Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: «Кәсіби өзіін-өзі дамыту» ұғымының мәнін айқындайтын философиялық теориялар; өзін-өзі қалыптасу теориясының жалпы психологиялық немесе тұлғалық ғылыми, адамды субъект, тұлға, индивид ретінде қарастыратын философиялық және педагогикалық-антропологиялық маңызды тұжырымдар, тұлғаны қарым-қатынас субъектісі және жоғары құндылық ретінде, оның іс-әрекетінің мәні жөніндегі жүйелі түсініктер; сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік нормативтік құжФаттар кешені құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: 1) болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың теориялық негіздері әдіснамалық тұрғыдан айқындалды;
2) болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың педагогикалық шарттары анықталды;
3) болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері анықталды.
4) болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың әдістемелік кешені жасалып оның тиімділігі тексерілді және әдістемелік ұсыныстар дайындалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби өзін-өзі дамытудың әдістемелік кешені құрастырылды және тәжірибе жүзінде оның тиімділігі тексерілді:
1. «Болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамыту негіздері» атты элективті курс дайындалды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар: – кәсіби өзін-өзі дамыту – «даму», «өзін-өзі дамыту», «өзін-өзі жетілдіру», «Мен – кәсіби маман» ұғымдары арқылы сиптатталады;
– болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту: кәсіби өзін-өзі дамытуға сәйкес білім беру ортасын құру – теориялық білім беру; алынған білімді тәжірибемен ұштастыру; оқудан тыс іс-әрекеттер негізіндегі педагогикалық шарттармен нақтыланады;
– болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі: мотивациялық-мақсатты, мазмұнды-операциялық, рефлексивті компоненттер бірлігінде және нақты көрсеткіштермен мен өлшемдері, деңгейлер арқылы сипатталады;
– «Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту» элективті курстың тиімділігін тәжірибелік- эксперименттік жұмыстың нәтижелері негізінде тексеру.