Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Зияты зақымдалған балаларға жүргізілетін жұмыстың түрлерін атаңыз



бет8/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
12. Зияты зақымдалған балаларға жүргізілетін жұмыстың түрлерін атаңыз
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», - деген болатын. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғауға, оларға білім беруге арналған Қазақстан Республикасының «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңында балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды. Зияты зақымдалған балалардың санының артуы, оларға түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуде тиімді бағыттарды жан-жақты іздестіруді талап етеді. Балалармен жүргізілетін әдістер мен жұмыс мазмұны арнайы маманмен анықталады. Ол баланың жекелей ерекшеліктерін және оның жасын міндетті түрде ескереді. Баланың жоғарғы психикалық функциясын дамыту үшін, келесі түрдегі жұмыстар жүргізілуі қажет.• Баланың қимыл-қозғалысын дамыту: қол бұлшық еттерін, қол саусағының моторикасын шынықтыру; резеңке допты қысу, ермексаз бен кыштан жапсырмалар жасау; түйіншектерді шешу; құмыраларды ашып-жабу, қатты қағазды нүктелер және пунктир сызығы арқылы тесу; контур және трафарет үстімен сызу; бояу; қию; қағазды бүктеу; саусақтармен жаттығулар;• Кеңістіктегі бағдарлануды дамыту: өзінде, айнадағы бейнесінде және суретте оң және сол жақты анықтау; балаға қатысты заттардың координаталарын анықтау; жазық қағаз бетінде бағыттану (сол жағында, оң жағында, үстінде, астында, ортасында); заттарды симметриялы бояу; таяқшалардан фигураларды, сызықтарды үлгі көмегімен және есінде сақтау арқылы құрау.• Есті жақсарту үшін келесідей ойындар пайдаланылады: өрнекті есте сақтауы бойынша салу; сөздерді және сандарды қайталау; алдын-ала есте сақтауды жаттықтыру;• Ойлаудың барлық түрін дамыту үшін сурет салу, жапсырмалар жасау, аппликациялар қолданылады.Бұл жаттығулар баланың сенсорлық қабілетін дамытады және танымдық қабілетін арттырады.Барлық жаттығулар барысында балалардың сөйлеуін коорекциялау қажет. Коррекциялық жұмыс жекелеген психикалық процестерді емес, жеке адамға толық бағытталуы қажет. Коррекциялық жұмыс топтық, жекелей формада болуы мүмкін және келесідей әдістерден тұрады: Интеллект дамыту Адекватты темпте дамыту Еңбек әрекетін және дағдыны дамыту Коррекциялық жұмыс өткізілген бағдарламамен дамыту Интеллект дамытатын әр түрлі әрекеттерге қызықтырып, тарту (ойын) Құрдастары арасында өздерін жайсыз сезінуді жою Материалдарды қызықты түрде түсіндіру Толық отбасында тәрбиелеу (басқа балалармен) Стандартты емес түрдегі оқыту.Жеке түзету-тәрбиелеу жұмысы.Дефектолог ақыл-ой артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысы кешенін жеке сабақтардың маңызы зор. Сабақтарда дефектолог әрбір баланың жеке ерекшеліктерін есепке алады, психикалық дамуындағы тек оған тиісті спецификалық ауытқуларды көреді, оларды максимальді түрде жеңу және бәсеңдету үшін әдістемелік тәсілдерді таңдайды; жеке түзету-тәрбиелеу жұмыстарының тиімділігін айтуға және бағалылығы мен қажеттілігін мойындауға болады. Ақыл ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен жеке жұмыстар күтілетін нәтижелерді беруі үшін, жалпы сабақтарда оқыту барысында байқалған спецификалық қиындықтарды жеңу мен бәсеңдетуге мүмкіндік тудыруы үшін ол міндетті түрде балалардың даму ерекшеліктерін мұқият және жан жақты зерттеу негізінде жасалуы керек. Ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баламен жеке жұмысты ұйымдастыру мен өткізудің бастапқы кезеңі оны жан-жақты психологиялық-педагогикалық зерттеу. Зерттеу барысында дефектолог ақыл-ойы артта қалған баланың мінез-құлқын талдайды, үлкендермен және құрдастарымен байланыс орнату мүмкіндіктерін, мақұлдау мен кінәлауға реакциясын, қиындықтарға қарым-қатынасын, көрсетілген көмекті пайдалана алу ептілігін, әрекеттің бір түрінен келесі түріне ауысу қабілетін бағалайды. Дефектолог ақыл-ойы артта қалған балаға арналған түрлі тапсырмалар ұсына отырып және олардың орындалу барысын бақылай отырып, басты назарды нәтижеге емес, баланың әрекет ету әдістеріне ( орындады-орындамады) аударады. Бір тапсырманы шешуге бала мақсатты байқау, көру арқылы бейімделу сияқты айтарлықтай «жоғары» әдістермен әрекет етуі, немесе қимыл және бейберекет әрекеттер деңгейіне дейін түсуі мүмкін. Баланың тапсырмаларды орындау әдістерін бағалай отырып, дефектоглог психикалық дамудың жас ерекшелік талаптарына сай олардың арақатынасын белгілеу керек, осыған сәцкес ондағы тану әрекетінің белгілі жақтарының қалыптасуы туралы қорытынды жасауы керек. Ақыл-ойы артта қалған баланың психикалық дамуының шынайы деңгейін анықтау үшін оның даму деңгейін ғана емес, таяу арадағы даму аймағын, яғни тапсырманы үлкен адаммен бірге орындауын есепке алу маңызды талап болып табылады. Дефектолог зерттеу барысында бала үйренуге белгілі мүмкіндіктерді көрсете алатын жағдайларды жасағанда ғана оның психикалық дамуының нақты деңгейі анықталатынын атап өту керек. Л. С. Выготскийдің дамудың екі зонасы туралы ережесіне сүйену арқылы ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баланың бүгінгі жетістіктерін анықтаумен қатар, болашағын көруге мүмкін болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет