Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
11.2.4.1 - виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың мақсатын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың мақсатын түсіндіру.
Бағалау критерийлері
Мағынасын біледі; виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың мақсатын түсіндіреді, виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың мақсатын біледі; виртуалды шынайылықтың мақсатын сипаттайды; виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың сипаттамаларын салыстыра алады.
Оқушылар: Виртуалды шынайылық ұғымын түсіндіре алады;
Виртуалды әлем мен қосымша әлемнің ерекше белгілері туралы айтып бере алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология:виртуалды шынайылық, кеңейтілген шынайылық, аралас шынайылық.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Виртуалды әлемнің мақсаты … .
Виртуалды әлемнің артықшылықтары мен кемшіліктері: … .
... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.
Құндылықтарға баулу
“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.