2 уровень
?
46.Жаңа туған 5 күндік сәбиде тері жамылғысының сарғаюы байқалады. Сарғаю 2-ші тәулік соңына қарай анықталды (Крамер бойынша 3 аймақ). Жағдайы өзгермеген, белсенді емеді. Жалпы билирубин мөлшері 162 мкмоль/л. Дені сау. Баланың нәжісі өзгермеген, диурез - қалыпты. Болжам диагноз:
сау
жаңа туғанның транзиторлы сарғаю (гипербилирубинемия)
жаңа туғанның гемолитикалық сарғаюы
жаңа туғанның механикалық (обтурационды) сарғаюы
жаңа туғанның паренхиматозды сарғаюы
?
47. Қыз бала мерзімінде (жетілген) туылды, босану қалыпты өтті. Туылғаннан соң жаңа туған нәресте спонтанды демалды және айқалады. 1 сағаттан кейін физикалық қарауда жағдайы қалыпты болды. Әлсіз дене сарғаюы өмірінің 2-күнінде байқалды. Анасының қан тобы І топ, резус-оң, балада – ІІ топ, резус-оң. Баланың қазіргі жағдайы:
А. физикалық сарғаю
В. АВО жүйесі бойынша нәрестеде гемолитикалық ауру
С. билирубин конъюгацитясының тұқым қуалайтын тұрақсыздығы
D. конъюгациялық сарғаю
Е. механикалық сарғаю
?
48.Бала 3 айлық, қарау барысында денесінің қатпарларында көптеген іріңдіктер байқалады, элементтердің маңайындағы тері қызарған, түбі инфильтрацияланбаған. Болжамды диагноз:
пемфигус
везикуло-пустулез
Риттер дерматиті
жаңа туған сәби флегмонасы
папуло-эрозивті стрептодермия
?
49.Бала 2 жаста. 4 күннен бері ауырады. Шағымдары: дене қызуы жоғарылаған, жиі тыныс алу, жөтел, тамақтан бас тарту, әлсіздік. Баланың жағдайы орташа ауырлықта. Перкуссия кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы оң жақ жауырын астында байқалады. Тынысы қатаң, қысқарған аймақта әлсіреген, майда көпіршікті ылғалды сырылдар байқалады. Кеуденің төменгі бөлігінің ішке тартылуы жоқ. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суреті күшейген, оң жақта формасы дұрыс емес ұсақ ошақты көлеңкелер. Сәйкес болатын диагноз:
A.созылмалы пневмония
B.жедел ошақты пневмония
C.жедел сегментарлы пневмония
D.жедел интерстициальды пневмония
E.жедел крупозды пневмония
?
50.Бала 10 жаста. 2 күннен бері ауырады. Шағымдары: Т-39 көтерілуі, мұрыннан су ағу, ерінде ұшықтық бөртпелер, әлсіздік , тәбеті төмендеуі, бас ауруы. Анасы өз еркімен парацетамол, антигриппин берген, әсері болмаған. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, бозғылт, Т-38.7, пульс жиілігі 110, ТАЖ минутына - 44. Жөтелгенде, терең тыныс алғанда байқалатын сол жақ бүйірінің ауырсынуына шағымданады. Перкуссияда: жауырынның төменгі сол жақта дыбыстың қысқаруы және сол аймақта тыныс әлсіреген. Сәйкес келетін диагноз:
A.оң жақтық сегментті пневмония
B.сол жақтық крупозды пневмония
C.сол жақтық ошақтық пневмония
D.сол жақтық аралық пневмония
E.оң жақтық крупозды пневмония
?
51.Бала 4 айда. Анасы баланың жағдайының нашарлауына, жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Дене қызуының 37,50 жоғарлауы. Объективті қарағанда: қиындаған шулы тыныс, периоральды цианоз, жиі құрғақ қинайтын жөтел, кеуде клеткасының эмфизематозды желденуі, ТАЖ минутына-68-70, өкпедегі тыныс қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, анық құрғақ ысқырықты және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сәйкес келетін диагноз:
A.жіті бронхит
B.жедел бронхиолит
C.жедел пневмония
D.бронх демікпесі
E.рецидивті бронхит
?
52.Балаға 2 жас 11 ай. Жедел ауырды. Үйде өз еркімен парацетамол, панадол берген. Түскендегі шағымдары: жиі ылғалды жөтел, Т-39 көтерілген, әлсіз, тәбеті төмендеген. Қарағанда: интоксикация синдромы айқын, ТАЖ- минутына 44 рет. Ентігуі аралас, терісі бозғылт. Дауыс дірілі оң жақта күшейген, перкуторлы: оң жақ жауырынынан төмен - өкпелік дыбыс қысқарған және сол жерде өкпе аускультациясы кезінде тыныс әлсіреген, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ЖҚА: солға ығысуымен лейкоцитоз, нейтрофиллез, ЭТЖ жоғарылаған. Өкпе рентгенограммасында: сол жақ төменгі бөлікте көлеңкелер бар. Сәйкес келетін диагнозды таңдаңыз:
A.крупты пневмония
B.ошақты пневмония
C.аралық пневмония
D.сегментті пневмония
E.полисегментті пневмония
?
53.Бала 2 айлық, тексергенде: пальпаторлы-жүрек ұшы түрткісі жоғарылаған, жайылған, төменге ығысқан. Перкуторлы жүрек шекаралары солға кеңейген. Аускультативті: төстің сол жағында ІІ қабырғааралықта қатты систола-диастолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тонның акценті байқалған. Рентгенді: өкпе артериясы доғасының биіктеуі, жүрек өлшемдерінің солға ұлғаюы. ЭКГ: сол жақ жүректің гипертрофиясы. Ең ықтимал диагноз:
A.жүрекшеаралық қақпаша ақауы
B.қарыншааралық перде ақауы
C.ашық аортальді өзек
D.Фалло тетрадасы
E. қолқа коарктациясы
?
54.3 айлық бала, стационарға емгенде ентігуге, цианоз, аз салмақ қосуға шағымданады. Тексергенде жүрек аймағы оңға кеңейген, өкпе артериясы үстінен 2 тон әлсіреген, төстің сол жақ қырынан 2-3 қабырғааралықта қатты систолалық шу естіледі. Жүрек R-графиясы: жүрек «етік» формасында, өкпе артериясының доғасы төмендеген. ЭКГ-оң қарыншаның гипертрофиясы. Ең ықтимал диагноз:
A.қолқа коарктациясы
B.қарыншааралық перде ақауы
C.Фалло тетрадасы
D.ашық аортальді өзек
E.өкпе артериясының тарылуы
?
55.14 жастағы бала клиникаға АҚ 180-200 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауына, мұрыннан қан кетуге, бас ауруына шағымданып түсті. Баланың диспропорциялық дамуын тексергенде: дененің жоғарғы бөлігі жақсы, төменгі бөлігі – әлсіз (жүргенде аяғында ауырсыну және әлсіздік) дамыған, қолда АҚ 180 мм.сын.бағ., аяқта 90 мм.сын.бағ. Ең ықтимал диагноз:
A.Фалло тетрадасы
B. қарыншааралық перде ақауы
C.қолқа коарктациясы
D.магистральді тамырлардың транспозициясы
E.қолқа тарылуы
?
56.14 жастағы балада, бірнеше рет ревматизмдік қызбадан кейін келесі симптомдар анықталды: жүректің түрткісі күшейген және төменге ығысқан, жүрек ұшында үрленген қатаң ырғықты систолалық шу, шу жатқанда жақсы естіледі, физикалық күштен кейін күшейеді, жүрек үшында 1 тон әлсіреген, өкпе артериясында 2 тон күшейген ЭКГ-де сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенограммада: жүрек солға қарай үлкейген. Ең ықтимал диагноз:
A.аорта доғасының стенозы
B.митралды стеноз
C.митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі
D.аорта қақпақшаның стенозы
E.митралды қақпақшаның стенозы және жетіспеушілігі
?
57.15 жасар бала, 7 жылдың ішінде бірнеше рет ревматизмдік қызбаның шабуылы болған, терісі ақшыл. Жүрек ұшы күшейген және төменге ығысқан, жүрек аймағы сол жаққа үлкейген. Аускультацияда: құйылған диастолалық шу 2 ырғақтан кейін естіледі, төстің сол жақ қырында жақсы естіледі. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенограммада: жүрек «етік» тәрізді, сол жоқ қарыншаның гипетрофиясының белгілері. Ең ықтимал диагноз:
A.митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі
B.аорталды қақпақшанын стенозы
C.аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі
D.аортаның коартациясы
E.митралды қақпақшаның стенозы
?
58. 4 жасар қыз бала, ауруханаға келесі шағымдармен түскен: аяғында көгерулер, мұрыннан қан кету. Қарағанда: терісі бозғылт, аяғында көптеген көгерулер, денесінде бірен-саран нүктелік бөртпелер. «Шымшу», «бұрау» симптомы оң. Аузының және көзінің кілегей қабатында қан құйылулар. Нв 110 г/л, эр 4,2х1012, т.к 0,9, L 8*109, т.3, с.42, л.44, м.9. ЭТЖ 8мм/с тромбоциттер 70x109. Қан кету уақыты 6 мин., қан ұюының басталуы 2 мин, аяқталуы 4 мин. Сүйек миының пунктаты қызыл, ақ түйректері өзгермеген, мегакариоциттер сәл жоғары, бірақ байланған тромбоциттер төмен. Келесі ем қабылдаған: преднизолон, аминокапрон қышқылы, бірақ жағдай жақсарған жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
гемофилия
геморрагиялық диатез
тромбоцитопениялық пурпура
жедел лейкоз
Вилленбранд ауруы
?
59. 5 жасар қыз бала, ауруханаға мұрыннан қан кету, денесіндегі көпшілік көгерумен түскен. Қарағанда: терісі ақшыл, терісінде көптеген экхимоздар және нүктелік, кілегей қабатында, қабағында, көздің шырышты қабығында қан құйылулар анықталған. Жүрек тондары әлсіреген, PS мин 110 соғуы, көк бауыры +1см, «шымшу», «бұрау», симптомы оң. Қанда: эр. 4,2, Нв 115г/л, т.к 0,9, L 7х109, э.1, т.3, с.45, м.9, ЭТЖ 18 мм/мин, тромбоциттер 30х109, қан ұю ретракциясы болмаған, қан кетуі уақыты 8 мин, сүйек миының пунктаты өзгеріссіз, мегакариоцит өсіндісі белсенді. Тромбоциттердің бөлінуі жоғары. Емделгеннен кейін қанағаттанарлық жағдайда шығарылған, тромбоциттер 180х109. Сіздің диагнозыңыз:
гемофилия
геморрагиялық васкулит
тромбоцитарлық пурпура
жедел лейкоз
Вилленбранд ауруы
?
60.1 айлық сәби П., босану бөлімінен қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Бірақ 17 күннен кейін терісінде майда геморрагиялық бөртпе және бірен-саран көгерулер пайда болған. Жалпы қарау барысында: терісінде және шырышты қабаттарында нүктелік геморрагиялық бөртпе мен экхимоз анықталды. Жүрек тондары анық, минутына 130 соққы. Іші жұмсақ, қабырға доғасынан бауыры 3 см төмен, көкбауыр 2 см. Эр-4,2*1012, Hb-115г/л Т.К-0,9, Le-10*109, ЭТЖ-12мм/ч. тромбоциттер 110*109. Дюке бойынша қан кету уақыты 6 мин. Қан ұю уақыты 8 мин. Нәрестенің қанында НLA тромбоцитті антиген анықталды, анасында анықталмады. Нәрестенің қан сарысуында тромбоциттерге изоантидене анықталды. Сіздің диагнозыныз:
гемофилия
геморрагиялық диатез
тромбоцитопениялық пурпура
жедел лейкоз
ДВС-синдром
?
61.15 жасар Витя, жедел ауырды. Денесінде нүктелік, қанталаған бөртпелер, гематомалар, мұрыннан, ауыздан кілегей қабатынан қан кету. Бала І жүктіліктен, қалыпты босанған. Туғандағы салмағы 3500 грамм. Анасы 18 жасынан Верльгоф ауруымен (аутоиммундық түрімен) ауырған, жүктілік кезінде аурудың өршуі болған, ол жеңіл өткен, денесінде тек қанталаған бөртпе болған. Анасының қан анализінде эр.4,0х1012, Нв 140 г/л, т.к 0,9, L 15х109, 75, т.1, с 72, л 67, м 5, ЭТЖ 15 мм/с , тромбоциттер 5x109. Қан кетуі Дюке бойынша 6 мин, қанның ұюы 4 мин. Баланың қан сарысуында тромбоциттерге қарсы аутоантиденелер табылған. Сіздің диагнозыңыз:
гемофилия
геморрагиялық диатез
тромбоцитопениялық пурпура
жедел лейкоз
ДВС синдромы
?
62.1 жастағы бала, жағдайы ауыр, терісі ақшыл-бозғылт, құрғақ, көзі және табаны ісінген, ауыз аймағында жаралар, анулярлы стоматит. Бұлшық ет гипотониясы, бауыр және көк бауыр ұлғайған, тахикардия, ентігу физикалық күш түскенде, систолық шу, тәбеті төмен, Нв 66г/л, эр 2,3х10, тк 0,5, анизоцитоз+++ . сіздің диагнозыныз
темір тапшылық анемия жеңіл дәрежесі
темір тапшылық анемия ауыр дәрежесі
жасырын темір тапшылығы
темір тапшылық анемия, орташа дәрежесі
витамин тапшылық анемия
?
63.Он екі елі ішекке сүңгі салу кезінде «В» порциясы көп мөлшерде (˃60 мл) және баяу аққан (˃25 мин), «В» порциясында өт қарқынды боялған. Холецистограммада өт қабы ұлғаюы, босауының баяулауы, өт қабының көлденең өлшемі 20% -ға жиырылуы байқалды. Сіздің ықтимал диагнозыңыз:
холецистит
ӨЖД-ның гипертоникалық түрі
ӨЖД-ның гипотоникалық түрі
панкреатит
өт тасы ауруы
?
64.Миша, 8 жаста, жедел вирусты гепатит «А» түрімен ауырады. Диагнозды дәлелдеу үшін анықталатын маркер:
НВsAg, HВeAg
анти НАV Ig G
анти HCV Ig M
анти HAV Ig M
анти НDV Ig G
?
65.Ауызжұтқыншақ дифтериясымен науқастанған балада 3 күннен кейін мына симптомдар пайда болды: дөрекі жөтел, стенотикалық тыныс алу, дауысының афонияға дейін өзгеруі. Балада пайда болған процесті болжаңыз:
тамақ ісіп ауыру
көкірекаралық обыр
өтірік тамақ ісіп ауыру
дифтериялық круп
стридор
?
66.5 жасар бала. Ауруы жедел басталған. Шағымдары: дене қызуы 37,0 С, құрғақ жөтел, тәбеті сақталған. Баланы қарағанда: дауыс дірілі өзгермеген, ТЖ минутына 28 рет. Өкпе перкуссиясында: өкпелік дыбыс, аускультацияда: өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ жайылмалы және ылғалды орташа және ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек үндері анық, ритмді. Қан анализі өзгеріссіз. Өкпе рентгенде: өкпе суретінің күшеюі байқалады. Болжамды диагноз:
A.ошақты пневмония
B.обструктивті бронхит
C.аденовирусты инфекция
D.жедел жай бронхит
E.бронхиолит
?
67.3 жастағы балада шұғыл ұстамалы жөтел пайда болды. Ентігу мазасызданғанда болып, ұйықтағанда жойылады. Анасының айтуы бойынша, бала ұсақ заттармен ойнағаны анықталынды. Баланы тексергенде: экспираторлы ентігу, өкпе перкуссияда - өкпелік дыбыс «қорап» тәрізді, өкпені тыңдағанда: тынысы қатаң, бірен-саран құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ЖҚА - өзгеріссіз. Рентгенде: өкпе суретінің кеңеюі байқалды. Болжамды диагноз:
A.ошақты пневмония
B.жедел жай бронхит
C.аденовирусты инфекция
D.бөгде зат
E.обструкциялық бронхит
?
68.Бала 1,5 айлық. Анасы баласының мазасыздануына, өте қатты тершеңдігіне, шошынатына шағымданады. Анамнезінде: туылғанынан бері жасанды тамақтануда және сиыр сүтін қабылдайды, шала туылған, мешелге алдын алу жүргізілмеген, сыртқа шықпайды. Қарау барысында: басының формасы брахиоцефальді, пальпациялағанда жұмсақ, үлкен еңбектің жиектері басыңқы және жұмсақ, краниотабес, жіктер бойында және самай сүйектерінің артқы бөлімдерінде 1,5-2 см-ге дейін жұмсарған аймақтар , басқан кезде жұмсақ пергамент сезімі анықталады. Бұлшықет гипотониясы. Биохимиялық анализде гипофосфатемия, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы байқалады. Жіктелуі бойынша диагноз:
рахит 2, жеделдеу ағымды, өршу кезеңі
рахит 3, жеделдеу ағымды, өршу кезеңі
D витамин дәруменіге тәуелді рахит, 1 типі
рахит 1, жедел ағымды, бастапқы кезені
фосфат диабет
?
69. Баланың жасы 10 ай. Қарағанда: әлсіздік, тершендік, тәбеттің төмендеуі, физикалық дамудың тежелуі байқалған. 1,5 айында жасанды тамақтануға көшірілген. Балаға 5% ботқа берілген. 5 айында мешел диагнозы қойылған. Эргокальциферол майлы ерітіндісі тағайындалды. Анасы дәруменді ретсіз берген. Баланың төбе және мандай бас сүйектерінің томпаюы, «гаррисон саласы», «тас биік», аяқтың «О»-тәріздес қисаюы, іштің үлкеюі байқалады. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. Түтікше сүйектерінің рентгенограммасында: остеопороз. Клиникалық диагноз жіктелу бойынша.
А.рахит 2, жеделдеу ағымы, өршу фазасы
В.дәрумен Д Витамин тәуелді рахит, 1 типі
С.рахит 1, жедел ағымы
D.фосфат диабеті
Е.рахит 3, жеделдеу ағымы
?
70.12 жастағы бала: бел аймағындағы ауырсыну, бас ауруы, әлсіздік, көрудің нашарлауы шағымдарымен түсті. Зерттеу кезінде ісінулер, зәрде гематурия және көп мөлшерде протеинурия, гипертония, анемия анықталды. Жүрек аймағы солға ығысқан. Көз түбін зерттеу кезінде гипертониялық ангиоретинопатия белгілері анықталды. Сіздің диагнозыңыз:
А.нефротикалық синдром
В.жедел гломерулонефрит, нефритикалық форма
С.жеделдеу гломерулонефрит
D.JgA нефропатия
Е.созылмалы гломерулонефрит, аралас форма
?
71.Бала 5 жаста. Бетінде, жазу беткейлерінде қызғылт түсті, дақты сипаттағы, бірікпейтін бөртпелер бар, шүйде лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
паротит
қызамық
лимфаденит
қызамық
қызылша
?
72.Балаға 5 ай. Сырқаттанғанына 1 апта болған. Сырқаты 38° С дене қызуымен басталды, тамақтанғаннан соң құсу пайда болды, нәжіс 8 ретке жиіледі, сулы, қызғылт сары түсті, қорытылмаған ақ түйіншектермен. Соңғы күндері құсуы тұрақты, нәжісі 12-15 дейін жиіледі. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт, тығыздығы мен серпімділігін бірнеше төмендеген, еңбегі толы. Іші кепкен, ішектері шұрылдайды, сигма түйілмеген (спазмдалмаған). Анусы үңіреймеген. Болжамды диагноз:
дизентерия
іш сүзек
сальмонеллез
тырысқақ
эшерихиоз
?
73. 5 жастағы баланың диагнозы: Бронх демікпесі, ауруханада жатқанында 10-шы күні дене қызуы 38-С-қа дейін көтерілген, шайнағанда ауырсыну, басының ауруы, қайталап құсу, ішінің ауыруынуы пайда болған. Дәрігер пальпация жасағанда: ауырсынатын екі жағында құлақ маңының ісінуін, сілекей бөлінуінің төмендегенін, терісінің қызармағанын байқаған. Болжамды диагноз:
дифтерия
менингококкты инфекция
цитомегаловирусты инфекция
энтеровирусты инфекция
паротитті инфекция
?
74. Вова, 5 жаста, жедел ауырған, бетінде және аяғында аздаған ісінулер бар. АҚ жоғарлаған, несеп түсі еттің жуындысы сияқты. Биохимиялық қан анализінде: жалпы ақуыз және холестерин қалыпты. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, жалпы зәр анализі: ақуыз 2 г/л, макрогематурия, цилиндрурия. Диагнозы:
А.тұқым қуалайтын нефрит
В.созылмалы пиелонефрит
С.нефритикалық синдроммен гломерулонефрит
D.жедел цистит
Е.нефротикалық синдроммен гломерулонефрит
?
75. Науқаста дизуриялық бұзылыспен несеп шығару кезінде ауырсыну бар. Қаны қалыпты өзгеріс жоқ. Температурасы қалыпты. Жалпы зәр анализінде: лейкоцитурия. Сіздің диагнозыңыз:
А.аралық нефрит
В.пиелонефрит
С.гломерулонефрит
D.тубулопатия
Е.цистит
?
76.Р. есімді ұл бала, 12 жаста, бөлімшеге әлсіздік, құсу, лоқсу, температураның жоғарылауы, аяғындағы ауырсынулармен түсті. Жағдайының нашарлауы осыдан 10 күн бұрын, температурасының 39,3оС, лимфатикалық түйіндердің үлкеюімен анықталған. Амбулаториялық қан анализінде гиперлейкоцитоз 200х109/л. Бала госпитализацияланған. Жақ асты, мойын лимфатикалық түйіндері пальпацияланады, мөлшері 1,5 см-ге дейін, қозғалмалы, ауырсынусыз; қолтық асты және шапта орналасқан лимфалық түйіндердің көлемі 1,0 см ге дейін. Қабырға доғасынан бауыр +4,0 см, көкбауыр +2,0 см шығыңқы. Болжамды диагноз:
созылмалы миелолейкоз
лимфогранулематоз
миелодиспластикалық синдром
криздан тыс гемолитикалық анемия
жедел лимфобласты лейкоз
?
77.3 жастағы бала дене қызуының 39,8оС көтерілуімен, басының ауыруымен 4-рет құсу, тәулігіне 16 ретке дейін шырыш, қан аралас сұйық нәжіс. Объективті: пальпация кезінде іші сезімтал, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, сигма тәрізді ішегі түйілген (спазмдалған), тенезмдер бар. Болжам диагноз:
ауыр дәрежелі, вирусты диарея
ЖІИ, орташа ауырлық дәрежесі, энтероколит синдромы
ЖІИ, ауыр дәрежелі, гастроэнтерит синдромы
ЖІИ, ауыр дәрежелі, энтерит синдромы
ЖІИ, ауыр дәрежелі, колит синдромы
?
78.Бала үш айлық, дене салмағы 4200, бойының ұзындығы 55 см, туылғанда дене салмағы 3000, бой ұзындығы 50 см. Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік, постнатальді даму, алиментарлық этиология диагнозымен клиникада жатыр. Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік дәрежесін анықтаңыз:
А.1 дәрежелі ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік
В.2 дәрежелі ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік
С.3 дәрежелі ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік
D.құрсақішілік дамуының тоқталуы
E. гипостатура
?
79. Жаңа туған нәрестенің кіндік сақинасы ісінген және қызарған. Аталған өзгерістерге тән ауру:
везикулопустуллез
омфалит
стрептодермия
псевдофурункулёз
пемфигус
?
80.Балаға 2 ай, салмағы 4300, ұзындығы 56 см. Туылған кездегі салмағы 3500 грамм, бой ұзындығы 53см. Толықтық индексі 10-15, тері қатпары бос, тін тығыздығы және бұлшықет тонусы төмен. Лоқсуға бейім. Анасында сүт жоқ. Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік дәрежесін көрсетіңіз:
А.II дәрежелі ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік
В.I дәрежелі ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік
С.III дәрежелі ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік
D.құрсақішілік дамуының тоқталуы
Е.гипостатура
?
81.2 айлық бала, бірінші аптадан бастап тұрақты «көкжөтел» тәрізді жөтел мазалайды. Табиғи тамақтануда, бірақ салмағын қоспайды. Өкпеде перкуторлық қораптық дыбыс, тыңдағанда екі жақта әртүрлі қалибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі күніне 8 рет, көп мөлшерде, жабысқақ жылтыр түйіршіктермен, исі жағымсыз. Болжамды диагноз:
A.обструктивті бронхит
B.муковисцидоз, аралас түрі
C.жедел жай бронхит
D.ошақты пневмония
E.қайталамалы бронхит
?
82.3 жастағы бала жедел ауырды. Түскен кездегі дене қызуы 37.5 С, жоғарғы тыныс жолдарындағы катаралдық өзгерістер мазалайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ТАЖ- минутына 28 рет. Перкуссиясы: өкпелік дыбыс «қорап» тәрізді, аускультацияда: тыныс шығаруы ұзарған және көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Рентгенограммада: диафрагма күмбезінің жалпақтануымен төмен түсу және өкпе тінінің мөлдірлігінің жоғарылауы байқалады. Болжамды диагноз:
A.жедел жай бронхит
B.обструктивті бронхит
C.созылмалы пневмония
D.бронх демікпесі
E.жедел бронхиолит
?
83.Бала 6 жаста. Шағымы: температурасы 39.8˚С жоғарлауы, бас ауруы, ентігу 80-ге дейін, ауыз-мұрын ұшбұрышының цианозы. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, жиі қинайтын жөтел, терісі бозғылт, Т- 39.2˚С, бала мазасыз, тәбеті жоқ. Перкуссияда: өкпеде тимпанит, өкпенің жиегі төмендеген, салыстырмалы жүрек тұйықталу аймағы тарылуы. Тыңдағанда: тұрақсыз бірен саран құрғақ сырылдар естіледі. Ішін пальпациялағанда: жұмсақ, ауырсынусыз. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суреті торлы, өкпе түбірінен ұршық тәрізді сызықтар өтеді, айқын жолақ тәрізді көлеңке анықталады. Болжамды диагноз:
A.ошақты пневмония
B.аралық пневмония
C.сегментарлы пневмония
D.крупоздық пневмония
E.созылмалы пневмония
?
84.5 жасар бала емханаға физикалық дамуының артта қалуына шағымданып түсті. Объективті: психикалық дамуы қалыпты, иық белдеуінің шамадан тыс дамуы байқалады. Дененің төменгі бөлігі, аяқ-қолдары әлсіз, бұлшықет гипотониясы. Жүрек шекаралары сол жаққа 2 см-ге кеңейген. Жүрек ұшы түрткісі мен І тон күшейген. Оң жақ екінші қабырғааралықта систолалық шу. Бауыры ұлғаймаған. Аяғында пульс анықталмайды. Қолдарында артериялық қан қысымы 150/90мм. сын. бағ. Болжамды диагноз:
А.жүрекше аралық пердесінің кемістігі
В.қолқа стенозы
С.аорта коарктациясы
D.қарынша аралық пердесінің кемістігі
Е.ашық артериялық өзек
?
85.Науқас М., 4 жас 9 ай. Кардиальды симптоматикасында: терісі бозғылт, мойын тамырларының анық лүпілі анықталған. Бала жылағанда және мазасызданғанда денесінің төменгі бөлігінің цианозы байқалады, тыныштықта жойылады. Пальпация барысында: жүрек ұшы түрткісі күшейген, жайылмалы, солға және төмен қарай ығысқан. Төстің сол жағында ІІ қабырға аралығында систолалық діріл анықталады. Тамырдың соғуы жоғары және жылдам. Перкуссиялағанда: салыстырмалы шекарасы солға қарай ығысқан. Аускультациялағанда: систола-диастолалық «машиналық шу» төстің сол жағында ІІ қабырға аралықта punctum maximum анықталады; шу сол жақ бұғана астына және жауырын аралық аймаққа беріледі. Өкпе сабауында ІІ тонның күшеюі анықталады. Аталған симптоматика тән:
A.жүрекшеаралық пердесінің кемістігі
B.қарынша аралық пердесінің кемістігі
C.ашық артериялді өзек
D.Фалло тетрадасы
E.магистралды артерия транспозициясы
?
86.6 айлық бала, бөлімшеге мына шағымдармен түсті: ентігуге, емуінің қиындауына, физикалық дамудың артта қалуына, құсуға, қайталамалы суық тиюлерге, түнгі уақытта ыңырсуларда. Анасы жүктіліктің 8 айында тұмаумен ауырған. Бұл шағымдар балада 3 айдан бері байқалады. Баланың жалпы жағдайы жүрек жетіспеушілігіне байланысты ауыр, бозғылт, әлсіз, бетінің, аяғының ісінуі бар. Тыныштықта ентігу, тахикардия. Жүрек тондары күңгірт, аритмия. Бауыр +5 – 6 см. Рентгенограммада – кардиомегалия. ЭКГ-да: І дәрежелі атриовентрикулярлы блокада. УДЗ – жүрек қуыстарының дилятациясы, миокард гипокинезі. Болжамды диагноз:
A.жүректің тума ақауы
B.фиброэластоз
C.туа біткен кеш кардит
D.эластофиброз
E.кардиомиопатия
?
87.11 айлық бала стационарға физикалық дамуының артта қалуына (дене салмағы 7,0кг), физикалық және эмоционалды жүктемеде ентігу мен цианоздың пайда болуына байланысты түсті. Қарағанда тері жамылғысы диффузиялық цианоз. «Барабан таяқшасы» және «сағат шынысы» симптомдары бар. Жүректің салыстырмалы аймақтары: сол жағы – сол жақ бұғана сызығы, оң жағы – оң жақ парастернальді сызық деңгейінде, жоғарғысы 2 қабырға аралықта. ЖЖЖ минутасына 150 рет. Бұғананың сол жақ қырында қатты систолалық шу естіледі, сол жақта 2 қабырға аралықта 2-ші тон әлсіреген. Болжамды диагноз:
A.жүрекшеаралық перденің ақауы
B.қарыншаралық перденің ақауы
C.Фалло тетрадасы
D.ашық артериалды өзек
E.өкпе артериясының тарылуы
?
88.Бала 1 жаста. Тексергенде және: перкуссиялағанда: жүрек өлшемдері оңға және солға ұлғайған, аускультациялағанда: төстің сол жақ қырында IV қабырға аралығында систолалық шу естіледі. ЭКГ-да жүректің оң және сол жақ қарыншасының гипертрофиясы анықталды. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі, жүректің оң және сол жақ бөліктеріне байланысты жүрек өлшемінің көлденең ұлғаюы байқалды. Болжамды диагноз:
A.ашық артериалды өзек
B.жүрекшеаралық қақпаша ақауы
C.қарынша аралық перденің ақауы
D.Фалло тетрадасы
E.қолқаның тарылуы
?
89.6 айлық бала, шала туған, жасанды тамақтануда. Қосымша тамақтарды ішпейді. Диспансерлік зерттеу кезінде анемия анықталды. Қанда Нв-90г/л, эр-3,8х1012/л. Диагноз:
орташа ауырлық дәрежедегі темір тапшылықты анемия
ауыр дәрежедегі темір тапшылықты анемия
жеңіл ауырлық дәрежедегі темір тапшылықты анемия
жасырын темір тапшылығы
гемолитикалық анемия
?
90. 7 айлық бала. Туғандағы салмағы 3500г, бойы 50см. 2 айға дейін табиғи тамақтандыруда. Әрі қарай кефир берілді. 5,5 айынан бастап алма шырынын тұрақсыз алған. 7 айынан бастап көкөніс ұнтағы берілді, ұнтақты бала нашар жеген. Диспепсия және ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: терісі бозғылт, құрғақ, тахикардия, жүректе шу анықталады. Бауыры - қабырға доғасынан +2 см, көк бауыры - қабырғадан 1см-ге төмен, дене салмағы 8 кг. Нв-80г/л, эр.-3,5х1012/л, ТК-0,6, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ЭТЖ 10мм/сағатына анықталды. Диагноз:
жеңіл ауырлық дәрежедегі темір тапшылықты анемия
ауыр ауырлық дәрежедегі темір тапшылықты анемия
орташа ауырлық дәрежедегі темір тапшылықты анемия
жасырын темір тапшылығы
гемолитикалық анемия
?
91.Бала баспамен ауырған, амоксициллин және парацетомолмен емделген. Екі аптадан кейін аяғында және қолында эхимоздар және петехиялар пайда болды, содан соң мұрыннан қан кетіп, ол тамыр арқылы аминокапрон қышқылы жібергеннен және мұрынға суық басудан кейін тоқтады. «Шымшу», «буурау», «соққылау» симптомдары оң. Ішкі ағзалар қалыптыдан өзгермеген. Тромбоциттердің саны 46x109. Қан кетуі ұзақтығы 10 минут. Бір айдан кейін қанағаттанарлық жағдайда шығарылды, тромбоциттері 180x109. Клиникалық диагноз:
геморрагиялық васкулит
Верльгоф ауруы
тромбоцитопениялық пурпура
жедел лейкоз
гемофилия
?
92.7 жасар бала баспамен ауырған, ацетилсалицил қышқылымен емделген. Екі аптадан кейін аяғында және қолында эхимоздар және петехиялар пайда болды, содан соң мұрыннан қан кетіп, ол тамыр арқылы аминокапрон қышқылы жібергеннен және мұрынға суық басудан кейін тоқтады. «Шымшу», «буурау» симптомдары оң. Ішкі ағзалар қалыптыдан өзгермеген. Қан анализінде – Hb 90г/л, тромбоциттер 46*109 Қан кетуі ұзақтығы 9 мин. Бір айдан кейін қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Диагноз:
гемофилия
геморрагиялық васкулит
тромбоцитопениялық пурпура
жедел лейкоз
Виллебранд ауруы
?
93. Бала 8 жаста, келесі шағымдармен ауруханаға түскен: терісіне қан құйылу, мұрыннан қан кету, нәжісі қара. Ауруы алғаш рет тұмаудан кейін басталды. Әр өршуі теріге қанның құйылуымен, мұрыннан қан кетуімен жүреді. Қарағанда терісі бозғылт, петехия және көгерулер бар. Көкбауыр қабырға доғасынан 1см төмен. Қан анализінде: эр.-3,1 1012 , Нв- 78г/л, ТК- 0,8, L 12х 109 , э. -1%, т/я-3% , с/я-50%, лимфоциттер - 37%, моноциттер - 9%, ЭТЖ 15 мм/сағ., тромбоциттер 20х109/л. Дюке бойынша қан кетуі уақыты -12 минут. Болжамды диагноз:
гемофилия
геморрагиялық диатез
тромбоцитарлық пурпура
жедел лейкоз
Вилленбронд ауруы
?
94. Қыз бала 13 жаста тәбетінің төмендеуіне шағымданады, аз көлемді несеп шығару кезіндегі ауырсыну. Зәрі бұлыңғыр. Жалпы зәр анализі: лейкоцитурия, бактериурия, жалпақ эпителий. Зәр егісінде: шартты патогенді флора анықталған. Болжамды диагноз:
А.несептас ауруы
В.жедел гломерулонефрит.
С.созылмалы гломерулонефрит
D.цистит
Е.пиелонефрит.
?
95.Науқас бала 9 жаста, дене қызуының фебрильді санға дейін көтерілуімен, бел аймағындағы ауырсынумен шағымданып стационарға түсті. Бетінің ісінуі, көз айналасы көгерген, тері қабаты бозғылт, құрғақ. Бала тексерілмеген. Анамнезінде анасы мен апасында бүйрек ауруы анықталған. Болжамды диагноз:
А.цистит
В.тұқым қуалаушы нефрит
С.гломерулонефрит
D.пиелонефрит
Е.уретрит
?
96.Ұл бала 14 жаста, созылмалы тонзиллитпен зардап шегеді, баспамен ауырады: 2 апта өткен соң қабақтарының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігі төмендеген. Қабағының ісінуі бір жылдан бері анықталған. Кейін бір жарым жылда вирустық инфекциямен ауырғанда ентігу, бет, бел аймағының ісінуі, гидроторакс пайда болған. Жүрек тоны күңгірттенген. АҚ 135/80 мм.сын.бағ. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1028, белок 6 г/л, көру аймағында эритроциттер-15-20, препараттағы гиал.цилиндр 2-4. Болжамды диагноз:
А.созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма
В.жедел гломерулонефрит, нефритикалық форма
С.созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма
D.жүрек ауруы нәтижесінде жүрек жеткіліксіздігі
Е.созылмалы гломерулонефриттің өршуі, аралас форма.
?
97.Денис 5 жаста, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясынан кейін 2 күннен соң зәр түсінің өзгеруімен ауруханаға түсті. Жалпы қарауда: ісік жоқ, гипертензия жоқ, ет жуындысы тәрізді несеп. Болжамды диагноз:
А.нефритикалық синдром.
В.созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма
С.созылмалы гломерулонефрит, аралас форма
D.жеделдеу гломерулонефрит
Е.JgA нефропатия
?
98.12 жастағы ер бала жедел ауырған. Дене қызуы 38,5 ˚С, кейін оң жақ қабырғааралық нервтердің бойымен ашу, жөтелу және ауырсыну пайда болды. Кешке қарай сол жерде қызару, 2-ші тәуліктің соңына қарай тығыз орналасқан, ішінде мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болды. Анамнезінен бала 5-жасында жел шешекпен ауырғаны белгілі болды. Болжамды диагноз:
A. цитомегаловирустық инфекция
B. желшешек
C. ұшықтық инфекция, орналасқан түрі
D. ұшықтық инфекция, генерализденген түрі
E. белдемелі ұшық
?
99.10 жастағы бала жедел ауырды. Сырқаты дене қызуының 40 С дейін жоғарылауымен, басының ауыруымен, тәбетінің төмендеуімен басталды. Бір күннен кейін мұрны бітелу түрінде катаральдық белгілер пайда болды. Ауызжұтқыншағында бадамша бездерінің және жұтқыншақтың артқы қабырғасының аздаған қызаруы байқалады. Тері жамылғысы бозарған, бөртпелерден таза. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Нәжісі мен диурезі қалыпты. Болжамды диагноз:
A.дифтерия
B.аденовирусты инфекция
C.іш сүзегі
D.псевдотуберкулез
E.грипп
?
100.Таня В. 7 айлық бала, 8 - наурызда оң қолының парезіне байланысты ауруханаға түсті. Анамнезінде 1 наурызда қыз балаға полиомиелитке қарсы тірі вакцинаның ревакцинациясы жүргізілді. 7 күн өткеннен кейін таңертең анасы қызының оң қолының қозғалыссыз қалғанын байқады. Жалпы жағдайы өзгеріссіз, дене қызуы қалыпты. Дәрігер ауруханаға емделуге жіберді. 5 күннен кейін оң қолының қозғалысы қалпына келді, бірақ тонусының қалпына келуі бір айға созылды.
Болжамды диагноз:
A.полиомиелит, спинальдік түрі
B.полиомиелит, бульбарлық түрі
C.полиомиелит, понтиндік түрі
D.полиомиелит, салданусыз түрі
E.вакциноассоциирленген полиомиелит
?
101.Саша С., 2 жаста. Жедел сырқаттанды. Дене қызуы 38,8°С, бозарған жағдайы, енжар және селқос. Мұрнынан көп мөлшерде шырышты бөлінген, жөтелі құрғақ. Мойын лимфотүйіндері III өлшемдерге дейін ұлғайған. Оңжақтық конъюктивит. Аңқасы қызарған, бадамша бездері II өлшемдерге дейін ұлғайған, жабындылар жоқ, жұтқыншақтың артқы қабырғасында фолликулдардың гиперплазиясы байқалады. Өкпесінде қатқыл дыбыс, құрғақ, шашыранды сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан +2,5 см, Li +1,0 см шығып тұр. Жалпы қан анализінде: лейкопения, лимфоцитоз. Болжамды диагноз:
A.энтеровирустық инфекция
B.көз дифтериясы
C.жұқпалы мононуклеоз
D.қызылша катаральдық кезеңі
E.аденовирустық инфекция
?
102.Менинигитке күдікпен бала ауруханаға түсті, оның басы ауырған, бірнеше рет құсқан. Қарағанда менингиттік симптомдар оң: шүйде бұлшықеттерінің тартылуы мен Керниг симптомы бар. Люмбалдық пункция жасалды: цитоз 1800 жасуша, лимфоциттер – 25%, нейтрофилдер – 75%, Панди реакциясы ++, Нонне-Апельт ++. Клиникалық диагноз:
A.субарахноидальдік қан кету
B.менингизм синдромы
C.энтеровирусты сірлі менингит
D.туберкулездік сірлі менингит
E.іріңді менингит
?
103.Медициналық қарау кезінде балада шағым жоқ. Қанның биохимиялық талдауында жалпы биллирубин және оның фракциялары қалыпты түрде; қаннан ИФТ-да анти-HAV IgG және анти-HBcor Ig M табылды. Диагноз:
A.Д вирусты гепатит, сарғаюсыз, В гепатитпен бұрын ауырған
B.А вирусты гепатит, сарғаюмен, В гепатитпен бұрын ауырған
C.В вирусты гепатит, сарғаюмен, А гепатитпен бұрын ауырған
D.С вирусты гепатит, сарғаюсыз, В гепатитпен бұрын ауырған
E.В вирусты гепатит, сарғаюсыз, А гепатитпен бұрын ауырған
?
104. 3 айлық бала, туылғаннан бері емшектен тамақтанады. Қарау барысында анасы баланың мазасыздануына, зәр шығаруының азаюына, 3 аптадан бері баланың салмақ қосуы 250 грам құрауына байланысты шағымданды. Баланың қазіргі жағдайының себебін анықтаңыз:
А.Транзиторлы зәр-қышқылдық инфаркт
В.Гипогалактия
С.Зәр шығару жолдарындағы инфекция
D.Нормотрофия
Е.Физиологиялық салмақ жоғалту
?
105.Ауыр интранаталды кезеңде және туған кезде асфиксия болған баланың қанында метаболитикалық бұзылыстар (гипокальциемия, гипомагниемия, гипогликемия, гипернатриемия) анықталды. Нейросонографияда өрмекші қабатында арахноидальды киста бар. Бұл балада қандай синдром болу мүмкін:
бұлшықеттік гипотония
тырыспалық синдром
вертикалды нистагм
гипотермия
тахикардия
Достарыңызбен бөлісу: |