Қыздық пердесінің атрезиясы. Гематометра. Біріншілік жалған аменорея.+
157. Пациент кесар тілігі операциясынан кейін ішінің ауырсынуына, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды, желі шықпайды, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Дәрігер тактикасы:
А. жедел лапаротомия, инфекция ошағын алу, құрсақ қуысын санациялау мен дренаждау
В. 2-3 тәулік бойы консервативті ем
С. консервативті ем 18-24 сағат бойы, нәтижесіз болса – лапаротомия, инфекция ошағын алу, құрсақ қуысын дренаждау
D. құрсақ қуысын лапароскопиялық санациялау
Е. лапаротомия, консервативті ем барысында+
158. Ұрық алдыңғы жауырынның төменгі бұрышына дейін туылды, әрі қарай 2 минут ішінде жылжуы жоқ. Дәрігердің іс-әрекеті?
Бұлшықетке 10 ӘБ окситоцин енгізу
Перинеотомия жасау
Мориса-Левре-Лашапель қол әдісін қолдану +
Цовьянов әдісімен босануды жүргізу
Пудендальды анестезия жасау
159. Қайталап босанушы 26 жаста, күні жеткен жүктілікпен, жамбаспен келуі, босанудың II кезеңі 1 сағат жалғасуда. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты. Ұрықтың болжам салмағы 3800,0 грамм. Ұрық құйрықтары кіші жамбас кіре берісіне бекіген. Тактикаңыз?
К/т 5 ӘБ окситоцинмен босануды күшейту
Шап тұсынан ұстап шығару операциясы
Кесір тілігі операциямен аяқтау+
Спазмолитиктер енгізу
Босанушы мен ұрықтың жағдайын бағалауын жалғастыру
160. 25 жастағы қайталап босанушыда босанудың ІІ кезеңі 60 минут жалғасуда. 10 минутта 4 күшену 50-55 сек. Ұрықтың жүрек соғысы 148-152 рет минутына. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрықтың басы кіші жамбас кіре берісіне бекіген. Сагиттальды жігі оң қиғаш өлшемде. Ұрық басының конфигурациясы. Диагноз:
Ұрық басының алдыңғы төбемен қоңдырылуы
Ұрық басының артқы төбемен қоңдырылуы
Босанудың ІІ кезеңінің әлсіздігі
Жамбас-бас диспропорциясы +
Ұрықтың дистрессі
161. Алғаш босанушы 34 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта, жамбас өлшемдері: 24-26-29-18 см, ұрықтың болжамды салмағы 4000,0, анамнезінде бедеулік 10 жыл бойы. Босану қызметі жоқ. Дәрігер тактикасы:
Шұғыл кесар тілігі
Босануды консервативті жүргізу
Жоспарлы түрде кесар тілігі+
Босануды консервативті жүргізу, партограмма бойынша қатаң бақылау және жүргізу
E . Акушерлік қысқыштар салу
162. Дәрігер қабылдауына 20 жастағы алғаш босанушы әйел жүктілік бойынша келді. Сыртқы акушерлік зерттеу кезінде анықталды: жамбас өлшемдері 23-25-29-18 см. Жамбастың тарылу дәрежесін анықтаңыз:
көлденең тарылған II дәрежелі тарылу
қарапайым жалпақ жамбас III дәрежелі тарылу
біркелкі тарылған жамбас I дәрежелі тарылу+
жалпақ рахиттік I дәрежелі тарылу
біркелкітарылған жамбас II дәрежелі тарылу
163. 16 жастағы жүкті әйел босану үйіне босануды шешу туралы түсті. Жүктілік бірінші, асқынусыз өтті. Жүктілік мерзімі 41-42 апта. Объективті: ұрықтың болжамды салмағы 4200,0, жамбас өлшемдері 23-26-29-18 см, ұрық басымен келуі. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды "жатыр мойны жетілмеген". Мүйіске саусақ жетпейді. Диагноз:
Мерзімінен бұрын босану. Босанудың IIкезеңі. Ірі ұрық
Мерзімді жүктілік. Көлденең тарылған II дәрежелі тарылу
Жүктілік 41-42 апта. Біркелкітарылған жамбас I дәрежелі. Ірі ұрық. Жас алғаш босанушы+
Жүктілік 41-42 апта. Көлденең тарылған II дәрежелі тарылу. Ірі ұрық. Жас алғаш босанушы
Мерзімінен бұрын босану. Біркелкітарылған жамбас I дәрежелі. Ірі ұрық. Жас алғаш босанушы
164. Босану палатасында 25 жастағы босанушы әйел жатыр, жүктілігі – екінші, мерзімі 38-39 апта. Семіздіктің III дәрежесі. Жамбас өлшемдері: 25-27-30-20, ұрықтың болжамды салмағы 3500,0. Күшену 25-30 секундтан, 1 минут сайын, күші әлсіз. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті, минутына 136 соғыс. Қынаптық зерттеу: жатыр анқасының ашылуы толық, ұрық басы жамбас түбінде. Ұрық маңы қапшығы бар, қараған кезде ашық түсті, қалыпты көлемде қағанақ маны суы кетті. Диагноз:
жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Қағанақ маңы суының кеш кетуі. III дәрежесі семіздік
жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Күшенудің әлсіздігі. III дәрежесі семіздік +
жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезенінің соңы. Босану қызыметінің екіншілік әлсіздігі. III дәрежесі семіздік
жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Үлкен жастағы алғаш босанушы. Ірі ұрық
жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Босану қызметінің біріншілік әлсіздігі
165. Босанушы К. 25 жаста, перзентханаға мерзіміне жеткен жүктілікпен және ретті босану әрекетімен түсті. Жамбас өлшемдері 25-28-31-18,5 см. Толғақ әрбір 2 мин сайын 45-50 секундтан, қатты, ауырсынумен, күшеюмен бірге жүреді. Толғақ арасында жатыр босансымайды. Босанушы мазасыздыққа, ішінің төменгі жағының ауырсуына шағымданады. Жатырдың төменгі сегменті созылған, сипағанда ауырады. Кантракционды сақина кіндік деңгейінде анықталады. Вастен белгісіз оң мәнде. Диагноз:
жүктілік 40 аптаға. Қарапайым жалпақ жамбасты 1-ші дәрежелі. Басталған жатыр жыртылуы. Босанудың 2-ші кезеңі
жүктілік 40 апта. Босанудың екінші кезеңі жатыр жыртылу қаупі. Жай жалпақ жамбас бірінші дәрежелі клиникалық тар жамбас. +
жүктілік 40 апта. Босанудың екінші кезеңі клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылған.
жүктілік 38 апта. Босанудың 1-ші кезеңі. Клиникалық тар жамбас жыртылған жатыр
жүктілік 38 апта босанудың 1-ші кезеңі. Жатыр жыртылуы қаупі жай жалпақ жамбас 1-ші дәрежелі клиникалық тар жамбас
166. Алғаш босанушы, 22 жаста, 4 сағат бойы босануда. Мерзімі жеткен жүктілік, жамбас өлшемдері 25-28-31-21см. Ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 120 рет, анық, ырғақты. Толғақтар 5-6 минут сайын, 40 секундтан, күші орташа. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 3см. Қағанақ суы кетпеген. Сагиталды жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Диагнозын анықтаңыз?
Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, белсенді фаза.+
Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, I позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, латентті фаза.
Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы.
Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі.
Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы. 1 позиция, артқы түрі. Босанудың I кезеңі, белсенді фаза.
167. 23 жаста алғашқы босанушы, 12 сағат ретті толғақтар. Акушерлік зерттеуде: ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы нашарламаған. Ұрықтың болжамды салмағы 3100,0 грамм. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы 5 см, қағанақ қабы бүтін. Цервикограмма шара қолдану сызығына келді. Осы сатыда сіздің іс-әрекетіңіз?
5 ӘБ окситоцинмен босануды күшейту
Амниотомия жасау+
Бақылауды жалғастыру
Босануды кесар тілігімен аяқтау
Көк тамырға аскобин қышқылымен глюкозаны егу
168. 28 жастағы алғаш босанушы, босанудың екінші кезеңі 40 минут бойына жалғасуда, күшенуі әлсіз, басы үлкен сегментімен кіші жамбасқа кіре берісте, қынаптық зерттеу кезінде қондырылуы дұрыс, тар жамбас жоқ. Ұрық жағдайы жақсы. Не істеу керек:
окситоцин енгізу+
акушерлік қысқыштар салу
вакуум экстракция қолдану
кесар тілігін жасау
перинеотомия жасау
169. Келесі босану биомеханизмі баспен жатудың қай түріне жатады: кіші жамбасқа кіре берісте басы иілген, кіші жамбас қуысында бастың ішкі бұрылысы жүріп, шүйдесімен артқа қарайды, бастың қосымша иілуі, бастың жазылуы:
төбемен
маңдаймен
бетпен
шүйдемен жатудың алдыңғы түрі
шүйдемен жатудың артқы түрі+
170. 20 жастағы алғаш босанушы, гистерограммада жиырылу төменгі сегменттен басталады. Диагнозы қандай:
қалыпты босану қызметі
дискоординирленген босану қызметі+
босанудың 1 кезеңінде босану қызметінің әлсіздігі
шамадан тыс босану қызметі
босанудың 1 кезеңіндегі екіншілік әлсіздік
171. Босану бөліміне әйел мынадай диагнозбен түсті: Жүктіліктің 38 аптасы + 0 күн. Босанудың І кезеңі. Плацентаның орталық орналасуы. Қан кету. Геморрагиялық шоктың І дәрежесі. Көп босанған. Жәй жалпақ жамбас. Ұрықтың антенаталді асфиксиясы. Сіздің ең ықтимал тактикаңыз қандай?
Босануды консервативті жүргізу. 2 көк тамырды катетеризациялап, инфузионды терапияны бастау.
Босануды ұрықбұзушы операциямен аяқтау. Қанның орнын басатын сұйықтарды құю.
Босануды консервативті жүргізуді бастау. Қан кету күшейген жағдайда босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау.
Босануды кесар тілігі операциясымен шұғыл түрде аяқтау. Инфузионды терапия.+
Окситоцинмен босануды күшейтуді бастау. Босануды табиғи жолмен жүргізу. 2 көк тамырды катетеризациялап, инфузионды терапияны бастау.
172. Әйел, мерзімді жүктілігімен 7 сағат бойы босануда, толғақтары әрбір 3-4 минут сайын 30-35 секундтан. Анамнезінде: үшінші жүктілігі, алдыңғы екі жүктілігі медициналық түсікпен аяқталған, соңғысы эндометритпен асқынған. Жыныс жолдарынан аздап қан кету басталғанына шағымдана бастады. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыр мойны жазылған, ашылуы 7-8 см, ұрық қапшығы бүтін, сол жақ шетінде борпылдақ тін анықталады. Сіздің тактикаңыз қандай?
амниотомия жасап, босануды табиғи жолмен жалғастыру +
амниотомия жасап, босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау
босануды консервативті жүргізу
амниотомия жасап, акушерлік қысқыштар салу
окситоцинмен босануды күшейту
173. 30 жастағы босанған әйелде бала жолдасы шыққаннан кейін 20 минуттан соң босану жолдарынан қан кету басталды. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Жалпы қан кету 200,0 мл. Дәрігер тактикасы:
босану жолдарын айнамен қарау+
жатыр қуысын қолмен тексеру
бимануалді компрессия
жатырдың қынап үсті ампутациясы
жатыр экстирпациясы
174. Қайталап босанушы әйел күні жетілген жүктілікпен ішінің ауырсынуына, бас айналуына және жыныс жолдарынан 100 мл қан кетуге шағымданып келіп түсті, босану қызметі жоқ. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, бетінде, аяғында ісік бар. АҚҚ 95/60 мм. с.б., тамыр соғуы 96 рет/мин., әлсіз. Жатыр күні жетілген жүктілікке сәйкес ұлғайған, керілген, пальпация кезінде кіндік тұсында локальды ауырсыну анықталады. Ұрықтың жүрек соғуы естілмейді. Диагноз және дәрігердің тактикасы:
Қалыпты орналасқан ұрықжолдасының уақытынан бұрын ажырауы, амниотомия жасап, босануды окситоцинмен қоздыру
Қалыпты орналасқан ұрықжолдасының уақытынан бұрын ажырауы, геморрагиялық шок, шұғыл түрде кесар тілігі операциясымен босандыру+
Босану ізашары. Бақылауды жалғастыру.
Қалыпты орналасқан ұрықжолдасының уақытынан бұрын ажырауы. Амниотомия жасау, гемотрансфузия
Жатыр жыртылуы. Шұғыл түрде лапаротомия
175. Науқас М., 20 жаста, клиникаға жүктіліктің 16 аптасында, ентігумен, ұрықтың созылмалы гипоксиясымен келіп түсті. Тексеру барысында Айерс синдромы (бірінші ретті өкпелік гипертензия), декомпенсация сатысындағы созылмалы өкпе текті жүрек, қан-айналым жеткіліксіздігінің ІІ сатысы анықталған. Қарағанда: пульсі минутына 68 рет, АҚ 100/60 мм. сын. бағ. Келесі күні науқастың жағдайы нашарлап, тыныштықта ентігу, жалпы әлсіздік, еріндерінің көгеруі пайда болды. Сіздің науқасты әрі қарай жүргізудегі тактикаңыз қандай болады?
науқасты қалыпты жүктілер сияқты әрі қарай бақылау
стационар жағдайында жүктілікті жасанды жолмен тоқтату+
науқасты барокамерада арнайы емдеу, жасанды жолмен туғызу
стационар жағдайында арнайы терапия жүргізу арқылы науқасты бақылау
науқасты амбулаторлы емдеп, уақыты келгенде жасанды жолмен туғызу
176. Жатыр мойнының скрининг-диагностикасы:
тазалық дәрежесіне жұғынды
онкоцитологияға жұғынды
пап-тест+
жатыр мойнын айнымен қарау
бимануальді тексеру
177. Гистологиялық дәлелдеме жасау үшін биопсияға материалды қай жерден алады?
патологиялық ошақ аймағынан
патологиялық ошақтан 2-3см ары
патологиялық ошаққа тигізбей
өзгерген тінмен сау тін арасынан+++
дұрыс жауап жоқ
178. Эндометрий қатерлі ісігінің негізгі симптомы:
іштің көлемінің ұлғаюы
жатырдан қан кету+++
қалыпты етеккір циклі
интоксикация
арықтау
179. Жатыр мойнының қатерлі ісігінің радикальды отасы:
Жатыр мойны ампутациясы
Қосалқыларынсыз жатыр экстирпациясы
Вертгейм бойынша жатырдың қосалқыларымен кеңейтілген экстирпациясы++++
Мықындық лимфаденэктомия
Жатыр мойны конизациясы
180. 30 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнында: ІІІ жүктілік 30-31 апта. Артериалды гипертензия. Асқынған акушерлік анамнез диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі артериалды қысымның көтерілуімен, ісікпен асқынған. Осы жүкті әйел қандай қауіп тобына кіреді?
Босағаннан кейінгі септикалық аурулар
Мерзімінен асып босану
Анемия
Бүйрек жетіспеушілігі
Преэклампсия+++
181. Әйел 38 жаста, 8-9 апталық жүктілік мерзімінде әйелдер кеңесіне алғашқы рет қаралды. Шағымдары жоқ. Анамнезінде: қан қысымының жоғарылауы 10 жылдан бері байқалады, әсіресе психоэмоционалдық стрестер кезінде, бұл ауруы жөнінде диспансерлік есепте тұрмайды. Жүктілік алғашқы. Қарау кезінде: дене бітімі гиперстеникалық, АҚ 180/100 мм с.б.б., пульсі минутына 88 соққы, аускультативті – жүрек тондары ырғақты, аорта үстінде II тонның акценті естіледі. Емдеудің қолайлы түрі қайсы?
Энапты көктамырға егу
Магний сульфатын көктамырға егу
Нифедипин тіл астына +++
Вагустық тәсілдер
Көктамырға лазиксті егу
182. Әйелдер кеңесіне 15-16 апталық жүктілігі бар әйел кезекті түрде диастолалық қан қысымы 90 мм с.б.б дейін және одан да жоғары жоғарлауына шағымданып келді. Дәрігердің ең дұрыс тактикасы:
Жағдайын бақылау
Стационарға жатқызу++
Гипотензивті дәрілер тағайындау++
Магнезиальді терапия тағайындау
Жүктілікті үзу
183. Рита, 22 жаста. Жүктіліктің гестациялық мерзімі 36 апта. Денсаулығы жағынан шағымы жоқ. Аяқтарында мардымсыз сусіңділену бар. Артериялық қан қысымы 150/100 мм.сын.бағ. Зәріндегі ақуыздың құрамы – 0,1 г/л. Рита ұрықтың қозғалысын жақсы сезінеді. Жатыр түбінің биіктігі 34 см. Болжамды диагноз:
Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
Жүктілікпен шақырылған сусіңділену протеинуриямен бірге
Преэклампсияның ауыр дәрежесі
Жүктілікпен шақырылған гипертензия+++
Жүктілікпен шақырылған гипертензия протеинуриямен бірге
184. ЖДА дәрігер акушер-гинеколог қабылдауына жүктіліктің 32 аптасындағы әйел келді. Шағымдары басының ауыруына, жүрек айнуына, бір рет құсу болған. АҚҚ 160/110 мм рт ст. Ұрық жүрек соғуы ырғақты, минутына 136 рет. Зәрінде – ақуыз 0,66 г/л. ҚР ДСМ № 239 бұйрығы бойынша жүкті әйелді жүргізу тактикасы:
емді қажет етпейді, тек қана мұқият бақылау
амбулаторлы бақылау, егер жүкті әйел өз жағдайын бағалай алса және дәрігер ұсынысын орындаса
сульфат магний мен гипотензивті емді бастау
III деңгейлі мекемеге бағыттау
жағдайын қалпына келтіргеннен кейін жедел жәрдем көлігімен III деңгейлі мекемеге бағыттау +++
185. 32 жастағы науқас босанғаннан кейінгі 3-тәулікте ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, қалтырауға, бас ауруына, дене қызуының 39 градусқа жоғарлауына шағымданады. Босану кезінде ұрықжолдасының жартылай бекуіне байланысты бала жолдасын қолмен бөлу және шығарып алу жүргізілген. Анамнезінде бір босану және екі медициналық түсік, созылмалы пиелонефит. Сүт бездері – шамалы дөрекіленген. Сіздің диагнозыңыз:
Жедел респираторлы ауру
Мастит
Эндометрит+++
Созылмалы пиелонефриттің өршуі
Лохиометра
186. Босанушы 28 жаста, дене салмағы 3900,0г, ұзындығы 53 см ұл бала босанды. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 120 рет, тері жамылғысы қызғылт, тыныс алуы 16 рет, рефлексі жақсы. Апгар бағанасы бойынша қанша балмен есептейсіз:
2-3 балл
4-5 балл
5-7 балл
8-9 балл++++
9-10 балл
187. Нәрестені 40 аптада босанған, салмағы 3750 г. Айғайы бірден. Омырауға бірінші тәулікте салынған, емуі жақсы, белсенді. Өмірінің үшінші тәулігінде салмағы 3600 гр. Кеудесінде, ішінде аяқ қолдарында қызғылт түсті дақты папулезды ортасы ақшыл бөртпелер байқалады. Қарау кезінде баланың жаялығында қаныққан қызғылт түсті дақ анықталды. Балада байқалған өтпелі кезеңдер:
транзиторлы салмақ жоғалту, токсикалық эритема, зәр қышқылды инфаркт+++
физиологиялық эритема, транзиторлы салмақ жоғалту, олигурия
транзиторлы салмақ жоғалту, зәрқышқылды инфаркт, мелена
мекони, физиологиялық эритема, транзиторлы салмақ жоғалту
транзиторлы салмақ жоғалту,олигурия, тершеңдік бөртпесі
188. Ұл бала, уақытында 3250г. салмақпен туған. Айғайы бірден. Апгар межесі бойынша бағалануы 8-10 балл. Омырауға бірінші тәулікте салынған, емуі жақсы, белсенді. 5 тәулікте: тері жабындары таза, қызғылт, шырышты қабаттары таза. Екі жақ омырау безінің ұлғайуы байқалады. Бездің үстіндегі терінің түсі өзгермеген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қарау кезінде нәжісі сұйық, сары түсті аппақ іртіктермен, жасыл араласқан және нәжісінде шырыш байқалады. Іші аздап керілген, пальпация кезінде шұрылдайды.Ұма ісінген, көлемі ұлғайған. Балада бар өтпелі жағдайлар:
мастит, транзиторлы ішек катары
транзиторлы ішек катары, жыныстық криз+++
гормоналды криз, физиологиялық эритема
дисбактериоз, мастопатия
дисбактериоз, ұма шемені
189. 15 жастағы қыз қан кетуге байланысты жедел жәрдем көмегімен гинекологиялық бөлімшеге түсті. Етеккірі 13 жастан, ретсіз. Соңғы етеккірі 2,5 ай бұрын болған. Соңғы 3 күн қанды бөлінділердің ағуы күшейді. Науқасты қарағанда бозарған, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер. Диагноз:
Қан аурулары
Ювенильді ДЖҚ++++
Жатырдан тыс жүктілік
Жатырдағы жүктілік, аборт
Жыныс ағзаларының ісіктері
190. Науқас C. 49 жаста, анамнезiнде 3 қалыпты босану және 2 асқынусыз жасанды түсiк болған. Соңғы жылы 2-3 айда келетiн тұрақты емес етеккiрдi байқаған. Шамамен 3 апта бұрын қазiргi уақытына дейiн созылған қанды бөлiндiлер пайда болған. Гинекологиялық қарауда патологиялар жоқ. Қанды бөлiндiлер аз мөлшерде. Төмендегі болжам диагноздардың қайсысы барынша дұрыс болып табылады?
аденомиоз
эндометрий обыры
жатыр мойнының обыры
жатырдың субмукозды миомасы
дисфункциональды жатырдан қан кету+++
191. Аналық безiнiң бiрiншiлiк поликистозының лапароскопиялық критерийлерiнің қайсысы барынша дұрыс болып табылады?
аналық безiнiң бiр жақты ұлғаюы, капсуланың жұқаруы
аналық безiнiң бiр жақты ұлғаюы, ақ капсуланың жұқаруы
аналық безiнiң екi жақты ұлғаюы, айқын тамырлық суретпен және тегiс беткейлi++++
аналық безi, ақ капсуланың қалыңдауы аналық безiнiң бiр жақты ұлғаюы, жылтыр беткейлi аналық безi, ақ капсуланың қалыңдауы
аналық безiнiң екi жақты ұлғаюы, көп мөлшерде фолликулдардың табылуы, ақ капсуланың қалыңдауы, тегiс беткейлi аналық безi
192. Науқас 23 жаста біріншілік бедеулікке байланысты дәрігерге қаралған. Гистеросальпингография жүргізілді. Суретте жатыр қуысының деформациясы, түтікшелердің аздап қысқаруы және ұштарында пиязша тәрізді кеңеюлер анықталады. Осы жағдайда диагностиканың қай әдісі патологиялық үрдіс белсенділігінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді?
Кох сынамасы+++
дақылдық әдіс
биологиялық әдіс
аспирациялық биопсия
жатыр қуысының шырышты қабатын диагностикалық қыру
193. Әйел К., 28 жаста, күйеуге шыққан, бiр ғана төсектесi бар, аяқ веналарының созылмалы тромбофлебитi, бiр баласы бар, әйелге қандай контрацепция дұрыс болып табылады?
жатырiшiлiк контрацепция +++
механикалық контрацепция
оральды контрацептивтер
хирургиялық стерилизация
иньекциялық контрацептивтер
194. 28 жастағы әйелдің 3 айлық жүктілік кезінде қынабынан көпіршіктәрізді бүрлер қосылған қан кету пайда болды. Ультрадыбыстық тексеру кезінде жатырда нәрестенің жоқтығы және плацентаның толық зақымданғаны анықталды. Жатыр қуысының қырнауы жасалынды. Негізгі ауру қандай ?
Хориокарцинома
Толық көпіршікті тығын+++
Жартылай көпіршікті тығын
Инвазиялық көпіршікті тығын
Плацента орнының трофобласттық ісігі
195. 2010 жылы 12 қаңтарда дәрігерге келген әйелде жүктілікке тест оң болған. Ретті 28 күнді цикл, соңғы етеккірі 8-нен 11-ші желтоқсан аралығында 2009ж. болды. Босанудың болжам күні:
22 қазан 2010 ж.
12 қазан 2010 ж.
1 қыркүйек 2010 ж.
8 қыркүйек 2010 ж.
15 қыркүйек 2010 ж.++++
196. Әйелдер кеңесі дәрігеріне 22 жастағы әйел Д. етеккірінің болмауына шағымданып келіп түсті. Соңғы етеккірі 20.09.2010ж. Объективті тексеруде жатыр мойны және қынаптың шырышты қабатының цианозы, ақ түсті, иіссіз бөліністер анықталды. Қынаптық тексеруде жатыр консистенциясы жұмсақтау, пальпация кезінде тығыздалады, «қаз жұмыртқасы» көлеміне дейін ұлғайған. Ауырсынусыз. Қосалқылар ұлғаймаған, ауырсынусыз. УДЗ тағайындалды. Неге?
Ұрықтың қалпын анықтау
Жүктілік мерзімін анықтау үшін+++
Ұрық қозғалысын анықтау үшін
Ұрықтың тума ақауларын анықтау үшін
Осы жүктіліктің асқыну симптомдарын анықтау үшін
197. Жанұяны жоспарлау дәрігеріне контрацепция әдісін таңдау үшін 19 жастағы әйел қаралды, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық партнері бар. Берілген жағдайға тиімді контрацепция әдісінің әсер ету механихмі қандай:
Барьерлі әсер++++
Овуляцияны тежейді
Цервикальді шырышты қоюландырады
Жұмыртқа жасушасының имплантациясын бұзады
Имплантация мүмкіндігін азайта отырып, эндометрийді өзгертеді
198. ЖДА-ға жүктіліктің 27 аптасындағы әйел келді, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданған. Қан анализінде гипергликемия 7,1 ммоль/л, кетоз белгілері жоқ. Экстрагенитальді патология емі:
30 ЕД/тәулігіне асатын инсулин дозасы
60 ЕД/тәулігіне асатын инсулин дозасы
60 ЕД/тәулігіне аспайтын инсулин дозасы
пероральді қантты төмендететін дәрі-дәрмектер
қандағы глюкоза деңгейін қалпына келтіру үшін тек диета ғана керек++++
199. ЖДА жүктіліктің 12 аптасындағы әйел келді, шағымдары жүрек айнуына, құсу, дене температурасының көтерілуіне, әлсіздікке, шаршағыштыққа. Соққылау симптомы теріс. Екі күн бойы зәр түсінің қараюын байқады. Алдын-ала қойылатын диагноз:
пневмония
жүктілер гестозы
вирусты гепатит+++
жедел пиелонефрит
жедел респираторлы ауру
200. Перзентханаға жүктіліктің 39 аптасындағы әйел келіп түсті, шағымдары гематурияға, эпигастрий мен жыныс еріндеріне берілетін. оң жақтан қабырға-бел аймағында ауырсынуға. Объективті: әйел мазасыз, ыңғайлы қалып табуға тырысады. Соққылау симптомы оң жақтан – оң. Зәр анализінде көптеген тұздар кристалы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
Жүктілік 39 апта. Зәртас ауруы+++
Жүктілік 39 апта. Өттас ауруы
Жүктілік 39 апта. Жедел пиелонефрит
Жүктілік 39 апта. Жедел гломерулонефрит
Жүктілік 39 апта. Қалыпты орналасқан ұрықжолдасының уақытынан бұрын ажырауы
201. Кесар тілігінен кейін 7 тәулікте босанған әйел операциядан кейінгі жара орнының ауырсынуына, жағдайының төмендеуіне, дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылауына шағымданады. Қараған кезде – операциядан кейінгі жара орнының гиперемиясы, іріңді бөлініс анықталады. Пальпация кезінде – күрт ауырсыну, іштің қатаюы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң Перкуторлы – құрсақ қуысында эксудат анықталады. Дамыған асқынуды және оның себебін көрсетіңіз?
Операциядан кейінгі перитонит, ішек парезі себебінен
Босанудан кейінгі перитонит, жатырдағы тігістердің бітіспеуі
Операциядан кейінгі перитонит, жатырдағы тігістердің бітіспеуі++++
Операциядан кейінгі эндометрит, операция кезінде асептика және антисептиканың бұзылуы
Босанудан кейінгі перитонит, анамнезінде жатыр қосалқыларының созылмалы ауруларының болуы
202. Науқас 23жаста, біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жасалды. Рентгенограммада: жатыр қуысы Т-тәрізді формада, жатыр түтікшелері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөліктері түйреуіш тәрізді кеңейген; контрастты заттың құрсақ қуысына өтуі байқалмайды. Осы өзгерістер қай ауруға тән:
жатыр түтікшелерінің қатерлі ісігі
жыныс мүшелерінің туберкулезі+++++
созылмалы сальпингит гонореялы этиологиялы
созылмалы сальпингит хламидиялы этиологиялы
жатыр түтікшелерінің аденомиозы және эндометриозы
203. Сүт безі ісігінің скринингтік диагностикасы:
пальпация
УЗТ
қарау
маммография+++
пункциялық биопсия
204. Жатыр мойнының фондық процесі:
ауыр дисплазия
В. жалған эрозия+++
Сainsitu
орташа дисплазия
микроинвазивті ісік
205. Эндометрий ісігінің облигатты ісік алды ауруы:
эндометрий полипі
эндометрий атрофиясы
эндометриоз
эндометрийдің атипиялық гиперплазиясы++++
эндометрийдің безді гиперплазиясы
206. Аналық без ісігіндегі радикальді операция
Жатыр экстирпациясы қосалқыларымен
Жатырдың экстирпациясы немесе қынап үстілік ампутациясы қосалқыларымен, оментэктомиямен+++
Аналық без ісігін алып тастау
Жатырдың қынап үстілік ампутациясы қосалқыларымен
Екі жақты аднексэктомия
207. Аналық без ісігіндегі радикальді ота:
жатыр қосалқыларымен экстирпациясы
жатырдың қынап үстілік ампутациясы немесе экстирпациясы қосалқыларымен оментэктомия+++++
аналық без ісіктерін алып тастау
жатырдың қынап үстілік ампутациясы қосалқыларымен
екіжақты аднексэктомия
208. Аналық без ісігінің қосарланған емінде қолданады:
Аралас сәулелік терапия
Ота + сәулелік терапия
Химиотерапия + гормонотерапия
Сәулелік терапия + химиотерапия
Ота + химиотерапия++++
209. Эндометрийдің қатерлі ісігінің қай сатысында миометрий инвазиясы 1 см жоғары, бірақ сірлі қабатқа өтпеген?
210. 25 жаста науқаста сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында 2см-ге дейін жазық беткейлі, шекарасы айқын, шамалы ауырсынатын, Кениг симптомы терістігі анықталды. Лимфотүйіндер ұлғаймаған. Сүт безінің УДЗ қорытындысында: сол жақ сүт безінің түзілісі, цитологиялық – қатерлі ісік жасушалары анықталмады. Ем жүргізілуі:
Пейти бойынша мастэктомия гистолиялық зерттеумен
Радикальді резекциямен жедел гистолиялық зерттеумен
Секторальді резекция жедел гистолиялық зерттеумен++++
Мадден бойынша мастэктомия гистолиялық зерттеумен
Холстед бойынша мастоэктомия гистолиялық зерттеумен
211. 40 жастағы науқаста жатыр мойнының микроинвазивті ісігі және 8 апталық жүктілік анықталды. Емдеу жүргізілуі:
жүктілікті үзгеннен кейінгі жатыр мойнының ампутациясы
жүктілікті үзу + жатырдың қосалқыларумен экстирпациясы
жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы++++
кеңейтілген жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы
бақылау
212. 51 жастағы науқаста жатыр денесінің 1 сатыдағы ісігі анықталды. Ісік жатыр денесінде 2 см көлемде, 0,3см инвазиямен орналасқан. Ісік жоғары дифференцирленген, рецептор оң. Емі:
ота + сәулелену
ота + сәулелену + гормонотерапия
ота + гормонотерапия+++
ота + химиотерапия
қосарланған-сәулелену терапиясы
213. 25 жаста науқаста сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында 2см-ге дейін жазық беткейлі, шекарасы айқын, шамалы ауырсынатын, Кениг симптомы терістігі анықталды. Лимфотүйіндер ұлғаймаған. Сүт безінің УДЗ қорытындысында: сол жақ сүт безінің түзілісі, цитологиялық – қатерлі ісік жасушалары анықталмады. Ем жүргізілуі:
Пейти бойынша мастэктомия гистолиялық зерттеумен
Радикальді резекциямен жедел гистолиялық зерттеумен
Секторальді резекция жедел гистолиялық зерттеумен++++
Мадден бойынша мастэктомия гистолиялық зерттеумен
Холстед бойынша мастоэктомия гистолиялық зерттеумен
214. 42 жастағы науқас гинекологқа ішінің ұлғаюына, зәрінің бұзылысына шағымданады. Гинекологиялық қарауда етеккір айналымы бұзылмаған, оң жақ қосалқылар аймағы айқын палпацияланбайды, баллотирлеу симптомы оң. Ісік аз қозғалмалы. Аурудың сатысы қандай?
II а кезеңі
II б кезеңі
III а кезеңі ++++
III б кезеңі
IV кезеңі
215. Түйіндік мастопатияның емі:
Cекторальды резекция+++
Қарапайым мастэктомия
Гормонотерапия
Дәрілік терапия
Радикальды мастэктомия
216. Аналық бездің қатерсіз ісігіндегі отаның көлемі:
Жатырдың қосалқыларымен қынап үстілік ампутациясы
Вертгейм отасы
Жатыр экстирпациясы
Овариоэктомия++++
Полипэктомия
217. Сүт безі обырының емі байланысты
қосалқы ауруға
ісіктің гистологиялық түріне
науқастың жасына
ісіктік процестің сатысына+++
әлеуметтік жағдайына
218. Аналық бездің эпителиялық ісіктеріне қандай ісіктер жатады?
Түйіршікті-стромалы жасушалық
Тератомалар
Дермоидты жылауықтар
Эндометриоидты+++
Дисгерминомалар
219. Аналық без кистомасының анықтамасы:
аналық бездің шынайы ісігі+++
тін инфильтрациясынан дамиды
ретенционды түзіліс болып табылады
сұйықтық жиналуынан дамиды
гетеротопия болып табылады
220. 27жасар қайта босанушы әйел анамнезінде 3 өздігінен болған түсік, осы жүктіліктің 38-39 аптасында жыныс жолдарынан 250,0 мл қанды бөлініс бөлінді және жалғасуда. Ең дұрыс тактика:
Амниотомия жасау
Ультрадыбыстық зерттеу
Симптоматикалық терапия
Бақылауды жалғастыру
Абдоминальді жолмен босандыруды шешу+++
221. 26 жасар А., медициналық түсіктен кейінгі етеккірі 4 айға жоқ. Етеккір келетін уақытта ішінің төменгі бөлігінде ауру сезім мазалайды. РV: жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ консистенциялы. Қосалқылары өзгеріссіз.
Аталған болжам диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?
Эндометрит
Орталық генезді аменорея
Аналық бездің аменореясы
Жатырлық жүктілік, ерте түсік қаупімен
Мойындық каналдың атрезиясы+++
222. 32 жасар Р., қосалқыларының созылмалы қабынуының өршуіне байланысты гминекологиялық стационарда ем қабылдаған. Әйел тұрмыс құрған,2 баласы бар. Соңғы 3 жыл ішінде қосалқыларының созылмалы қабынуының өршуіне байланысты 2 рет ем қабылдаған. Аталған контрацепциялық кеңестің қайсысын әйелге ұсынар едіңіз?
спермицидтер
ритмикалық әдіс
таза гестагендер
жатыр ішілік серіппе
біріктірілген оральді++++
223. 30 жасар науқас әйелдер кеңес орнына қорғанусыз ретті жыныстық қатынасқа қарамастан 7 жылдан бері жүктіліктің болмауына шағымданып келді. Етеккірі 14 жастан, 5-7 күннен, әр 35-45 сайын, ауру сезімінсіз. Қарап тексергенде: науқас дұрыс дене бітімді, жоғары тамақтанумен. Қынаптық тексерісте: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, түктенуі әйел типтес, жатыр денесі көлемі жағынан кішірейген, екі жақтанда жатыр қосалқыларында көлемі 3,0 х4,0 х 4,0 см, тығыз, қозғалмалы, ауру сезімді құрылым пальпацияланады. Базальді температурасы монофазалы, кариопикнотикалық индексі 60-70 %. Күйеуінің спермо¬граммасында патологиялық өзгеріс жоқ. Аталған болжам диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?
белгісіз генезді бедеулік
генитальді инфантилизм
жыныс ағзаларының туберкулезі
аналық безінің поликистозды ауруы++++
аналық безінің екі жақты дермоидты кистасы
224. 16 жасар қыз бала жыныс жолдарынан 2 апта бойы қанды бөліністер бөлінуіне шағымданады. Етеккірі 15 жастан, ретті емес, көп мөлшерде, ауырсынумен. Жыныстық қатынаспен өмір сүрмейді. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, ректальді тексеруде жатыр және қосалқылар ұлғаймаған. Берілген жағдайда ең қолайлы ем.
гемотрансфузия
витаминді терапия
гормональды гемостаз++++
жатыр қуысын қыру
жатыр жиырылтатын заттар
Достарыңызбен бөлісу: |