Зерттеудің мақсаты: болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытуды педагогикалық шарттары айқындалып және оны жүзеге асырудың әдістемелік кешенін әзірлеу.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс. Зерттеу пәні: болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер жоғарғы оқу орныныда болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың теориялық негіздері айқындалып, әдістемесі жасалса, онда бәсекеге қабілетті қоғам талабына сәйкес болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту процесінің тиімділігі артады, өйткені жоғары оқу орындарында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту процесі бүгінгі қоғам талаптарына сәйкес келеді
Зерттеудің міндеттері: – болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың теориялық-әдіснамалық тұрғыда нақтылау;
– болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың педагогикалық шарттарын құру;
– болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, өлшемдері мен көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;
– болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту атты элективті курс дайындау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеру, ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында қойылған міндеттерді жүзеге асыруда теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, социологиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, қорытындылау, салыстыру, рефлексияны дамытудың отандық тәжірибелерін жинақтау, зерттеу және талқылап қорытындылау, зерттеу мәселесіне қатысты құжаттарды зерттеу және талдау); эмпирикалық (сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, тест, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, педагогикалық диагностика, педагогикалық моделдеу); статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу) әдістер қолданылды.
Зерттеудің жетекші идеясы:болашақ әлеуметтік педагогтарға арналған теориялық идеялар мен әдістемелік кешен олардың жеке тұлғалық, кәсіби өзін-өзі дамытуға ықпал етеді.