Байланысты: СИЛАБУС Қаз қазақ тілі фон лексика жаңа (2)
25-26 дәріс: Қазақ тілі лексикасының қолданылу сипаты. Лексика, лексикология және стилистика — бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп — әдетте тілдегі барық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым; яғни тіл білімінің сөз мағынасын, онын, шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік-эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шетелдер тілінен енген терминдер мен түрлі жана сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарыньщ қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Рас, сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар. Мысалы мына бір үзінділерге көңіл аударып көрейік.
Білігі артық Қарашаш (Батырлар жыры); Заявление — арыз, Тексеру бізге парыз (I. Жансүгіров); Сөйлеп көр тіл мен жақ. Сө-зіңнің бэрі хақ (С. Сейфуллин);Атаның адал батасын, анаңның ақ сүтін ерлікпен ақтау саған парыз (Б. Момышұлы); Бізге бригади-ріміз Кудрявцев сияқты білікті құрылысшы болу элі ертерек (га-зеттен); Қазақ халқының, оның ескі тайпаларының, талай тарихи шытырман кезеңді өткермегі де хақ, талай жазу-сызу жоралғыла-рына бірде тікелей, бірде жанамалай жанаспағы да хақ (ғылыми мақаладан). Жерді тыңғылықты өңдеп, баптау ең алдымен трак-торшыныц парызы (газеттен). Осы үзінділердегі білік (білікті), парыз, хақ, улан лексикамызда жалпы белгілі сөздер. Бірак, олар тіліміздегі әр түрлі стильдерде қолданылуы жағынан бірдей емес. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардьщ өзінен-ақ оңай байқаймыз. Ілгерідегі мысалдарды өз ара салыстыру арқылы да осыны аңғарамыз. Бұл арада әр түрлі стильде қолданылған бір сөзге әдейі тоқталып отырмыз. Өйткені ондай жеке сөздін, стиль түрлерінің кез келгеніне жарасып, қонымдылық табуы мүмкін емес. Дегенмен қай тілде де қандай бір сөз болмасын, ол өзінің табиғаты, жалпы қолданылу ерекшелігі жөнінен көбінесе белгілі, бір ғана стильге бейімірек тұрады. Лексикология мен стилистиканық бір-бірімен байланысты, олардың әдетте өз ара тығыз қарым-қатынаста болатыны міне осыдан. Парыз есімін тракторшы дегенмен қосақтау, яғни тракторшының парызы деу қай жағынан да келісіп тұрған жоқ. Бұдан гөрі тракторшының міндеті түрінде қолданылғаны әлдеқайда орынды. Дұрысының өзі де сол. Себебі парыз сөзі көбінесе көркем әдебиет стиліне тән құбылыс. Кейде публицистикалық стильде де қолданыла береді. Ал күнделікті баспасөз бетінде жарияланып жататын ресми шағын хабарда парыз есімін пайдалану, оны және тракторшы дегенмен тіркестіру стиль шартына үнемі дәл келе бермейді, ұтымды да болып шықпайды. Ол сондай-ақ ғылыми стильге де, ресми кеңсе тіліне де үйлесімді емес. Мұны, яғни қандай да бір тілдік құбылысты, стильдік өңіне қарай талғап қолдану қажеттігін, сондай-ақ ұлан, саңлақ, марқаю сөздерінен де айқын көруге болады.