Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды кластер әдісі бойынша толтырыңыз
17 1 Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды кластер әдісі бойынша толтырыңыз. КЛАСТЕР КЫП ЖАСАЙСЫН СОЛНЦЕ СИЯКТЫ КЫП ДОМАЛАК сызып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-індегі № 524 бұйрығымен бекітілген төменде қарастырғалы отырған «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» бойынша әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру арқылы тең қолжетімді білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жағдайлар жасау жолдары қарастырлған. Даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін – ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.), сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады. Білім беру ұйымның ішіндегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды психологиялық-педагогикалық консилиум (бұдан кейін – педконсилиум) іске асырады. Білім беру ұйымдарынан тыс жердегі (ПМПК ұсыныстарына сәйкес) мүмкіншіліктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды арнайы педагог (үйлестіруші қызметін атқарушы) ұйымдастырады және бақылайды. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары: ⦁ баланың психологиялық және дене даму ерекшеліктерін кешенді түрде тексеру, нақты психологиялық-педагогикалық түзету шараларына қажеттілігін анықтау; ⦁ баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке түзете дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; ⦁ жеке, шағын топпен, топпен өтетін түзете дамыту жұмысын жүргізу; ⦁ кеңес беру және оқу-ағарту жұмысы; ⦁ ғылыми-әдістемелік қызмет (семинар-практикумдерді, жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу; жұмыс тәжірибесін баяндама, сөз сөйлеу түрінде жинақтау; әдістемелік ұсынымдар әзірлеу); ⦁ психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру.