Оқушы:
Мәшинелік оқыту, нейрондық желілердің қағидаларын түсіндіре алады; Жасанды интеллект жүйесін қолданатын салаларды сипаттай алады;
«Мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану саласын сипаттай алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология:нейрондық желілер, мәшинелік оқыту, ЖИ, шешімдер ағашын құру арқылы мәшинелік оқыту, семантикалық желілер құру арқылы мәшинелік оқыту.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Менің зерттеуімнің мақсаты …
Нейрондық желілердің қағидалары … болып саналады.
Нейрондық желілердің мысалдары … болып саналады.
... деп ойлаймын/болжаймын/сенемін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.