«Индивидуалды және топтық психотерапия» қысқаша курсының лекциялары 1 Лекция. Психотерапия психологиялық көмектің формасы ретінде Психотерапия — — «психикаға және психика арқылы емдік әсер ету жүйесі— адам организміне»


Лекция 4. Т-топтар. Негізгі мақсаттар, процедуралар, техникалар, жаттығулар



бет4/9
Дата26.04.2023
өлшемі47,81 Kb.
#86999
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция каз

Лекция 4. Т-топтар. Негізгі мақсаттар, процедуралар, техникалар, жаттығулар

Тренингтің алғашқы топтары (Т-топтар) 1946 ж. Курт Левинмен оның әріптестері топ қатысушыларының өздерінің топтық уайымдарын талдаудың пайдалылығын байқағаннан кейін құрылған болатын. Зертханалық тренинг шағын топтарда болатын тұлғааралық біліктерін дмыту мен ондағы процесстерді зерттеуге бағытталған оқыту әдістерінің кең спектрін ұсынады. Сензитивті топтар атауын алған кейбір Т-топтар жекелеген қатысушылардың тұлғасын жан жақты дмыту мақсатын қоюы мүмкін.


Т-топтар қозғалысынд жататын құндылықтар: мінезқұлықтық және қоғамдық ғылымдарға бағытталуын, авторитарлыққа қарсы демократиялық процесстерді, өзара көмек қатынастарын қалыптастыру қабілетін қамтиды. Т-топтармен байланысты негізгі ұғымдар: оқыту зертханасы, қалай оқу керектігіне оқыту, «осында және қазір» принципі. Оқыту зертханасы мінезқұлықтың жаңа түрлерін қауіпсіз ортада байқап көруге зейінін шоғырландырады. Қалай оқу керектігіне оқыту келесі циклден: өзінұсыну – кері байланыс – эксперимент жасау. Кері байланыс «Джогари терезесі» мысалында ашылады - Т-топтар әдіснамасындағы ең маңызды ұғым.
Т-топтың жетекшісі (тренер) топ қатысушыларына олардың мінез-құлықтарын жән е қарым қатынастарын зерттеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуді сеніп тапсырады. Т-топпен ұқсастығы бар тэвистоктік шағын оқу тобы индивидуалды мінез құлықтар топта болып жатқан процестерді көрсетеді дегеннен шығады. Тэвистокстік жетекшінің рөлі Т-топ жетекшісінің рөліне қарағанда пассивті. Т-топ сондай ақ қатысушыларға белсенді тыңдау, конфронтация, мінез құлықты сипаттау, сезімдер туралы хабарлама сияқты өзіндік ерекше коммуникативті біліктерді дамытуға көмектеседі. Кейбір Т-топтар топ мүшелерінің өзіндік ерекше мақсаттарына жету үшін құрылымдық ыңғай пайдаланылы.
Т-топтарды зерттеуде екі облысты бөліп алуға болады: топтық процессті зерттеу және соңғы тиімділікті бағалау. Ұзақуақыт зерттеу жүргізу қажеттілігі бар, атап айтсақ топтық тәжірибесінің нәтижелерін шынайылыққа көшіруді зерттеу үшін , мысалы жанұялық топқа. Т-топтар бүтіндей топтардың тнымалдылығының өсуіне ықпал етті және психологиялық ұғымдармен танысуды кеңейтті. Олар қоғам мүшелерінің тұлға дамуына және сондай ақ тұлғааралық қатынастардың шынайылығына деген өсіп отырған қызығушылығының бір бөлігі болып отыр. Соңғы кезде Т-топтар өз зейінін өзіндік ерекше біліктерді дмытуға аударды және басқада бағыттардың техникасын енгізе бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет