Таратпа материалдар - 1
Мәшинелік оқыту
|
Бұл процесс барысында жүйе көптеген мысалдарды өңдейді, заңдылықтарды анықтайды және жаңа деректердің сипаттамасын болжау үшін оларды қолданады.
|
Мұғаліммен оқыту
|
Мұндай оқытудың ерекшелігі – деректер белгілі дұрыс жауаптармен, яғни белгілермен берілген.
|
Мұғалімсіз оқыту
|
Білім алушыға белгісіз жауаптарды алдын ала табу міндеті қойылған жағдайда қолданылады. Модельде деректер жиынтығы бар, бірақ онымен не
істеу керектігі туралы анық нұсқаулар жоқ.
|
Кластерлеу
|
Нысандар жиынтығы, оларды топтастыру, ұқсас нысандар тобын табу керек.
|
САБАҚ
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Нейрондық желілер
|
Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)
|
- мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру
- өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау
11.3.4.4 - жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау
|
Сабақтың мақсаты
|
Мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру
|
Бағалау критерийлері
|
Нейрондық желілердің не екенін біледі.
Жасанды нейрондардың әрекет ету қағидаларын сипаттайды. Жасанды нейрондық желілерді қолдану салаларын талқылайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Мәшинелік оқыту қағидаларын түсіндіре алады;
Жасанды интеллекті қолданылатын салаларын сипаттай алады;
«Мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану арқылы нысандарды сипаттай алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: нейрон, синапс, нейрондық желі, жасанды нейрондық желі, жасанды нейрон, кіріс қабат, шығыс қабат, жасырын қабат, активациялық функция. Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:
Нейрондық желілер өте танымал, өйткені … .
Жасанды нейронның негізгі құрамдастары – … .
Нейрондық желілерді қолдану модельдері – … .
… деп ойлаймын/болжаймын/сенемін.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |