«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша 1-тапсырма 1-тақырып. Кіріспе. Инклюзивті білім беру туралы жалпы түсінік 1



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата02.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#131452
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
ақ қабық
деп аталады. Ол көздің ішін механикалық 
зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша 
деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес,ақ түсті, 
ол белок деп аталады. 
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан 
тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің 
алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір, қызыл 
және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында 
қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының 
ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол 
деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің 
қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар. 
Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық 


орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы 
жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама 
негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың 
тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды. 
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін 
склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының 
диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза. 
Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз 
алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған. 
2.
 
Сенсорлық жүйесі бұзылған балаларға психологиялық мінездеме 
беріңіздер. 
Есту қабілеті зақымданған балаларға психологиялық мінездеме. 
Бұл категориядағы балаларды бірнеше топқа бөледі: 
І. Саңырау балалар - мүлде естімейтіндер. Оның ішінде ерте жастан саңырау 
болғандар және жүре келе есту қабілетін жоғалтқандар Ерте саңырау 
болғандарға туа біткен және сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін саңырау 
болғандар жатады. Бұл балаларда кейде жартылай есту қабілеті сақталады 
да, олар өте қатты дыбыстарды естиді. 
Жүре келе саңырау болғандарға сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін есту 
қабілетін жоғалтқандар жатады. Бұлар сөйлей алады, ерін қимылы арқылы 
айтушыны түсінеді. 
ІІ. Нашар еститіндер (тосаң құлақтық) - бұл сөйлеу тілінің дамуын 
қиындататын есту кемістігі, бірақ сақталған қабілеттіліктің көмегімен өз 
бетімен сөздік қор жинақтауға болады. Нашар еститін балалардың тілінде 
кездесетін кемістіктерді оқыту процесінде түзетуге болады: 
тосаң құлақтықтың жеңіл дәрежесінде сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 3 -6 
м , ал сөйлеу тілі 6 – 8 м қашықтықта естіледі; 
тосаң құлақтықтың орташа дәрежесінде сыбырлап сөйлеген сөз құлақта
н 1 -3 м , ал сөйлеу тілі 4 – 6 м қашықтықта естіледі; 
тосаң құлақтықтың ауыр дәрежесінде сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 1 м , 
ал сөйлеу тілі 2 – 4 м қашықтықта естіледі; 
тосаң құлақтықтың өте ауыр дәрежесінде сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 
0,5 м , ал сөйлеу тілі 2 м қашықтықта естіледі; 
Бұл балалардың психикалық дамуы сыртқы ортаны қабылдаудың ерекше 
жағдайларында жүзеге асады. Бұл дизонтогенездің ерекше түрі - 
дефицитарлы даму. Бірінші кемістік - есту қабілетінің бұзылуы - есту 
мүшесімен анағұрлым тығыз байланысты болып саналатын сөйлеу 
тілінің кеміс дамуына әкеп соғады.Сондай-ақ, басқа да қызметтердің 
тежелуіне әсерін тигізеді. Дамудың мұндай бұзылулары тұтас психикалық 
дамуды тежейді. 
Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуы қалыпты еститін 
балалардың дамуынан байқалатын белгілі заңдылықтарға бағынады. 
Сонымен бірге оларда кеміс даму типтеріне тән заңдылықтар да анықталады. 


Барлық бұзылу түрлерінде сыртқы ортадан түсетін ақпаратты қабылдау, 
қорыту, сақтау және пайдалану қабілеттері төмендейді. 
Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуының негізгі екі 
заңдылығын ашып көрсетуге болады (И.М.Соловьев бойынша). 
Б і р і н ш і заңдылық - есту бұзылуының салдарынан саңырау балаға 
келіп жететін сыртқы орта әсерінің көлемі шектеледі, оның қоршаған 
ортамен өзара әрекеті, адамдармен қарым-қатынасы қиындайды. Ал бұл 
уақытта кез келген баланың толыққанды психикалық дамуы үшін сыртқы 
орта әсерлерінің көп түрлілігі мен кең көлемділігі өте маңызды екендігін біз 
білеміз. 
Жоғарыда атап өткендей, қай жағынан болмасын,шектелу нәтижесінде 
баланың психикалық әрекеті азаяды, сыртқы орта әсерлеріне жауап беретін 
реакциялар қарапайымданады, функция аралық өзара әрекеттер жүйесі 
өзгереді. Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық компоненттері сау 
балалармен салыстырғанда өзгеше пропорцияда дамиды: көрнекі – бейнелік 
және сөздік – логикалық ойлау қабілеттерінде сәйкестік болмайды 
(алғашқысы басым); жазбаша сөйлеу тілінің екеуі де - импрессивтік (оқу) 
және экспрессивтік (жазу) – ауызша сөйлеу тіліне қарағанда басымырақ 
рольге ие болады. 
Е к і н ш і заңдылық - есту қабілеті зақымданған балалардың психикалық 
даму қарқынының сау балалардан айырмашылығы. И.М.Соловьев 
есту қабілеті зақымданған балалардың психикалық даму жолдарын былайша 
суреттейді: сау бала мен есту мүмкіндігі шектеулі баланың психикалық 
әрекеттері арасындағы айырмашылықтар онтогенездің бастапқы 
кезеңдерінде елеусіз болады да, уақыт өте келе ұлғаяды. Осылайша белгілі 
бір кезеңге дейін жалғасады, тек жүйелі сурдопедагогикалық жұмыстардың 
ықпалымен ғана бұл айырмашылық кері бағытта өзгере бастайды. 
Көру қабілеті бұзылған балаларға психологиялық мінездеме. 
Көру қабілетінің көзілдірікті пайдаланғандағы мүмкіндігі бойынша нашар 
көретін балаларды келесі топтарға бөліп қарастырады : 
Соқырлар – көру сезімі мүлдем жоқ, көру қабілетінің қалдығы көзілдірікпен 
0,04 д, сондай-ақ жарықты сезіну қабілеті сақталуы мүмкін. 
Тотальдық соқырлық немесе мүлдем көрмейтіндер-. көру сезімі мүлдем жоқ 
балалар.
Жартылай немесе парциалды соқырлар- олар жарықты сезінеді, пішіндерді 
ажырата алады,көру мүмкіндігі 0,005д – 0,04д. 
Нашар көретіндер – бұлардың көру мүмкіндігі 0,05д – 0,2 д Бұл 
балалар ақпаратты осы көру анализаторы арқылы қабылдайды. Оқу, 
жазу процестерінде осыған сүйенеді. 
Кемістіктің пайда болу уақытына қарай балалар екі категорияға бөлін
еді : 
І. Туа біткен соқырлық. Бұл тумысынан соқырлар немесе 3 жасқа дейін көз 
жанарын жоғалтқандар.Бұлардың көру арқылы ешқандай бұрынғы алған 
мағлұматтары жоқ,. сондықтан барлық психикалық процестер басқа 
органдардың негізінде жүзеге асады. 


ІІ. Жүре пайда болған соқырлық. Бұл мектепке дейін немесе одан кейінгі 
кезеңде көз жанарын жоғалтқандар. Көру анализаторының зақымдану 
тереңдігі өзіндік белгілерімен барлық сенсорлық жүйе 
дамуында өз әсерін тигізеді. Яғни, қоршаған ортаны тану жолын 
анықтайды. Көру кемістігінен басқа да қосымша кемістіктер жиі 
қабаттасады. Бұл балалардың көбінде орталық 
жүйке жұмысының бұзылуы кездеседі. 77,6 % балаларда тіл бұзылуы, 
БЦСА, ПДТ, есуастық дәрежесіндегі олигофрения, энцефалопатия, невроз 
тәріздес күйлер, гидроцефалия т.б. екінші кемістіктер болады. 
Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы мен көру қабілеті арасында тығыз 
байланыс бар. Ол ми жұмысының жалпы бұзылуымен байланысты болады. 
Соқырлық пен ауыр көру кемістіктері танымдық әрекеттің барлық түрлерінде 
де ауытқулар туғызады. Баланың сыртқы ортадан алатын ақпарат көлемі 
азаяды, сапасы өзгереді.
1.Айналадағы болып жатқан оқиғалардан мүлде бас тарту, араласпау. 
2. Белсенді бөлектену. 
3.Аутистік қызығушылықтар мен әуестенулер. 
4.Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қиындығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет