6. Бұрынғы эмоциялық тәжірибені актуализациялау (проекция).
7. Топтың ішінде шағын топтарды қалыпртастыру және олардың іс-әрекетке әсері. Топтарда шағын топтарды құру тенденциясы айтарлықтай жиі байқалады. Топтың ішіндегі шағын топтар белгілі бір принциптерге (жастық, жыныстық, интеллектуальдық және басқада) сәйкес пайда болады және ол психотерапевтік топтың іс-әрекетіне әсер етеді.
8. Психотерапевтикалық топтың даму фазалары ең алдымен, топқа қатысушылар арасындағы өзара әрекеттесу мен өзара қарым-қатынастың басым типтерінің топтық интеракцияның негізгі типімен ауысуымен анықталады.
Тиімді терапевт тұлғсын M.S.Corey және G.Corey (1987) айтрлықтай сипаттауға тырысты. Бұл; батылдық, топ қатысушылары үшін үлгі болу, топта эмоциялық қатысу, ашықтық, агрессияны қабылдай білуі, жеке күші, жаңа тәжірибеге ұмтылуы, әзіл оспақты түсіне білуі, тапқырлық, өзіндіктаным.
Лекция 3. Белсенді тыңдау әдістері. Белсенді тыңдау дағдыларын дамыту тренингі
Белсенді тыңдау төмендегілер үшін қажет:
— әңгімелесушіге зейініңді көрсету, оның айтқандарының мазмұнын түсіну;
— айтылғанды дұрыс түсінгендігін тексеру;
— айтушыға өз ойын жеткізуге көмектесу.
Белсенді тыңдау тәсілдері (вербальды және вербальды емес):
Белсенді тыңдаудың 1 тәсілі. Мадақтау, мақұлдау, әңгімелесушіні белсенділендіру.
o Сөйлеу тактісіне бас изеу, көзбен көз түйісуі.
o Иә... дұрыс... осылай...
o Бұл қызық екен...
o Түсінікті...
Белсенді тыңдау 2 тәсіл. Анықтау — қосымша, дәлірек түсінік беруді сұрау.
Егер қосмағыналы, көпмәнді, түсініксіз, сәттер болса оларды анықтау үшін сұрақтар қойылады:
Белсенді тыңдау 3 тәсіл. Қайталау — әңгімелесушінің сөздерін сөзбе-сөз қайталау.
Белсенді тыңдау 4 тәсіл. Қайтафразалау — әңгімелесушінің ойларын өз сөздеріңмен қайталау:
o Мен сізді түсінуім бойынша...
o Сіз осылай деп есептейсізбе...
o Егер мен қателессем мені түзетіңіз, бірақ мен ... екенін түсіндім.
o Басқа сөзбен айтқанда...
o Мен сізді дұрыс түсіндім ба – сіз ... деп айттыңыз?
o Сұрау ырғағымен қайталау
o Сіз...деп ойлйсыз ба
o Яғни..келісуге ...болады
o Яғни...
Белсенді тыңдау 5 тәсіл. Әңгімелесушінің ойының дамуы — сөздердің ішкі мәтінін қайталау, сөздердің шынайы мағынасын табу.
Белсенді тыңдау 6 тәсіл. Әңгімелесушінің сезімдерінің көрінуі — басқаның сөздерін қалай түсінгендігі жайлы сөздер:
o Сіз өзіңізді біртүрлі сезініп тұрған сияқтысыз...;
o Сіз уайымдап тұрған сияқтысыз...;
o Сырт көзге сіз өте)...;
o Менде...ой қалыптасты
o Сізді бұл нәрсе қатты толғандырып жіберген сияқты!
Белсенді тыңдау 7 тәсіл. Сезімдерді бөлісу, бірге уайымдау.
o Мен сіздің орныңызда болсам мен де өзімді солай сезінер едім
o Иә, сіздің эмоцияларыңызды түсінемін...
o Мен де бұған байланысты өзімді сенімді сезінемін...
Белсенді тыңдау 8 тәсіл. Жалпылау, қорытынды (резюме).
o Сонымен, сіз былай дедіңіз...
o біз әңгімеден кейін мынандай нәрсеге келдік...
o Егер айтылғанды қорытындылайтын болсақ...
o Естігеннің бәрінен меніңі түсінгенім...
Достарыңызбен бөлісу: |