“Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.
Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
Биология
Әріптестеріңмен пәнаралық байланысты талқылап, бастапқы ақпарат көзіне жүгініңдер.
Пәнаралық байланыстың сабақта қалай жүзеге асатынын көрсетіңдер (әрекеттер және/немесе мазмұн арқылы)
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Қызығушылықты ояту: «Бұлт үстіндегі саяхат» әдісі. Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең тыныс алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін (30 секунд). Енді сендер тағы да
бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. /Бұл оқушыларға псиологиялық жағымды ахуал туғызады/.