Инклюзивті білім беру пәні және оның міндеттері. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары мен ұғымдары


Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ЕББҚ бар балалардың құқықтары



бет4/11
Дата26.03.2023
өлшемі55,84 Kb.
#76295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3.Дәріс ИББ

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ЕББҚ бар балалардың құқықтары
Инклюзивті білім беру саласында білім беру кеңістігі субъектілерін заңнамалық-құқықтық қамтамасыз ету деңгейлерін бөлуге мүмкіндік берді:
• халықаралық (халықаралық заңнамалық-құқықтық актілер),
• мемлекеттік (Қазақстанның заңнамалық-құқықтық актілер),
• ведомстволық (ҚР ҒБМ бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер),
• аймақтық деңгей (аймақтың заңнамалық-құқықтық құжаттары (облыс, қала,аудан),
• білім беру ұйымдарының жергілікті актілері.
Нормативтік құжаттардың негізігі тұстарын төменде қарастырамыз:
1. 2015 жылдың 20 ақпанында мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңына қол қойған, Конвенция мүгедектердің қоғамның басқа азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне атысуын қамтамасыз етуге, мүгедек белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің тиімді құқықтық тетіктерін жасауға бағытталған. Бұл жаһандық деңгейдегі жоғары ізгілікті гуманитарлық акт. Конвенцияға және оның Фаультативтік хаттамасына қол қойылғаннан кейін Қазақстан мүгедектердің еңбек етуге, әділ сотқа, білім алуға, медициналық көмекке, мобильді болуға құқықтарын қамтамасыздандыруға тиісті шараларды қабылдауды міндетіне алды. Халықаралық мониторинг жүйесі бекітіліп, құқықтары шектелмеген адамдар БҰҰ-ның мүгедектер құқықтары бойынша Комитетінен көмек алуға мүмкіндігі бар. Казахстан әлемде Конвенцияға қосылған 137 мемлекет болды.
2.ҚР Заңы «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2016 жыл 28 қаңтар№ 449-ҚРЗ
Конвенция мақсаты – адам құқықтарының жаппай сақталуын және барлығының білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұлттар арасындағы ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ білім беру саласындағы кез келген кемсітушілікті жою және жалпыға бірдей мүмкіндіктер теңдігі мен осы саладағы барлығына бірдей қарым-қатынасты көтермелеу.
«Кемсітушілік» сөзі нәсілі негізінде, түр-түсіне, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік тегі, экономикалық жағдайы немесе туу белгілері бойынша кез келген айырмашылықты, жоққа шығаруды, шектеуді немесе артықшылық беруді қамтиды.
Білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуге кезінде қабылдау квотасының мөлшері туралы.
3. ҚР Конституциясы 30 бап. Азаматтарды мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.
4. ҚР Заңы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жыл 11 шілде № 343-II
Заң кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балаларға мүгедектігінің алдын алуға бағытталған. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Заңында мақсаты, міндеттері және принциптері айқындалған.
5. Заң «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жыл 29 желтоқсан N 114-IV
Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
6. ҚР ҮҚ 2012 жыл 28 ақпан 2012 № 264
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бекітілген:
1) І, ІІ топтардағы мүгедектер, бала кезіндегі мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
7. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы . ҚР Үкімет Қаулысы 2012 жыл 23 тамыз №1080 бұйрық (түзетулер,толықтырулар).
5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар.
58. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беретін ұйымда оқи алмайтын оқушылар үшін үйінде немесе емделу орындарында ақысыз жеке оқыту қамтамасыз етіледі.
59. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.
61. Жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасына:
4) мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін ғимарат ішінде арнайы жасақталған жағдайлар;
66. Сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда сыныпты топтарға бөлу осындай әр балаға барлық оқушының санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
67. Үлгілік оқу жоспарының оқушы компонентіндегі оқу жүктемесі көлемінде қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру, еңбек тәжірибесін өткізу қамқоршылық кеңестің немесе ата-аналар комитетінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын кез келген ұйым, педагог үшін ҚР мемлекеттік заңнамалық-құқықтық келесі актілерді білу және орындау маңызды:
1.ҚР Заңдары: «ҚР Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жыл, 16 шілде № 242-11, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жыл,13 сәуір №39-III ЗРК, «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2015 жыл, 20 ақпан № 288-V ЗРК, және с.с.
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолжетімді білім берумен қамтамасыз етуге мақсатты индикаторлар жазылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы:
- 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік шәкірт ақыны төлеу Ережесін бекіту туралы.
- 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартудың Ұлттық жоспары.
- 2012 жылғы 2016 жылы түзетулермен білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
- 2012 жылғы 2016 жылы түзетулермен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы.
-2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 орта білім беру ұйымдары қызметінің (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) үлгілік қағидалары туралы.
4. ҚР БжҒМ бұйрықтары мен нұсқаулық-әдістемелік хаттары. Кейбіреулерін атап өтейік:
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру бойынша ұсынымдар. 2009 жыл, 16 наурыз №4-02-4/450 бұйрық.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістемелік нұсқаулық. 2011жыл 12 желтоқсан №524 бұйрық.
- ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру типтік оқу жоспарларын бекіту туралы. ҚР БжҒМ Бұйрығы 2012 жыл 08 қараша №500 бұйрық.
- Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыру Ережесі» ҚР БжҒМ 2015 жыл 20 наурыз № 137 бұйрық.
- Жергілікті орындаушы ұйымдар көрсететін арнайы білім беру сферасындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы. 2015 жыл 08 сәуір № 174 бұйрық.
-Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.2015 жыл 01 маусым № 348 бұйрық.
-ҚР БжҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2015 жыл 18 маусым № 393 бұйрық.
- ҚР БжҒМ 2012 жылғы 08 қарашадағы №500 бұйрығына толықтырулар енгізілді: «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2016 жыл 30 наурыз № 233 бұйрық.

- ҚР БжҒМ 2012 жылғы 08 қарашадағы № 500 бұйрығына толықтырулар енгізілді: «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2016 жыл 07 наурыз № 432 бұйрық.


- Санитарлық ереже «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар», ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген.
Сіз қосымша әдебиеттер тізімінен нормативтік құжаттар топтамасын таба аласыз, олармен міндетті түрде танысу қажет.

1

Дәріс №6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет