Информационное письмо


-22 дәріс: Қазақ тіліндегі синонимдер, түрлері



бет15/45
Дата10.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#80862
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
СИЛАБУС Қаз қазақ тілі фон лексика жаңа (2)

21-22 дәріс: Қазақ тіліндегі синонимдер, түрлері
Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Синонимдер кем дегенде,екі сөзден болады. Одан да көп сөзден болуы мүмкін. Мысалы: сабырлы,байсалды,төзімді,ұстамды,салмақты.
1.Екі сөздің сырт формасы мүлдем басқа болып келуінен жасалады: адам – кісі; ел-халық; надан – топас; үлкен – зор; әдейі – қасақана; нану – сену т.б.
2.Кейде синонимдік қатарға енген сөздердің бірді-екілі дыбыстарында ғана өзгеріс болып келеді: мағлумат – мәлімет т.б.
3.Түбірлерге қосымшалар қосып, негізгі түбір мен туынды түбір біріне-бірі синоним болады: жара – жарақат, ағын – ағыс, ық – ықтасын, қап – қапшық, келін – келіншек т.б.
Синонимге тән негізгі бес түрлі белгі бар:
а) Синонимдер кемінде екі сөз болуы керек;
ә) Синонимдерге енетін сөздердің мағыналары үйлес, жақын болуы керек;
б) Синонимдер үнемі бір сөз табынан болуы керек;
в) Синонимдер белгілі бір сөз табына тән грамматикалық тұлғада тұруы шарт;
г) Бірін-бірі ауыстыратын синонимдер сөйлемнің бір-ақ мүшесінің қызметін атқаруы керек.
Синонимдер негізінен үш сөз табынан жасалады.
Зат есімнен жасалған синонимдер: кескін, пішін, бейне, мүсін т.б. Сын есімнен жасалған синонимдер: қайғылы, уайымды, мұңды, қасіретті, қапалы т.б. Етістіктен жасалған синонимдер: айту, жеткізу, сөйлеу, хабарлау т.б. Сондай-ақ, синоним қатары үстеулерден де болуы мүмкін.Мысалы: Жақып бұл хабарды шапшаң жеткізді. Жақып бұл хабарды тез жеткізді. Жақып бұл хабарды дереу жеткізді. Жақып бұл хабарды жедел жеткізді.


23-24 дәріс: Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы және шығу арналары
Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына, мысалы, мынадай сөздер енеді. 1. Табиғат құбылыстарының атаудары : жер, су, өзен, көл, тас, жел, ай, күн, және т.б. 2. Еңбек үдерісіне байланысты сөздер: егу, ору, жырту, кесу, пісіру және т.б. 3. Еңбек құралдарының аттары: орақ, күрек, айыр, біз, пышақ және т.б. 4. Мал атаулары: жылқы, ат, байтал, құлын, өгіз, түйе, қозы және т.б. 5. Аң-құс атаулары: түлкі, қоян, қасқыр, аю, қарға, бүркіт, тауық және т.б. 6. Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, ауыз және т.б. Негізгі сөздік қордағы сөздер сол тілде сөйлеушілердің барлығына ортақ болуы тиіс. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік- экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз дерлік толығу, даму күйінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет