Имашева турсынай бахытжановна



бет28/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
imasheva-t-b-povtor-phd-s-sp

ҚОРЫТЫНДЫ

Өзін-өзі дамыту тұлғаның мінсіз бейнесін «толықтыру» мақсатында адамгершілік қасиеттерін, интелектуалдық және әлеуметтік мүмкіндіктерін, физикалық, психикалық және рухани күшін саналы, сапалы және қайтарымсыз өзгерту процесі ретінде анықталады. Өзін-өзі дамыту – тұлғаның ішкі «Мен» көрінісіне және нақты әлеуметтік сұранысқа сәйкес жеке тәжірибесі мен рухани-адамгершілік күштерін байыту ретінде үздіксіз өзін-өзі өзгертуі бойынша тәуелсіз, біртұтас, құндылыққа бағдарланған қызмет процесі. Яғни, өзін-өзі дамыту дегеніміз адамның өзін өзгертуге және өзгеріс құралдарын игеруге ұмтылуы; «өзіндік процестерден» кейін жүретін ерекше процесс.


Кәсіби өзін-өзі дамыту проблемасының негізгі идеясы – адамның қызметте дамуын анықтау идеясы, сондықтанда адам көп зерттеулерде мамандыққа сәйкестігі мен қызметтегі жетістігіне байланысты зерттеледі. Кәсіби өзін-өзі дамыту тұлғалық даму мен кәсіби дамудың бірігуінде ғана мүмкін болады.
Кәсіби өзін-өзі дамытудың мазмұнды сипаттамасы: кәсіби өзін-өзі тану, өзін кәсіби маман ретінде қабылдау; тұрақты өзін-өзі анықтау; Кәсіби қабілетін өзіндік дамыту; өзін-өзі жобалау, қызметтік өсу стратегиясын өзі қалыптастыру, кәсіби қызметін қалыптастыру, жүзеге асыру және т.б.
Кәсіби өзін-өзі дамытудың түрлі концепцияларын талдау нәтижесінде оның мәнін анықтау үшін біз екі тәсілді бөліп алдық. Бірінші тәсіл жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуына байланысты, ал екінші тәсіл адамның кәсіби қызметтің жүйесіне енуін меңзейді. Бұл тәсілдерді кәсіби өзін-өзі дамытуға тұлғаның ерекшелігі мен әлеуметтік-мәдени ортаның бір-біріне өзара әсер етуіне, процесс кезеңдеріне, тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы біріктіреді.
Осылайша, кәсіби өзін-өзі дамыту деп озық тәжірибелер мен өзіндік жеке қызметті түсінуге көмектесетін және өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіру құралы болып табылатын кәсіптік қызметтің жеке стилін қалыптастыруға септігін тигізетін көп компонентті тұлғалық және кәсіби маңызды процесті түсінеміз.
Тәжірибеден байқағанымыздай қазіргі заманғы сұраныс деңгейінде болу үшін әлеуметтік педагог үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Тиісінше әлеуметтік педагог үшін кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру дайындалудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамытуы 3 кезеңмен жүзеге асырылады:
– бірінші – ұйғарымды – студенттердің кәсіби ниеттерінің, өзін-өзі дамытуы мен кәсіби-педагогикалық бағдарының қалыптасуы туралы білім жүйесінің қалыптастыруынан тұрады;
– екінші – орындаушылық (тікелей кәсіби дайындық). Оның мақсаты студенттерге жаңа іс-қимыл тәртібін үйрету;
– үшінші кезең – бақылаушы-түзетуші – студенттердің жаңа іс-қимыл тәртібін меңгеруі және бекітуі.
Кәсіби өзін-өзі дамытудың негізгі сатыларына кәсіптік дайындықты, кәсіптік қызмет пен кәсіптік жетілуді жатқызуға болады. Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту кезеңдеріне: мамандыққа бейімделу; әлеуметтік педагогтың қызметті маңыздандыруы; өз қызметін еркін меңгеру жатады.
Кәсіби өзін-өзі дамыту мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу негізінде келесі зертеуге маңызды жағдайлар анықталды: әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту процесі өмір бойына жалғасады; әрбір кәсіптік қызмет кәсіптік маңызды қасиеттердің белгілі бір жиынтығын талап ететін өз ерекшеліктері бар; кәсіби өзін-өзі дамыту үшін болашақ қызметті жеке қабылдау қажет; кәсіби өзін-өзі дамыту процесін сырттан да, студенттің өзіндік дамуымен де жүргізуге болады.
Адамның қатысуынсыз, оның ұмтылысынсыз болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың жоғарғы деңгейі мен кәсіби дайындығында жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Осыған орай, болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытуға тиімді дайындаудың ішкі жағдайларына тұлғаның кәсіби бағытталуын, студенттің кәсіптік қызметке және өздігінен білім алуға дайындығын жатқызамыз.
Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындығын қалыптастыру критерийлері:
1) мотивациялық-мақсатты компонент бойынша – тұлғаның кәсіптік бағдары (көрсеткіш: кәсіби өзін-өзі дамытуға қажеттілік);
2) мазмұнды-операциялық бойынша – кәсіби өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру қабілеті (көрсеткіштер: кәсіби өзін-өзі дамыту саласындағы білім деңгейі; кәсіптік білім мен дағдыларға қажеттілік; кәсіби өзін-өзі дамытуды жобалау мен жүзеге асыру қабілеті);
3) рефлексивті компонет бойынша – рефлексивті дағдылардың дамуы (көрсеткіштер: мақсатты кәсіби өзін-өзі дамыту процесінде өз әрекеттерін бағалай білу қасиеті; кәсіби өзін-өзі дамытуда түзетулерді жүзеге асыра алу қасиеті).
Белгіленген критерийлер мен көрсеткіштердің негізінде болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындығының келесі деңгейлері анықталды: жоғарғы, орташа және төмен.
Аксиологиялық, кәсіптік, контекстік және жүйелік тәсілдердің негізінде студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындығының авторлық бағдарламасы дәлелденді, оған келесі компоненттер енді: мақсаттық компонент (кәсіптік қызметтің жеке стилінің қалыптасуына мүмкіндік беретін және өзін-өзі тану және өзін-өзі кәсіби жетілдіру құралы болып табылатын студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуы), мазмұнды компонент (болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамытуының негізінде жатқан кәсіби білім жүйесін қалыптастыру), ұйымдастырушылық-қызметтік компонент (студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындығының деңгейін көтеруге бағытталған нысандар, әдістер және құралдар) және диагностикалық компонент (студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындығының деңгейін өлшеуге және авторлық бағдарламаны қолдану нәтижесінде сол деңгейдің өсуін көрсетуге мүмкіндік беретін диагностикалық кешен).
Зерттеу қарастырылып отырған мәселені толық қамтымайды. Бұдан арғы зерттеулер қарастырылған бағдарламаның жеке компоненттерінің терең дамуына байланысты болуы мүмкін. Кәсіби өзін-өзі дамытуды педагогикалық қолдау жүйесін құру кәсіптік білім берудің түрлі деңгейлерінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет