Дәрістің мақсаты: ТМД құрылу үрдісіне талдау жасау, посткеңестік кеңістіктегі аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсету.
Дәрістің топтама-тәсімі.ТМД аймағының қалыптасуы. Аймақтық ерекшеліктері. Ынтымақтастық, экономикалық және саяси байланыстары. Қазіргі жағдай, еуразиялық экономикалық қауымдастығы. Орталық-азиялық ынтымақтастық. ГУУАМ. Аймақтық ынтымақтастықтың болашағы.
Әлемдік тарихқа терең із қалдырған ХХ ғасырдың соңғы он жылдығындағы маңызды саяси оқиғалардың бірі Кеңес Одағының ыдырауы болып есептелінеді.Әлемдегі ең ірі және оның тарихындағы саяси, әлеуметтік – экономикалық интеграциялық құрылым – КСРО-ның ыдырауы кең байтақ Еуразия кеңістігіне және оның геосаяси жағдайына көптеген өзгерістер енгізді, сонымен қатар оның субъектілеріне келеңсіз құбылыс туғызды.
ТМД-ның пайда болуының саяси жағының өзі есте қаларлық оқиға. Кеңестер Одағының славян республикалары – Ресей Федерациясы, Украина мен Беларуссияның жетекшілері 1991 жылыдың желтоқсан айында 1922 жылғы Одақтық келісімнің өз күшін жойғандығы және ТМД-ны құру жайлы мәлімдеме жасады. Осыған жауап ретінде бес орталық – азиаттық республикалар жетекшілерінің Ашхабадтағы кездесуінде Түркменстан Президенті С. Ниязов Тәжікстанның қатыстырылуымен түрік конфедерациясын құруды ұсынды. Славян республикаларының жетекшілерімен келісім барысында бұл ұсыныс қолдау таппай, оның орнына құрылып жатқан ТМД құрамына мемлекеттік тәуелсіздік және теңдік негізінде кіру келісілді.
Бұрынғы КСРО кеңістігінде қалыптасқан интеграциялық топтар ішінде салыстырмалы түрде қарқынды да перспективті дамып келе жатқан ЕурАзЭҚ пен Беларусь және Ресей Одағы екенін айта аламыз.
Бұл ұйымдарды алға қойылған мақсаттары мен артықшылықтарына қарай 2 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ – Достастықтың барлық 12 елі әзірше дайын емес, неғұрлым экономикалық және саяси өзара әрекет ету жөнінде шешім қабылдау сияқты жолдармен интеграцияны жеделдетуді мақсат етіп қояды. Бұған ЕурАзЭҚ пен Беларусь және Ресей Одағын жатқызуға болады.
Екінші топ – бұл аймақтық мүдделер негізінде қалыптасқан бірлестіктер: транспорттық – коммуникациялық әлуеттерін бірлесіп пайдалануда ортақ мүдделерді көздейтін ОАЭҚ және ГУУАМ. Бұл ұйымдарда өзара әрекеттесуді куәләндыратын ортақ Егер ЕурАзЭҚ пен Беларусь және Ресей Одағы интеграциялық процеске енген мемлекеттер үшін өзінің ұтымдылығы мен тиімділігін көрсетсе, бұл болашақта Достастықты анағұрлым белсенді әрекеттерге итермелеуге әсер етеді.
Сондықтан да қазіргі уақытта тұтастай ТМД емес, керісінше, оның территориясындағы пайда болған бірлестіктер ішіндегі интеграциялық әлуетті дамытуға үлкен аударған жөн.
Әлемдік тарихқа терең із қалдырған ХХ ғасырдың соңғы он жылдығындағы маңызды саяси оқиғалардың бірі Кеңес Одағының ыдырауы болып есептелінеді.Әлемдегі ең ірі және оның тарихындағы саяси, әлеуметтік – экономикалық интеграциялық құрылым – КСРО – ның ыдырауы кең байтақ Еуразия кеңістігіне және оның геосаяси жағдайына көптеген өзгерістер енгізді, сонымен қатар оның субъектілеріне келеңсіз құбылыс туғызды.
Осы жағдайға байланысты американ саясаттанушысы З. Бжезинский былай деген: «Біріншісі, КСРО-ның күйреуінің себебі, ондағы қордаланған мәселелердің барлығы догматикалық түрде жоққа шығарылады. Бүкіл жүйе ұйымдасқан түрде өзін-өзі алдау негізінде құрылды. Екіншісі, американ қоғамдық пікір бойынша, кеңестік республикалардың арасында Қазақстан беделі жоғары елдердің бірі болып табылады». Дегенмен, Кеңес империясының ыдырауы адамзат дамуының жалпы заңдылықтарын жойған жоқ, олардың бірі – интеграция. КСРО ыдырағаннан кейін ізінше оның орнындағы 15 жаңа мемлекеттердің 12-сі өзара қарым-қатынасты қайта құру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы түрінде ұйымдық форма орнатқаны белгілі.
ТМД-нің пайда болуының саяси жағының өзі есте қаларлық оқиға. Кеңестер Одағының славян республикалары – Ресей Федерациясы, Украина мен Беларуссияның жетекшілері 1991 жылыдың желтоқсан айында 1922 жылғы Одақтық келісімнің өз күшін жойғандығы және ТМД – нің құру жайлы мәлімдеме жасады. Осыған жауап ретінде бес орталық – азиаттық республикалар жетекшілерінің Ашхабадтағы кездесуінде Түркменстан Президенті С. Ниязов Тәжікстанның қатыстырылуымен түрік конфедерациясын құруды ұсынды. Славян республикаларының жетекшілерімен келісім барысында бұл ұсыныс қолдау таппай, оның орнына құрылып жатқан ТМД құрамына мемлекеттік тәуелсіздік және теңдік негізінде кіру келісілді. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Алматы Декларациясына қолдарын қойды. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
Қазіргі кездегі көп деңгейлі интеграцияның тиімділігі – ол қажетті шарт ретінде аймақтық мүдделерді есепке алады және басқалардың жалпы саяси және экономикалық мүдделері мен міндеттеріне нұқсан келтірмейтіндей аймақтық келісімдер жасайды. Мұндай келісімдер: 1995 жылы 30 қаңтарда Қазақстан мен Ресей Президенттері кездесіп, кейін Беларусь, Қазақстан және Ресей саммиттерінің арасында Кедендік Одақ жайлы Келісімге қол қойылды, сондай – ақ 1996 жылдың 29 наурызында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей арасында «4 + N» келісім - шарты жасалды.
ТМД елдеріндегі қиыншылықтар «жас мемлекеттердің» жалғыз әрекет ете алмайтындықтарын байқатты. Бұл елдердің бір – бірінен өте тығыз экономикалық байланыста екендігін көптеген шаруашылық және қаржылық процестер куәландырады. Оның бір аргументі Ресейдегі 1998 ж. Тамыз айында орын алған қаржы – экономикалық дағдарыстың бұрынғы КСРО республикаларына әсері нәтижесінде, ТМД – ның Мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәлімдеуінше, 1998 ж. қорытындысы бойынша Достастық шеңберіндегі ЖІӨ - ді 1997 ж. салыстырғанда тағы да 3,5% - ға төмендеді. Соққы нәтижесінде бұрынғы 12 кеңестік республикалардың жиынтық ЖІӨ - і 1990 ж. көрсеткіштің 46% - н ғана құрап, 2 еседен астам төмен деңгейге жетті.
Басқа интеграциялық топтарға қарағанда ТМД терең экономикалық дағдарыс жағдайында қалыптасты. ТМД – ның ең ірі елі Ресей қазіргі уақытқа дейін өзінің ресурстарымен интеграция процесін қолдай алмады. ТМД елдерінің көпшілігі үшін шет ел инвестициясы дағдарыстан шығудың басты жолына айналды. Ең ірі деген Ресейдің өзінде ТМД елдерімен тауар айналымы 1991 – 2001 ж.ж. аралығында 7 есеге дейін төмендеді ( 23,4 млрд. долларға дейін ).
Қазіргі уақытта ТМД ортақ нарық құрудың алғашқы кезеңдерінде деуге болады және оны қалыптастыруда ТМД барлық мүшелері тең дәрежеде қатыспайды. ТМД – дағы интеграциялық процестерге оған қатысушы елдердің әртүрлі дәрежедегі дайындықтары және терең экономикалық өзгерістер жүргізуге олардың әртүрлі көзқарастары әсер етеді, мысалы, өз бағытын табуға ұмтылу (Өзбекстан, Украина), лидерлік рөл ұстану (Ресей, Беларуссия, Қазақстан), күрделі келісім – шарт процестеріне қатысудан бас тарту (Түркменстан), әскери – саяси қолдау табуға ұмтылыс (Тәжікстан), Достастық есебінен өзінің ішкі мәселелеріне шешім іздеу (Әзірбайжан, Армения, Грузия ) т.б.
Достастық елдеріндегі бірігулер тек нарықтық реформалау аяқталғаннан кейін ғана мүмкін деген пікірлер интеграция кедергілерінің бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибе интеграцияның бұл кедергілерден әлдеқайда күштірек екенін көрсетеді. Мысалы, социалистік Вьетнам өзінің нашар дамыған нарықтық қатынастарымен және әлсіз өндірісімен 1995ж. қазіргі әлемдік лидерлердің бірі – Оңтүстік Батыс Азия бірлестігіне мүшелікке енді. Бұл, өз кезегінде, Вьетнамдағы реформаларды тез арада жеделдетті.
Сонымен қатар, ТМД – дағы интеграция кедергілерінің тағы бір көлемдісі – шикізат және өңдеу салаларындағы мүдделердің қарама – қайшылығы. ТМД – ның қай жолмен дамуына интеграция перспективасы тәуелді болмақ.
ТМД интеграциясына басқа да факторлардың әсерін айтуға болады. Мысалы, Ресейдің Күнгей Кавказ мемлекеттерімен кедендік одақ құруына кедергілердің бірі – аймақтық жанжалдар.
Сөйтіп, ТМД мемлекеттеріндегі интеграцияның бірқатар маңызды ерекшеліктері:
ТМД – ға экономикалық даму деңгейлері бойынша едәуір айырмашылықтары бар елдер бірігеді (Ресей, Қазақстан, Беларусь тұрғындарының нақты табысынан әлдеқайда жоғары). Мұндай елдер Евроодақ сияқты бірлестіктер құра алмайды және олар әдетте капитал құрылысы мен еркін сауда аймағын құрумен шектеледі. (мысалы, НАФТА )
ТМД құрамына сауда көлемінің негізгі бөлігі басқа мемлекеттерге (үшінші елдерге) бағытталған елдер біріккен. Айталық, Ресей мен Әзірбайжанның сыртқы сауда айналымындағы ТМД үлесі 19 % - ды құрайды, Қазақстанда - 37%, Украинада - 44%, Қырғызстанда - 48%, Беларусь пен Тәжікстанда – 65%.
ТМД құрамына шикізат әлуетімен басымдылық танытатын елдер (Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан ), сондай – ақ табиғи ресурстарға кедей (салыстырмалы түрде) елдер де кіреді (Грузия, Молдова, Беларусь, Украина т.б.). Әлемде мұндай бірлестіктер аналогы кездеспейді.
ТМД шеңберінде әлемдік несиеге тәуелді қарыз – елдер біріккен. ХВҚ, Дүниежүзілік банк, АҚШ Достастық елдерінің РФ – на интеграциялануына және бұл елдерде жоғары технологияның дамуына қарсы сыңай білдіреді. Дегенмен, Ресейдің қатынасуынсыз Орталықазиялық экономикалық қауымдастық, «Кавказ парламенті», ГУУАМ сияқты интеграциялық бірлестіктер белсенді қаржылық қолдау табуда.
ТМД елдерінен құралған аймақтық бірлестіктердің тұтастай Достастықтың макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі үлес салмақтары әртүрлі. ТМД – ғы үлесі жоғарысы – ЕурАзЭҚ, кему тәртібі бойынша одан кейін Беларусь және Ресей Одағы, ГУУАМ және ОАЭҚ.