Лекция 2. Топтық динамика. Топтық терапевт тұлғасына қойылатын талаптар
Топтық динамика сипаттамасына келесілер жатады: топтың мақсаты және міндеті; топтың ережелері, құрылымы, топтық рөлдер және көшбасшы мәселесі, топтағы қысым, бұрынғы эмоциялық тәжірибені жетілдіру, кіші топтардың қалыптасуы, психотерапиялық топтың даму фазалары.
1. Психотерапиялық топтың мақсаты: әрбір қатысушының мәселесін қарастыру, оларға өзінің күйін өзгертуге және түсінуге көмектеседі, адекватты әлеуметтік бейімделуіне қол жеткізе отырып пациенттің ақырындап әлсіз үйренуін өзгерту; адамдармен тиімді және үйлесімді қарым-қатынас жасаудың негізі ретінде интерперсональды және топтық процесстердің заңдылықтары жайлы ақпарат беру; тұлғаның даму процессін жеке өзіндік және рухани әлеуетінің өсуі мағынасында қолдау; ауырушаңдылық белгілері мен симптомдарын жою.
2. Топтың нормалары – бұл оған қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар мен іс-әрекеттерін реттейтін ережелер мен талаптар, іс-әрекет «стандарттарының» жиынтығы. Топтық нормалар топта не істеуге болатынын, болмайтынын ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін анықтайды. Нормалар топ дамуының барысында өзгерістерге ұшырауы мүмкін, әсіресе, жаң күрделі топтық жағдайлар туындаған кезде, бірақ, оларды келісімдеусіз ұйымдасқан белсенділік бола алмайды.
3. Топ құрылымы, топтық рөлдер және көшбасшылық мәселелері. Топ құрылымы бір уақытта формальды және формальды емес болады. Шиндлер (Schindler R., 1957) ең жиі кездесетін төрт топтық рөлді сипттаған болатын. Альфа – көш басшы, топқа жағымды, топты белсенділікке тартады, бағдарлама құрады, бғыттап, оған сенімділік пен шешімділік береді. Бета – топқа қажетті немесе топ жоғары бағалайтын арнайы білімі, біліктілігі, қабілеті бар сараптамашы. Гамма — көбіне пассивті топтың өзінің анонимділігін сақтап қалуға тырысатын оңай бейімделгіш мүшелері; олардың көпшілігі альфалармен теңестіріледі. Омега — топтың ең «шеткі» мүшесі ол қабілетсіздік, басқалардан өзгешелігінің немесе үрей салдарынан ұжымнан қалып қояды. Психотерапевтикалық топта сондай-ақ, басқада рөлдер кездеседі.
4. Топтық ұйымшылдық топтың оның мүшелері үшін тартымдылығы, топқа қатысу қажеттілігі және ортақ мәселелерді шешуде ынтымақтасу ретінде және индивидтердің бір-біріне өзара ұмтылуы түсініледі. Топтық ұйымшылдық топтық психотерапияның әсерлілігі мен тиімділігінің қажетті шарты болып табылады.
5. Топтық шиеленушілік топқа қатысушылардың күткендері шынайы топтық жағдайға тура келмеуіне, жеке бастық ынталануларының, өз қажеттіліктерін, қалауларын, орындарын, топтың басқа мүшелерімен қойылымдарын, сырқатты мәселелер мен уайымдарға қарай шамалай білу қажеттілігімен байланысты туындайды. Шиеленіс агрессивтіліктен, ызақорлықтн, шамданушылықтан, ұнатпаудан, үрейден көрінуі мүмкін. Дегенмен топтағы шиеленіс топ мүшелерін белсенділікке, өзгерістерге итермелейтін позитивті рөл ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |