Информационное письмо



бет25/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Бекіту сұрақтары:

  1. Азияның физика-географиялық аймақтандырылуы қалай жүргізіледі?

  2. Азияның этникалық құрамы қандай?

  3. Әкімшілік-саяси тұрғыдан Шетелдік Азия қалай топтастырылады?

  4. Солтүстік-Шығыс Азия аймағына кіретін елдер тобын атаңыз.

  5. Оңтүстік Азия аймағы елдерін атаңыз?

27 дәрістің тақырыбы: Таяу Шығыс


Дәрістің мақсаты: Таяу шығыс аймағына кіретін елдерді анықтау және оларды классификациялау.
Дәрістің топтама-тәсімі. Таяу Шығыс. Араб аймағы. Мәдениет пен дін Азиядағы интеграциялық фактор ретінде.
Алдыңғы Азия және Солтүстік Африкада орналасқан аймақтың атауы. Атауды еуропалықтар өздеріне жақын жатқан шығыс аумақ болғандықтан осылай атаған.Негізгі халық: арабтар, парсылар, түріктер, күрдтер, еврейлер, армяндар, грузиндер және әзірбайжандар болып табылады. Халқының ауқымды бөлігінің діни наным сенімі – ислам, сондай-ақ бұл жерде индуизм мен христиандықта таралған. Таяу Шығыс арқылы Еуропа мен Африкадан Азияға бағытталған негізгі жол бар.
Қазіргі таңда Таяу Шығыс әлемнің ең мәселелі аймақтарының бірі. Бәлкім ең мәселелі аймағы.
Аймақ елдерінің әрқайсысы өз ішінде әртүрлі мөлшерде маңызды мәселелермен күресуге мәжбүр. Кейбір елдерде мемлекеттер бөлшектеуші қақтығыстарға қарсы күресуге тырысады. Кейбіреулерінде болса Әл-каида және ДАИШ сияқты ұлтқа жатпайтын радикал қақтығыс ұйымдары белгілі аймақтарды бақылауға алып отыр. Тіпті өздері билеген аймақтың алаңын кеңейтуге тырысуда.
Сирия, Йемен және Ливияда ашық түрде бір азаматтық соғыс болуда. Бірақ аймақта табыссыз мемлекеттер тек қана бұлар емес. Көптеген ел де бұл қауіпті кезеңнің алдында тұр. Оларда қазірше ішкі соғыс болмаса да әрқашан болуы мүмкін.
Бүгін бір ішкі соғыс жалғасқан жоғарыда аталған елдер үстінде сондай-ақ басқа аймақ мемлекеттері де бір күш және ықпалдылық соғысын жалғастыруда.
Мәзхабшыл бөлшектену аймақтың ең үлкен жараларының біріне айналған. Әрі көптеген елді іштен ішке кеміріп отырады, әрі аймақта мемлекет аралық ынтымақтастықтарды улайды.
Аймақ Катар мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты әлемнің ең бай 10 елі арасында орын алғандарды да қамтиды. Қақтығыс шықпаған елдерден Йемен сияқтылар болса үлкен кедейлікке душар. Егер Ауғанстан, Пәкістан және Суданды да аймақ елдеріне жатқызатын болсақ, жағдайдың ауырлығы одан да арта түседі.
Таяу Шығыс - 1900 жылдардың басынан бастап үздіксіз интервенцияларға ұшыраған бір аймақ. Бүкіл әлем мемлекеттерінің жеке есептері болатын бір жер. Әйтсе де Таяу Шығыс ұғымының өзі аймақтың операцияларға ұшырауының көрсеткіші ретінде пайда болған бір ұғым. Отарлаушы үлкен күштердің билік алаңын белгілеу талпыныстарының нәтижесінде ойлап шығарылған бір ұғым.
Аймақтың картасы да тікелей отарлаушы күштердің өзара бөлісу талпыныстары нәтижесінде ортаға шыққан. 1920 жылдардың бастапқы кезеңінен бері тікелей отаршыл билік астына кірмеген немесе отарлаушы күштермен қарым-қатынас арқылы пайда болмаған екі ғана мемлекет бар. Олар – Түркия мен Иран.
Аймақтың ең негізгі ерекшеліктерінің бірі әсіресе демократия кемшілігі деп аталған құқықтың үстемдігінің не еш қандай, не болмаса ішінара қабылданбаған болуы бірнешеуінен басқасы аймақ бойынша билік жүргізген саяси режим түрлерінің авторитаризм екені күдіксіз. Бірнешесінде болса құқықтың үстемдігі ереже ретінде қабылданса да, іс жүзінде маңызды қиыншылықтар болып жатқаны белгілі.
Өз қоғамына сенбеген және қоғамдық келіссөз негізіндегі тұрақты бір құқық мемлекетін жүзеге асыра алмаған құрылымдардың бір-біріне де сенуі қиын. Өз қоғамынан қорыққан режимдер азаматтарын бақылауға алғанда, бір жақтан көрші елдермен жаңа мәселелерге жол ашады және мұны күштерін нығайту мақсатты пайдаланады. Өйткені үздіксіз дағдарысты орта мұның ең жақсы жолдарының бірі. Бүгін Таяу Шығыста бәрінен де бір ел негізінде және аймақ көлемінде құқықтың үстемдігін орнату керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет