Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезең (2017-2018) – зерттелу мәселесі бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, отандық, алыс және жақын шет елдердегі озық тәжірибелері жинақталып, қорытындыланды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы құрастырылып, әлеуметтік педагогтардың өзін-өзі кәсіби дамыту мәселесіне арналған ғылыми еңбектер мен әдебиеттер зерделенді.
Екінші кезең (2018-2019) –болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту үдерісіне қатысушыларының өзара әрекеттесуінде жеке тұлғаға бағытталған әдіснамалық тұғырлар, отандық және алыс, жақын шетелдік ғалымдардың психологиялық-педагогикалық идеялары сараланды. Эмпирикалық материалдар жинақталып, ғылыми дәйектер қорытындыланды, студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытудың теориялық негіздері айқындалды, зерттеудің негізгі идеялары мен нәтижелері тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізіліп, тексеруден өткізілді.
Үшінші кезеңде (2019-2020) –болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуға арналған әдістемелік кешен: элективті курс бағдарламалары дайындалып оларды жүзеге асыру әдістемесі мен технологиясы таңдалып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесі қорытындыланды, тәжірбеге ендірілді, диссертациялық зерттеудің рәсімделуі жүзеге асырылды.
Зерттеудің базасы:Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мамандығының студенттерімен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы мен жүзеге асырылуы: Зepттeу мaтepиaлдapы бoйыншa 9 ғылыми eңбeк жapиялaнды, coның iшiндe Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұcынған журналдарда – 3, Scopus aқпapaттық бaзacына кіретін процентилі 25-тен кем емес журналда – 1; xaлықapaлық кoнфepeнция жинақтарында – 5, соның ішінде: шeтeлдiк кoнфepeнция мaтepиaлындaрында – 3, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында – 2, және 1 элективті курс жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы:диссертация кіріспеден, 3 бөлімнең, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.