Информатика әдістемелік нұСҚАУ


Топтастыру: «Социометрия» әдісі



бет105/160
Дата21.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#120143
түріПрограмма
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   160
Топтастыру: «Социометрия» әдісі.
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін- бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.


(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.

Оқушылар шеңберде тұрып, «заттар интернетімен» байланысты сөз тіркестерін айтып шығады.



  • «Ақылды үй» туралы не білесің?

  • «Ақылды үйді» жүйенің қандай белгілері бойынша анықтауға болады?




Сабақтың ортасы 26 мин.

Оқулықпен жұмыс
Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады:
+ - мұны білемін;
- мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
«Джигсо» әдісі
Әр топ «Ақылды үй» және датчиктерден деректерді беруді ұйымдастыру» постерін дайындайды Өзара бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Білу және түсіну

  1. «Ақылды үй» дегеніміз не?

  2. «Ақылды үй» жүйесіне қандай міндеттерді артуға болады?

  3. «Ақылды үйдің» негізгі сипаттамаларын атап бер.

  4. Бірыңғай басқару жүйесіне қандай жүйелер кіреді?

  5. «Ақылды үйде» қандай датчиктер пайдаланылады?



Қолдану
Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгейі. Тапсырыс беруші сендерге жарықтандыруда «Ақылды үй» жобасын жасауды ұсынды. Сендерге қандай құрылымдар қажет болатынын ұсыныңдар.
В деңгейі. Интернеттің іздеу жүйесін пайдаланып, «Ақылды үй» прайс парағын жасаңдар, орташа құнын есептеңдер.
С деңгейі. httr://smarta.kz/solutions/Smart-house сайтының материалдарын зерттеңдер, егер сендерге «Ақылды үй» таныстырылымын жасауды ұсынса, сайтқа қандай өзгеріс енгізер едіңдер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет