Геомагнит өрісі біздің планетаның дамуында геомагнит өрісі айтарлықтай рөл атқарады. Жер бетінен 90 мың км – ден асатын Қашықтыққа дейін созылатын магнитосфера, атмосфераның жоғарғы қабаттарында радияциялық белдеу жасайды. Бұл белдеу күн шығаратын өмірге қауіпті, энергиясы жоғары зарядталған бөлшектерді ұстап қалады.
Литосфера геохимиялық тепе-теңдігінің бұзылуы. Жср қойнауының химиялық құрамы үздіксіз өзгеріп тұрады. Мәселен уран мен торий табиғи ыдырау процесс нәтижесінде тұрақты қорғасынмен гелий элементтеріне айналады. Ғалымдардың есебі бойынша осыдан 2 млрд жыл бұрын жерде уранның 235^U изотобының мөлшері қазіргіден 6 есе көп болғандығы көрінеді. Осыған қарағанда планетадағы тіршілік атаулының барлығы жер радиоктиытілігі жағдайына біртіндеп бейімделген.
Жер бетінің орташа химиялық құрамы мантиядан базальтті төгілімдер келуі нәтижесінде өзгерген, бұл өзгеріс өткен геологиялық замандарда ерекше көп болған. Жер бетіндегі тау жыныстардың химиялық құрамы экзогендік химиялық жүру процессіне де байланысты. Жаңбыр және грунт суларының құрамындағы оттек, көмірқышқыл және басқа газдар тотықтыруға және ерітуге қабілетті. Жарықтар мен қуыстар арқылы сінген су тау жыныстарды ерітіп, олардың құрамынан хлориттерді, сульфаттарды және карбанаттарды шығараы. Төзімділеу минералдар өзгермей орнында қалады.
Таужыныстар массивтерінің біртұтастығын карст процессі бұзады. Жер асты сулары әктас, гипс, тас, тұз, тау жыныстарын ерітіп, шайып шығарады. Нәтижесінде тау жыныстар қабаттарында қуыстар пайда болады. Олардың үстіндегі жер бетінде опырылымдар мен отыру, варонкалар жарылып , ол жердегі азаматтық, өнеркәсіптік және гидротехникалық құрылыстармен қондырғыларға қауіп туғызады.
Суффозия (лат. Суффозио - қазу) кезінде грунт құрамындағы тау жыныстардың майда бөлшектері мен еритін тұздары шайылып шығады. Тау жыныстар құрамы мен құрылымы өзгереді, олардың кеуектігі мен су өтімділігі артады, беріктігі төмендейді. Суффозия майда түйірлі құмдармен лестарда кеңінен дамиды. Суффозияның салдарынан оның үстіндегі тау жыныстар қат – қабат отырып, жер бетінде варонкалар пайда болады, олардың өлшемі 100 деген метрге жетеді. Бұл құбылыс құрылыстар мен қондырғылардың іргесі мен негізінің деформациялануына және құлауына әкеледі. Беткейлер етегіндегі тау жыныстардың қопсуы жылжымалар туындатады.