Дәріс мақсаты: Америка аймақтарын топтастыру және оларға сипаттама беру.
Терминдер мен анықтамалар. Солтүстік Америка аймағы. АҚШ. Канада.
Дәрістің топтама-тәсімі. Аймақ құрылымы. Құрлықты еуропалықтардың игеруі және Солтүстік Американың отарлық кезеңдегі дамуы. «Отарлық мұраның» салдарлары. Солтүстік Америкадағы федерацияның қалыптасу және территориялық өсу кезеңі.
Солтүстік Американың ресурстық базасы. Пайдалы қазбалар және табиғи ресурстар. Аймақ халқы. Экономикалық және ғылыми потенциалы. Солтүстік Америка елдерінің қазіргі шаруашылығының негізгі ерекшеліктері. Қазіргі әлемдік шаруашылықтағы аймақтың орны.
Солтүстік Америка елдерінің маңызды халықаралық және саяси ұйымдарға қатысуы. АҚШ көшбасшылығы. Аймақтың қазіргі саяси эволюциясы. Солтүстік Америкадағы ішкі аймақтық айырмашылықтарды негіздеуші факторлар, және оларды жеңу жолдары.
Бекіту сұрақтары: Солтүстік Америка аймағын қандай елдер құрайды?
Солтүстік Америка елдерінің даму ерекшеліктерін атаңыз.
Дәріс мақсаты: Америка аймақтарын топтастыру және оларға сипаттама беру.
Терминдер мен анықтамалар. Америка аймағы. АҚШ. Канада. Латын Америкасы.
Дәрістің топтама-тәсімі. Мемлекеттердің жалпы сипаттамасы (аумағы, халқы, билік ету формасы, әкімшілік-аумақтық құрылым). Географиялық және геосаяси орналасуы. Тарихи-географиялық ерекшеліктер. Аймақтық айырмашылықтар. Америка аймақтарының өндірістік инфрақұрылымы. Латын Америкасының жалпы сипаттамасы. Аймақтық айырмашылықтар. Латын Америкасының өндірістік инфрақұрылымының жалпы сипаттамасы. Американың халықаралық қаржы инфрақұрылымы. Америка аймақтарының әлеуметтік инфрақұрылымы. Латынамерикандық сәйкестілік. Әкімшілік-аумақтық аймақтандыру. Американың ежелгі халқы мен аймақшылдық. Канададағы «Квебектік аймақшылдық». Оңтүстік Америкадағы физикалық-географиялық аймақтандырылуы.
Бразилия, Мексика және Аргентина аймақ көшбасшылары ретінде. Артта қалған елдер. Аймақ мемлекеттерінің маңызды саяси және экономикалық халықаралық ұйымдарға қатысуы. Аймақтағы интеграциялық үрдістер ерекшелігі. Латын Америкасының қазіргі саяси эволюциясы.
Латын Америкасы – Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi (Рио-Браво-дель-Норте өзенінің оңтүстігінен бастап бүкiл Орталық Америка мен Вест-Үндістан аралдарын қамтиды) мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22,8 млн. км². Халқы 479 млн. адам. Латын Америкасы аймағы 34 тәуелсіз мемлекеттен және бірнеше тәуелді территориялардан тұрады. Территориялардың өлшеміне, экономикалық және ресурстың потенциалы, тұрғындардың этникалық құрамы, мемлекеттің саяси және рухани дәстүрлерінің әртүрлілігімен Латын Америкасында анықты бір өзгешелік білінеді және бұл қазіргі халықаралық қатынастарда оның орнын қалыптастырады.
Өткен ғасыр соңында Латын Америкасы елдерін қамтыған демократизациялы саяси режимдердің негізін толықтырушы жалпылама мінездеме рөлін атқарады. Бұл белгілерге сай аймақ бұрынғыдан бетер бірқалыптанды, ал ол өз алдына Латын Америкасы елдерінің сыртқы саясатына және халықаралық мәселелерді шешуші жолына жақындауға үлкен ықпал етті.
Экономикалық жағынан Латын Америкасы аймақты тұрақты тұрғындар жағынан, территорияларына байланысты әлемдік жүйедегі орташа сатыдан орын алады.
Экономиканың және сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайы бойынша Латын Америкасы олардың дамуының периферийлік келісімін айқындайды және оның сыртқы істерінен тәуелділігін көрсетеді. Қандай да болмасын жағдай Латын Америкасының сыртқы істерінің ісіне өз кесірін тигізетіні анықталды. Қазіргі кезге дейін Латын Америкасы елдері глобалды реттеу «клубына» кіру құқынан айрылған еді.