Лекция 6. Психодрама. Негізгі мақсаттары, процедуралар, техникалар.
Психодраманың негізін Якоб Леви Морено қалады, ол топтық психотерапияның негізін салушылардың бірі, драматикалық әдістерді тұлғалық мәселелерді, армандарды, қорқыныштарды, қиялдарды зерттеудің тәсілі ретінде қолданды. Психодрама Вена қаласында Морено бастаған, «спонтанды театр» атанған театрлық эксперимент нәтижесінде пайда болды.
Рөлдік ойын– психодрамадағы негізгі түсініктердің бірі. Театрдан айырмашылығы, психодрамада қатысушы реалды өмірдегі импровизацияланған рөлді ойнайды. Келесі түсінік – спонтандылық – Морено бұл түсінікті балалардың ойынын бақылау негізінде бөліп көрсетті. Оның ойынша, спонтандылық – шығармашылыққа есікті ашуға мүмкіндік беретін кілт. «Теле» түсінігі психодраманың барлық қатысушыларының арасындағы екіжақты эмоциялар ағымын сипаттайды. Катарсис, немесе эмоциялық босаңсу – психодрамада актерде туындайтын соңғы нәтиже – инсайтөа жету.
Психодрамадағы негізгі рөлдер – продюсер, терапевт және аналитик болатын режиссер, протагонист, "Мен " және аудитория. Психодрама қыздырудан басталады, протагонист қойылымды ұйымдастыратын әрекет фазасына өтеді және уайымдау кезінде туындайтын психодрамаллық әрекет барлық топпен талқыланатын одан әрі талқылау фазасымен аяқталады.
Психодрамада «қазір және осында» принципі жұмыс жасайды. Бұл ыңғай емдікте және тұлғалық дамуда өз септігін тигізеді.
Лекция 7. Денеге бағытталған психотерапия
Денеге бағытталған психотерапияға Фельденкрайс әдісі биоэнергетика, Александер әдісі құрылымдық интеграция, біріншілік терапия және тағы да басқа топтық ыңғайлар жатады.
Денеге бағытталған психотерапияның негізгі түсініктері В. Райхтың шәкірті Александр Лоуэнмен енгізілген. Ол биоэнергетиканың негізін қалаушы.
Дене терапия топтары сезімдерді шығару және энергия ағымын кеңейтуге арналған демалу жаттығуларын пайдаланады. Ширақтылық мәселесі Лоуэннің аркасы сияқты қысымдалған позаны пайдалану арқылы диагностикаланады. Қозғалыс жаттығулары, мысалы, сілкіну, қарапайым сезімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Көптеген дене терапевтері шаршауды басуға физикалық контакті, массажды қолданады.
Фельденкрайс әдісі денеде шоғырланады және ең жақсы дағдыларды, «мен» образы мен өзіндік сананы дамытады.
Александер әдісі адекватты психикалық бағдарларды мадақтау жолымен өзгертуге және арқа мен әдеттегі дене жағдайларын зерттеуге бағытталған. Рольфинг деп аталатын құрылымдық интеграция – дене функцияларының қайта құрылымы мен бұлшықеттік фасциялардың өзгеруіне тікелей манипуляцияның қолдануы. Артуром Янов жасаған біріншілік терапия балалық шақта жабылып қалған қарапайым сезімдерді «сергітуге» бағытталған. Яновтың әсері көп болды, бірақ, даму теориясы мен шамасыз шағымдары үшін сынға ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: |