16.Ерте балалық шақ аутизмі бар балалармен жүргізілетін жұмыс түрлеріне сипаттаңыз Ерте балалық аутизм-бұл басқалармен қарым-қатынастың аутистикалық формасымен, сөйлеу және моториканың бұзылуымен, әлеуметтік өзара әрекеттесудің бұзылуына әкелетін стереотиптік іс-әрекет пен мінез-құлықпен сипатталатын психикалық дамудың бұзылуы. Аутист балалардың әр түрлі әлуметтік қызметтен алынған ақпарат мен дағдыларын үйлесімді түрде пайдалана білмеулері олардың ең негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Сонымен бірге мұнда егер аутистік өзіндік бұзылыстар баланың жасы келе тегістеле бастаса, ал әлеуметтік өзара іс-әрекет, оның икемсіздігі, жағдайды түсінбеуі, еркін тәртіп пен қызметтің жоғары түрінің бұзылыстары айқын байқала бастайды. Ал бүгінгі таңда арнайы педгогикада аутизмді заманауи оқытудың әдіс-тәсілдері қарқындап дамып келеді. Оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес иновациялық жолдары сан алуан. Әрине оның тиімділігі мен нәтижелі жақтарының бәрі, қолданушының дұрыс ұйымдастырып, жүйелі қолдана білуінде болса керек. Олай болса төменде осы әдістердің негізгілеріне қысқаша тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.Әлемдік тәжірибе нәтижесінде қолданысқа кең еніп, ең тиімді әдіс саналып жүрген ол - АВА-терепия әдісі. АВА-терапия - Applied Behavior Analysis қазақ тініне аударғанда (қолданбалы мінез-құлықты талдау), адам мінез-құлқының жалпы заңдылықтары мен оларды оқыту туралы ілімдерге сүйенеді. Аталмыш әдіспен жұмыс жасау ең алғаш рет 1963 жылы Лос-Анджелесте дәрігер Ивар Ловаас қолданған екен. АВА емдеудің мінез-құлықтық әдістерін қолдана отырып, жағымды мінез-құлық белгілерін көбейтіп, қауіпті және проблемалық мінез-құлық белгілерін азайтуда осы заңдылықтарды қолданады. Сонымен қатар АВА терапия сөйлеу және коммуникация дағдыларын, зейін мен жадын және академиялық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. ABA-терапияның құрамына түрлі әдістер кіреді, бұл аутизмді емдеудің ғылыми негізі бар ең үздік әдісі саналады.
17.Педагогикалық қамтамасыз ету технологиясының әдістері, құралдары және оның тиімділігі туралы сиапттаңыз Педагогикалық технология — білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті. Кез-келген педагогикалық технология негізгі әдіснамалық талаптарға - технологиялық өлшемдерге сәйкес келуі керек:- концептуальность;- жүйелілік;- басқарылуы;- тиімділік; жаңадан өндірілуін. Білім беру технологиясының құрылымы үш бөлімнен тұрады:* Тұжырымдамалық бөлім-бұл технологияның ғылыми базасы, яғни оның негізіне салынған психологиялық-педагогикалық идеялар.* Мазмұнды бөлім-бұл оқу материалының жалпы, нақты мақсаттары мен мазмұны.* Процессуалдық бөлім-балалардың оқу іс-әрекетінің формалары мен әдістерінің жиынтығы, педагог жұмысының әдістері мен формалары, материалды игеру процесін басқару бойынша педагогтың іс-әрекеті, оқу процесінің диагностикасы.Осылайша, анық: егер белгілі бір жүйе технология рөлін талап етсе, ол жоғарыда аталған барлық талаптарға сәйкес келуі керек.Ашық білім беру кеңістігінің барлық субъектілерінің (балалар, қызметкерлер, ата-аналар) өзара іс-қимылы Заманауи білім беру технологиялары негізінде жүзеге асырылады.