Ұйымдастыру кезеңі. «Достармен кездесу уақыты» ойыны. Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады. Сонымен сынып 4 топқа бірігеді.
«Қар кесегі» әдісі Әр оқушы өткен сабақта не өткенін есіне түсіреді, алдыңғы оқушыны қайталамауға тырысады немесе оның жауабын толықтырады. Оқушылардың бәрі жауап берген соң мұғалімнің таңдауы бойынша немесе өз қалауы бойынша шыққан бір оқушы қорытынды жасайды.
Тақырып және сабақтың мақсаты құрылады.
Сабақтың ортасы 26 мин.
Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады: