Жердегі су айналымы. Табиғатта су айналымы буланудан, жауыннан, жер беті және жерасты ағындарынан тұрады. Күн энергиясы су айдын беттерінен суды буландырып, атмосфералық ылғалға айналдырады. Көтерілген бу ылғалы түрлі бұлттар түріне конденцияланады, оларды жел тасымалдайды, ал салқындаған бұлттардан жаңбыр мен қар жауады.Жауын сулары жер бетімен топыраққа сіңіп, жер астымен ағып барып, теңіз бен мұхиттарға қайтып келеді. Су айналымы мен балансының бұзылуы жерде теріс салдар туындатады.
Су айналымының заттық көрсеткіші-су балансы, ол келетін және шығатын сулардың барлық түрін (атмосферада, гидросферада, жалпы Жерде және оның жекелеген аудандарында) сипаттайды. Мәселен, мұхитқа ағыны бар құрлық үшін, булану - жауынның мөлшеріне тең. Көлдердің су балансы, келетін жер беті және жерасты ағындармен, айдынға түсетін жауынмен, көлдерден ағып шығатын өзендер мен және олардың бетінен буланумен анықталады. Жаһандық су айналымының ең қуатты тармағы-мұхиттық су айналым. Мұхит бетінен жылына 500 мың км3–ден аса су буланады, оның 90%-ті материктерге жетпей қайтадан мұхиттар үстіне жаңбыр болып жауады. Қалған бөлігі өзен ағындары және материктердің жерасты ағындары ретінде қайтып келеді.
Жаһандық су айналымының негізгі құрамдастары
-
Құрамдас бөліктер
|
Мың км3/жыл
|
%
|
Мұхиттық тармақ:
|
-Әлем мұхиты бетінен булану,оның ішінде ылғалдың атмосферадан континенттерге кетуі
|
-507
-50
|
-100
-10
|
- Мұхит үстіндегі жауын
|
+457
|
+90
|
Өзен ағыны
|
+44
|
+8.7
|
Жер асты ағыны +2.5
|
+2.5
|
+0.5
|
Мұздық ағыны
|
+3.5
|
+0,7
|
Континенттік тармақ
|
Құрлық үстіндегі жауын
|
+120
|
+100
|
Құрлық беті мен су айдындарынан булану
|
-70
|
-58.3
|
Мұхитқа құятын өзен
|
-44
|
-36.7
|
Мұхитқа жерасты құйыстары
|
-2.5
|
-2.1
|
Мұхитқа түсетін мұздықтар
|
-3.5
|
-2.9
|
Судың негізгі массасы Әлем мұхитының құрамында. Екінші орында- жерасты сулары, ал үшінші орында- Арктика мен Антарктида алқаптарының мұзы мен қары.
Су ресурстарының гидросферадағы бөлінісі
-
Гидросфера элементтері
|
Судың көлемі, 1000
КМ3
|
Су алмасу активтілігі,
жылдар
|
Әлем мухиты
|
1370 000
|
3000
|
Жерасты сулары оның ішінде активті су алмасу белдемдері
|
60 000
4000
4000
|
5000
330
|
Полюс мұздықтары
|
24000
|
8000
|
Су айдындар
|
280
|
7
|
Өзендер
|
1,2
|
0.031
|
Топырақ ылғалы
|
80
|
8
|
Атмосфера булары
|
14
|
0.027
|
Барлық гидросфера
|
1454375,2
|
2800
|
Планетадағы су балансы элементтерінің сандық сипаты температураға, қысымға және метеорологиялық факторларға, сонымен қатар аумақтардың бедеріне, геологиялық құрылысына, тау жыныстардың литологиялық құрамына және басқа жағдайларға байланысты. Табиғаттағы жалпы су айналуға жер бетіндегі температуралық жағдайлар шешуші ықпал жасайды.
Тіршілік үшін су айналудың экожүйелер ауқымында жүретін фазаларының маңызы айрықша, оларға төрт процесті жатқызуға болады: тұту, эвапотранспирация, инфильтрация және ағын.
Өсімдік әлемі маңызды қалқалаушы функция атқарады. Өсімдіктер жауын суын топыраққа жеткізбей тұтып қалады да, атмосфераға буландырып жібереді. Бұл тұтып қалу ақырын жауған жаңбыр кезінде көп болады, ол қоңыржай ендіктерде жауынның жалпы мөлшерінің 25%-не дейін жетеді. Өсімдік ұстап қалған жауынның біраз мөлшері жапырақтар, бұтақтар және сабақтар бойымен төмен сырғып барып топыраққа сіңеді. Бұл ылғалдың ұсақ биоценоздар үшін де маңызы үлкен.
Инфильтрацияланған судың бір бөлігін топырақ ұстап қалады, оның мөлшері топырақтың құрамындағы гумус пен саздың артуына байланысты молаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |