Оқушылар: Стартаптың не екенін түсіндіреді.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: стартап.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
стартап деген…
Стартаптың даму өзектілігі …
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.
«Идеялар себеті» әдісі
Тақтада себет белгісі бейнеленген, онда шартты түрде оқушылар меңгеріп жатқан тақырып туралы нәрсенің бәрі салынған. Ақпарат алмасу келесі рәсім бойынша жүргізіледі:
1. "Стартап" тақырыбы бойынша оқушыларға не белгілі екені туралы тікелей сұрақ қойылады:
– Стартап дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
Алдымен әрбір оқушы қандай да бір мәселе бойынша (қатаң жеке жұмыс, ұзақтығы 1-2 минут) білгенінің барлығын есіне алады және дәптеріне жазады.
Содан кейін жұптар мен топтарда ақпарат алмасу болады. Оқушылар бір-бірімен белгілі білімімен (топтық жұмыс) бөліседі. Талқылау уақыты 3 минуттан аспайды. Бұл талқылау ұйымдастырылған болуы тиіс, мысалы, оқушылар ұсыныстардың қай жағы сәйкес келгенін, неге байланысты келіспеушіліктер туындағанын анықтауы тиіс.
Әрі қарай әр топ шеңбер бойынша бір мәліметті немесе фактіні атайды, бұрын айтылғандарды қайталамайды (идеялар тізімі жасалады).
Мұғалім барлық мәліметтерді тезис түрінде идеялар "себетіне" салады (түсіндірмесіз), тіпті олар қате болуы да мүмкін. Идеялар себетіне сабақ тақырыбына қатысы бар фактілерді, пікірлерді, мәселелерді, ұғымдарды "салуға" болады. Әрі қарай сабақтың барысында бұл қайшы фактілер немесе пікірлер, проблемалар немесе ұғымдар логикалық тізбектермен байланыстырылады.
Жаңа ақпараттың игерілуіне қарай қателердің бәрі түзетіледі.