Информационное письмо


Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалау



Pdf көрінісі
бет7/73
Дата08.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#80473
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73
3. Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалау. Мектепке оқуға 
психологиялық дайындығын диагностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына 
қойылатын талаптар. Мектепте оқуға психологиялық дайындықты диагностикалау ең 
алғаш рет шет елдерде қолданыла бастады. Шет елдік зерттеулерде ол мектептік жетілу 
диагностикасы ретінде белгіленеді. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін 
бөліп көрсетеді: 

-зияттылық 

-эмоциялық 

-әлеуметтік 
Бөлінген шамалардың негізінде мектептік жетілуді анықтайтын тесттер жасалады. 
Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтай отырып, балалар практикалық 
психологы мұны не үшін жасап жатқанын анық білуі керек. Баланың мектепке 
психологиялық дайындығын диагностикалауда мынандай мақсаттар болады: 
1. Оқу-тәрбие үдерісінде балаға дара қатынас жасаудың жолын анықтау үшін 
олардың психикалық дамуының ерекшеліктерін түсіну 
2.
Мектептегі оқуға дайын емес балаларды анықтау; бұл баланың мектепке 
бейімделе алмаушылығы мен үлгермеушілігінің алдын алуға бағытталған 
дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатын көздейді; 
3.
Болашақ 1-сынып оқушыларын олардың «таяудағы даму аймағына» сәйкес 
сыныптарға бөлу; бұл әрбір балаға өзіне тиімді режимде дамуға мүмкіндік беру 
мақсатын көздейді; 
4.
Мектепке оқуға дайын емес балаларды бір жылға кейін оқуға шегеру; бұл 
тек алты жастағы балаларға қатысты. 
 
№3 дәрістің тақырыбы: Кіші мектеп шағындағылардың психикалық дамуы 
Дәріс мазмұны:
1. Орта балалық шақтағы денелік даму және морфо-функционалдық өзгеріс
2. Орта балалық шағындағы когнитивтік даму
3. Сөйлеу және сауаттылық
Мақсаты:Мектепке дейінгі жастық психологиялық физиологиялық даму үрдісімен 
және осы кезеңдегі негізгі әрекет түрі оқу еңбегінің баланың өзін-өзі бағалауындағы 
маңызын түсіндіру. 
1.Бастауыш мектеп жасы –қимыл –қозғалыс қабілетінің қалыптасатын және тәуелсіз
әрекет ететін кезең. Орта балалық шақ қазіргі кезеңде 6-дан 12 жаска дейінгі балалар 
өмірінің кезеңі өте маңызды,осы уақытта олар көптеген нәрселерді үйренеді оқу мен 
арифметикадан бастап доп ойнаумен биге дейін.Бұл өзімен-өзі күресу нәтижесінде 
қоршаған ортамен байланысуддан пайда болған қиын мәселелерді шешетін және нәресте 
өз күшін сынайтын уақыт.Осы қиындықтарды женгендер өмірде өзіне-өзі сенімді және 
бейімді болып келеді; ал осы сынақтардан сәтсіз өткендерде толымсыздық комплексі 
пайда болады және ол көп кезеңге дейін сақталып қалады . 
Э.Эриксон бұл шақты жасампаздық кезең деп атады.Ерте балалық шақпен 
салыстырғанда бұл кезеңде бойының өсуі баяу, бірқалыпты жүреді. 6 жастағы бала 
шамаман 20,5 кг салмақ және 106 см бойы болады. Мектепке келгеннен бастап бастап қыз 


балаларда 9 жасқа дейін , ал ер балаларда 11жасқа дейін созылады.Бала бойының өсуіне 
өскен ортасының, тамақтану, жыныстық және генетикалық факторлардың әсері болады. 
Блшалық кезеңде бойының өсуімен қатар сүйектері өседі. Сүйек өсуі кезінде көбінесе 
түңгілік уақыттарда ару туғызады. 
6 немесе 7 жастан бастап балалар «сүтті»тістерін жоғалтады.Тұрақты тістер шықан 
кезде,олар кейде баланың аузында өте үлкен болып көрінеді. Май ұлпаларының дамуы 6 
жасқа дейін созылады. Содан кейін теріастындағы май қабаттарының кішірейуі 
қалыптасады. Бұлшықеттің дамуы осы кезеңде қыз бала мен ер балаларда бірдей болады, 
да жасөспірімдік кезеңде ер балаларда артығырақ қалыптасады. 8 жаста баланың бас миы 
үлкендердің миының көлемінің 90 % құрайды. Соның ішінде мидың сана мен ойлауға 
жауап беретін бөлігі үлкейеді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда ми 
жасушаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері күрделі қызмет атқарады. 
Әсіресе теріс индукцияның негізінде пайда болатын тежелу үстем алып, осының 
нәтижесінде бала өзін-өзі меңгере алуын өзін-өзі тежей алуына мүмкіндігі бар. 
Орта балалық шақ-балалар өзінің қозғалыстық әрекеттерінің игеруі және тәуелсіз 
болу уақыты.Жақсы мумкіндіктер мен арнайы оқуды пайдалануы арқылы олар велосипед 
тебу,скакалка секіру,билеуді,жазуды және музыкалық аспаптарды уйренуді алғашқыда 
бейсбол,баскетбол және футбол секілді командалық спорт турлері қозғалыс 
кординацияның жақсаруы арқылы өзінің негізгі мағынасына ие болады.
Ата-аналар осы кездегі балаларда қаңқасы мен байламдары әлі қатаймаған екенін 
білуі керек,сол себептен жаттығуларда улкен жуктемелер көптеген жарақаттарға әкеліп 
соқтырады.
Бастауыш мектеп жасындағы бала бақылаулы мақсатқа бағытталған қозғалыстар 
жасай алады.5 жасқа келгенде бала әдетте балабақшадағы дайындық топқа түседі.Ол 
жеткілікті локомотрлық дағдылар бар,жүгіру,бір аяқпен секіру дағдыларын біледі. Пайда 
болған денелік ептілік түрлі спортқа және белсенді қимылға қызығушылыққа 
ұрындырады. 7 жастағы бала допты 10,5м қашықтыққа лақтыра алады. Ал 10жаста екі 
есеге ,12 жаста үш есеге артады. Қол қимылдарының дамуы осы кезеңде нақты, қиын 
қимылдар жасауға дағдыланады. Дайындық сыныбындағы мұғалімдер балаларға 
қарандашпен, бояулармен сурет салуға, қағаз қиуға пластелин мен
Балшықтан әртүрлі бейнелер жасауға үйретеді. Осы әрекеттер барысында дөңгелек, 
төртбұрыш, үшбұрыш салуға қиындықпен бейімделсе болашақта жазу дағдысын игеру де 
қиын болады.
Осы кезеңде өз денесін басқара алады.«Мен жасай аламын» деп өздік бағалауын 
дамытады.
Балалық шақ- адам өміріндегі денсаулығы жақсы болатын кезең. Тек тұмау , құлақ , 
ішекқұрылыс аурулары ғана кездеседі.Кейбір зерттеушілер осы аурулар баланың 
психологиялық дамуына жағмды әсер етеді деп анықтаған.Осы ауруларды басынан 
өткергеннің негізінде балаларда стресті жеңе білуге үйренеді. Сонымен қата р ауру адамға 
деген эмпатиялық қабілеті пайда болады.
2. Ж. Пиаженің айтуы бойынша бастауыш мектеп жасындағы балалар нақты ой-
операциаларына сәйкес келетін интелектілік даму кезеңі. Баланың мектепке баруы 
өмірінде үлкен өзгеріске алып келеді және мектеп интелектуаллды дамуының негізін 
құрайды. Пиаже анықтағандай 5 жас 7 жас кезеңі операцияға дейінгі периодтан нақты 
операциялық ойлау деңгейіне ауысады. Ойлау интуитивті эгоцентрикалық деңгейге 
көтеріледі. Эгоцентризм дегеніміз- тұлғаның өз мақсатына байланысты әрекетін 
шоғырландыру. Балалар обьектінің өзгеретінінің әртүрлі жағдайларға түсетінін біледі. 
Нақты ойлауы қалыптасқан балалар өмір туралы және болашақтан не күтетіні, қандай
өзгерістер болатыны туралы ой қорытындыларын жасай алады.Пиаже кері ойлау әрекетін 
операция деп анықтай келе бастауыш мектеп жасында бала нақты обьекті 
бойынша,абстракция арқылы тұжырым жасайды.Пиаженің негізгі ұғымдары математика 
саласында педагокикада қолдануға тиімді.Мысалы (5+8*13 немесе 13-5*8). Бұл 
матеметика ғылымындағы қосындының орны ауысса да --- 
5 жастан кейін есінде қалған заттарды қайта жаңғырту саны артады. Бұл кезеңде 
белгілі бір материалды есте қалдыру үшін алдарына мақсат қойады.Бала обьектіге қарап 


тұрып есінде нақты қалғанын сенімді болғанша іштей қайталайды.осы кезеңдегі есте 
қалдыру жаттығулары: 1.Қайталау.2.Ұйымдастыру. 3.Семантикалық өңдеу,4. Саналы 
бейнелер құрастыру. 5.Есте сақтауға хабар іздеу.6.Сценария құрастыру. Семантика 
дегеніміз-сөздердің, сөйлемнің мағынасы. 
3. Бастауыш мектеп жасы –ол ауызша сөйлеу қабілетінің қалыптасу кезеңі. Тілдің 
дамуының бұл кезеңдегі жетістігіне оқу және жазуға байланысты дағдыны меңгеруі 
жатады. Оқу- бұл ауызша текстінің мазмұнын түсіну ал жазу мазмұнын жазу түрінде 
беру.Оқу және жазу символикалық қарым-қатынастың түрі. Осы оқу, жазу арқылы қарым-
қатынасын дамытып сыртқы ортамен байланыс орнатады және ішкі әлемі мен сезіміне 
әсер етеді. 
Осы кезеңдегі сауаттылықтың негізгі компоненттеріне; 
1.Қоршаған ортаның жазу дағдысына әсері. 
2.Қоршаған ортаның ықпалынан ауызша сөйлеудің дамуы. 
3.Қызықты тәжірибелерді үйрену. 
4.Жазуға өздігінен дағдылану 
5.Өздігінен ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. 
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден 
қалыптаспайды. Жеке пәндермен сабақтарды ойдағыдай үлегеру үшін алдымен баланың 
оған ықыласы болуы шарт. Осы жас кезеңінде тапсырма екі түрлі жолмен беріледі. 1) 
берілген тапсырманы орындау үшін жауап іздестіру ретінде берілмейді.2) берілген 
тапсырманы орындау үшін жауап іздестіру ретінде беріледі. Кост және оның 
жақтаушылары 6 түрлі ойлау әрекетінің даму сатыларын көрсетті;1) Есте ұстау 2)қайта 
жаңғырту 3) негіз салу 4) Реорганизация; жаңа ситуацияларды бұрыннан пайда болған 
міндеттердің негізінде шешім қабылдау.5)Бұрынғы біліммен жаңа білімнің байланысы: 6) 
Рефлексия. Ой толғаныс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет