мен тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: тұлғаның өзін-өзі тану жолдары мен тәсілдерін қарастыру; педагогтың интегралды даралығының психологиялық құрылымын зерттеу.; іскерліктерін өзін-өзі бағалау, өзін диагностикадан өткізу, өздерінің жеке мүмкіндіктерін, қалыптастыру, позитивті «Мен»-тұжырымдамасы.
Талқылауға арналған сұрақтар:.
1. «Мен» ұғымының мәні-тұжырымдама.
2. Әлеуметтік педагогтің интегралдық даралдылық құрылымындағы кәсіби маңызды қасиеттер.
3. Педагог тұлғасын өзін-өзі тану бағыттары мен тәсілдері.
Практикалық тапсырмалар:
1. Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:
– Менің кім? (жеке тұлғаның бестен онға дейінгі сипаттамасы);
– Мен не қалаймын? (бес-он өмірлік мақсаттарға дейін).
2. «Мен болашақ әлеуметтік педагог ретінде жеке тұлға туралы не білемін» тақырыбына шағын шығарма жазу.
4 сабақ. Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеу технологиясын меңгеру: кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту; кәсіби өзін-өзі дамытуды жоспарлаудағы дербестік пен бастамашылдықты қалыптастыру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәні.
2. Әлеуметтік педагог тұлғасына қойылатын талаптар.
3. Әлеуметтік педагогтің профессиограммасы.
4. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің құралдары мен тәсілдері.
5. Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту бағдарламасы.
6. Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесін ынталандыратын факторлар.
Практикалық тапсырмалар:
1. Ұсынылған әдебиеттен көрнекті адамдардың бірінің өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын жазып алу. Өзін-өзі тәрбиелеудің таңдалған бағдарламасын мына схема бойынша талдау: өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты (тұлғаның қандай сапасымен өзін-өзі тәрбиелегісі келді, осы мақсаттың қандай бағыты болды); мақсатқа жету үшін автор қандай құралдарды таңдады; мақсатқа жету үшін өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесін ара қатынасы.
2. Жеке тұлғалық кәсіби даму бағдарламасын құрастыру.
5 Сабақ. Жұмысын жаңа бастаған жас әлеуметтік педагогтың ғылыми еңбегін ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: әлеуметтік педагог еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының негізгі бағыттарын қарастыру, әлеуметтік педагог еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының әдістері мен тәсілдерін зерттеу, педагогикалық ахуалдың өзгермелі жағдайларына бейімделу, жеке ерекшеліктерін түзету дағдыларын дамыту.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. «Кәсіби бейімделу» ұғымының мәні.
2. Студенттерді ЖОО оқуға бейімдеу критерийлері.
3. Әлеуметтік педагогтың еңбегін ғылыми ұйымдастыру.
4. Жұмысын жаңа бастаған жас маманның кәсіби өздігінен дамуындағы қиындықтар.
Практикалық тапсырмалар.
Педагогтың, студенттің еңбегін ғылыми ұйымдастыру аспектілерінің бірі бойынша баяндама (реферат) дайындау (өз уақытын дұрыс пайдалану, гигиена, ақыл-ой еңбегі, оқу еңбегін ұйымдастыру, жылдам конспектілеу және т. б.)
6 сабақ. Әлеуметтік педагогтардың педагогикалық көзқарастары, білімі мен біліктерінің жеке жүйесін қалыптастырудың әлеуметтік-белсенді формалары.
Сабақтың мақсаты: педагогикалық іскерлікті және жеке мүмкіндіктерді дамытудың белсенді түрлерімен таныстыру, кәсіби сомдау мен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
Сабақ барысы: сабақ оқытушының таңдауына келесі форманың бірінде өткізіледі: білім беру тренингі, педагогикалық студия, ғылыми-практикалық конференция.
Практикалық тапсырмалар:
1. Кәсіби шеберлігін жетілдіру қызметі мен кәсіби педагог тұлғасының әлеуметтік-белсенді оқыту формасы (әлеуметтік педагогтардың, педагогикалық тренинг, педагогикалық студия, іскерлік ойындар және т.б.) туралы педагогикалық ақпарат дайындау.
2. Әлеуметтік педагогтың кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту үшін ұсынылған әдебиеттен жаттығулар (10 жаттығу) таңдау.
Сонымен қатар элективті курс бағдарламасында студенттерге арналған семинар сабақтарының тақырыптары мен СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары және ұсынылатын міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады. Элективті курсты жүргізу барысында жоғарыдағы тақырыптардың мазмұны толық ашып көрсетіледі және студенттердің болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытуына мүмкіндік туғызылады.
Элективті курстың күнтізбелік жоспарындағы тақырыптар бойынша дәрістер оқытылып, практикалық сабақтар жүргізілді. Осы курсты меңгеруде басты орында ғылыми әдебиеттегі мәліметтерді өңдеп, курс тақырыптары бойынша арнайы зерттеу 110 жұмыстарымен (монографиялар, мақалалар) танысып, зерттеу мәселесіне байланысты шетелдік ғалымдарының зерттеу жұмыстарын қарастыруы тиіс. Сабақты өту барысында компьютерлік техника, оқу-әдістемелік және қосымша оқу құралдары қолданылады.
Студент өз білімін пән бойынша ауызша сұрақ – жауап арқылы тапсырады. Болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамыту әдістемесін жасауда маман дайындаудың дәстүрлі әдістемесін жетілдіру заңдылық. Аталған элективті курс бойынша білімді мегеру барысында оқыту процесінде мына әдістер кеңінен қолданылды: оқытудың хабарламалық-дамытушы (әңгіме, түсіндіру, педагогикалық әдебиеттермен өз бетіндік жұмыс, білім беру бағдарламалармен өз бетімен жұмыс), проблемалық-ізденіс (оқу материалын проблемалық баяндау, эвристикалық әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы, кіші топтарда студенттердің ұжымдық ойлау іс-әрекеті), репродуктивті (оқу материалын мазмұндау, үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау) және шығармашылық-репродуктивті (педагогикалық тақырыптарға шығарма, эссе жазу, кроссвордтар құрастыру, педагогикалық жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу), семинарда талқылау, реферат даярлау, жоспар құру, рөлдік және имитациялық, іскерлік ойындар, топтық жұмыс, «аквариум», жұптық жұмыс, пікірталас, тренингтер. Сонымен қатар оқу процесіндегі қойылған мақсаттың икемділігі және оған жетудегі әдістердің студенттердің қызығушылығына, мамандықтың ерекшелігіне сай таңдалуы, педагогикалық процестің субъект-субъект қатынасында құрылуы, сапаны қалыптастыруда нәтижеге жетудің алғышарттары ретінде, студентке тек білімді меңгертіп қана қоймай, рефлексивтік тәжірибені жинауға, болашақ мамандығына қажетті құзыреттіліктерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Мұндай жағдайда студент ізденіп, алға қойған мақсатқа жетудің амалдары мен тәсілдерін таңдайды, оның орындалуын және нәтижесін бақылайды, өзін-өзі дамытады. ЖОО қабырғасында алған білімі мен дағдысын, тәжірибесін болашақта кәсіби іс-әрекетінде қолданады. Бұл идеяны жүзеге асыруда болашақ маман ретінде студенттің ЖОО-дағы оқу және оқудан тыс жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру маңызды рөл атқарады.
Бұл элективті курс студенттерге одан әрі кәсіби қызмет үшін кәсіби мәдениетті меңгеру, оларды маман ретінде қалыптастыру қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді; өзінің кәсіби дамуына көрсетуге көмектеседі және оны қалыптастырудың алғашқы кезеңдерінде түзетуге мүмкіндік береді.
«Болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытудың негіздері» атты элективті курсын келесідей кезеңдер арқылы ашты.
Олар:
– мазмұнды-әрекетттік;
– диагностикалық;
– бағалау-нәтижелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет