«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша



бет10/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
Лекция Геоэкология

Мысалдар:
Цунамидің ең биік толқыны (85м) Мсигаки аралы маңында (Рюкю архипелагы, Жапония) 1771жылы 24 сәуірде байқалған. Ол салмағы 750тонна маржандардың быт – шытын шығарып, 2.5 км-ден асатын қашықтыққа лақтырған.
Барлық белгілі цунамилердің ең қауіптісі 1876 жылы Индияның.
Цунамиден сақтандырудың халықаралық қызмет орталығы Гавая аралдарында орналасқан. Ресейде цунамилерді бақылайтын станциялар Камчатка мен Сахалинде бар.
Табиғи- техногендік жүйелерге теңіз дауылдарының қума толқындары да үлкен зиян келтіреді.
Мысалдар:
ХХ ғасырдың ең ірі дауылды қума толқындарының бірі 1970 жылы Ганга өзенінің (Индия) дельтасын басып қалады. Мұхиттан жылдамдығы 200км/сағ циклон қуып келген биіктігі 10 метрлік толқындар өзенді керісінше ағызады. Жағалауынан асып кеткен Ганга өзенінің суы ауданы 20 мың км2 аумақты, ондаған қала мен жүздеген ауылды басып қалады. Құрбан болған және зардап шеккен адамдардың саны 1.5 млн-ға жетеді.
Нева өзені 1824 жылы дауылды толқыннан кейін жағасынан шығып Геоэкожүйелер мен табиғи-антропогендік жүйелерді ағын сулар да мейлінше қиратады. Олар асқар биік тауларды жойып жібереді. Жер шарындағы барлық өзендердің жылдық қатты зат ағызуы 18.53млрд тонна деп бағаланады. Ал,, еріген заттарды, мұздықтар мен жел әкелетін заттарды есепке алсақ, құрлықтардың қирауынан теңіздер мен көлдерге жылына 25 млрд тоннадан асатын минералдық заттар тасымалданады. Осының нәтижесінде, таужыныстардың механикалық және химиялық қирау салдарынан, құрлықтың беті Жер шары бойынша алғанда жылына шамамен 0.09мм орташа жылдамдықпен немесе мыңжылдықта 9 см-ге төмендейді екен.
Ағын сулардың әрекеттілігі көп жағдайда апатты түрде, яғни су басу (топансу) ретінде білінеді. Су басудың себептері- нөсер жаңбыр, су тасу және жылына бірнеше рет қайталанатын ақ жауын. Су басудан үлкен аумақтар судың астында қалады, тосқауылдар мен су қоймаларының бөгеттері қирайды, теміржол мен тас жолдар, өнеркәсіптік ғимараттар мен тұрғын үйлер шайылып кетеді.
Нөсерлер ағын сулардың көлемін лезде ұлғайтып, олардың қиратушы потенциялын (әулетін) арттырады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда сел- қысқа мерзімді балшық- тас материалдан тұратын қиратушы тасқындар туындатады. Тау беткейлерінен басталатын сел еңіске үлкен жылдамдықпен жөңкілгенде, жолындағылардың барлығын (ағаштар, тосқауылдар, үйлер және т.б) қиратып кетеді.
Су тасу – жылдың белгілі бір маусымында қайталанатын құбылыс. Ол өзен суларын біршама ұзақ уақытқа көбейтіп, су деңгейі арнасынан асып кеткенде аңғар табанына су жайылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет