1.Топтық жұмыс: Әр топ OneDrive-та келесі тапсырмаларды орындайды.
а) Сервис қызметіндегі Құжаттар бөлімін қолдана отырып, «Топ туралы мәлімет» құжатын жасаңдар.
б) Сервис қызметін қолдана отырып, «Отан неден басталады ... » таныстырылымын жасаңдар.
в) Сервис қызметін қолдана отырып, түйіндеме үлгісін жасаңдар.
Қалыптастырушы бағалау: Тапсырма соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөздер» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қатысу, тапсырманы орындау деңгейіне қарай жүргізіледі. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.
Жұптық жұмыс: №1 тапсырма:Dropbox бұлттық сақтау қызметі пайдаланушыға қандай көлем береді?
5 Гб
15Гб
10Гб
100Гб
2Гб
№2 тапсырма:Мәтіндегі бос орындарды берілген сөздермен толтыр.
______________бұлттық жүйесі пайдаланушыларға арнайы серверлерге фильмдер, музыкалық файлдар, __________ және электронды кестелер жүктеуге арналған. Серверге _____________ арқылы тікелей кіруге болады. Жүйе _____________ түрде жұмыс істейді. Бұлттық жүйеде 1 мыңға дейін музыкалық файл сақтауға болады.
Түйін сөздер:
Таныстырылымдар
Онлайн
Браузер
Google Play