№3 тапсырма:НБА және KNN алгоритмдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін бөл.
MS Excel-де «Жақын көршілер» құжатын ашу. Орында: нысандар арасындағы қашықтықты есептеп, ең аз қашықтықты анықтау және ол қандай нысандар арасындағы қашықтық екенін есептеу.
Қолдану Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгейі. Кіріктірілген функцияларды қолданып, 1-мысалдың берілгенін MS Excel-ге жаз. Болжамның нәтижесі болатын ең жоғары апостериорлық ықтималдығы бар санаттың есептеу формуласын жаз.
В деңгейі. Параграфта баяндалған алгоритмді қолданып, күн райын болжа:
бұлтты; • шуақты; • жаңбырлы.
Қажет формула мен ЕГЕР функциясын қолдан.
С деңгейі. Кейбір, x, y параметрлерімен 5 нысан берілді делік. Нысандар- дың бір-бірінің арасындағы арақашықтықты тап және нысандардың арасындағы арақашықтықтың ең кішкентайын анықта.
Сабақтың соңы 7 мин.
Рефлексия (Ж) «Бес саусақ» әдісі. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлеріне өз саусақтарын қойып, саусақтарын айналдыра сызып, суретін салады. Дайын бес саусақтың әр саусағына интербелсенді тақтадан көрсетілетін әр саусақтың өз мағынасына қарай жауаптарын жазады. Жазып біткен соң, бес саусаққа жазылған жауаптарын оқиды.
Басбармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
Үй тапсырмасы(таңдауына қарай)
Зерттеу жүргіз: мәшинелік оқыту қандай салаларда қолданылады? Сол жағдайларда қолданылатын мәшинелік оқыту алгоритмдерін сипатта.
Параграфта қаралған, алгоритмдердің көмегімен жүзеге асыруға болатын мәшинелік оқыту үшін өз есептеріңді ойлап тап.
Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдарымен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін.
Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.
Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.
Денсаулықты қорғау технологиялары.
Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.