«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше


§ эмоциялық сезімі бұзылған балалармен әлеуметтік-эмоциялық дамыту сабақтарын



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)


§ эмоциялық сезімі бұзылған балалармен әлеуметтік-эмоциялық дамыту сабақтарын
§ қарым-қатынас жасауда қиындықтар туындайтын балалармен қарым-қатынас икемділігін 
қалыптастыру сабақтарын; 
§ тәртібінде бұзылыстары бар балалармен тәртібін қалыпына келтіруге көмектесетін сабақтарды 
жүргізеді. 
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі талаптары:
- білім беру ұйымында балалардың толыққанды жеке тұлға болып дамуын қамтамасыз етуге және 
жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларын толық меңгеруге мүмкіндік беретін бейімдеу және 
түзете дамыту ортасын құру; 
- мүмкіншіліктері шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оқу-
әдістемемен және материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес даму 
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті және олар үшін қолжетімді материалдық-техникалық 
жағдайларды жасау (арнайы құралдар, құрылғылар, көмекші және техникалық құралдар, қазіргі заманғы
көрнекі дидактикалық материалдар); 
- балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын жүргізетін дефектолог мұғалім, 
педагог-психолог, логопед мұғалім және басқа да мамандардың кабинеттерін түзете дамыту құралдарымен
оқыту құралдарымен (соның ішінде техникалық), арнайы оқу-әдістемелік және дидактикалық әдебиеттермен
жабдықтау; 
- білім беру ұйымының кітапханасын арнайы білім беру және түзете дамыту бағдарламаларымен, 
арнайы әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамту. 
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігі психологиялық, педагогикалық, медициналық 
диагностиканың және жалпы көрсеткіштердің мәліметтері бойынша анықталады:
1. білім беру ұйымында болған бала мен ананың жағымды әсері; 
2. баланың сенімділігі (позитивті, тең Мен тұжырымдамасын қалыптастыру үрдісі); 
3.
баланың өзге балалармен ынтымақтастыққа бейімділігі (топтардың, сыныптардың,
балабақшаның, мектептің), ересектермен; 
4. тиісті жас кезеңін меңгеру жетістігі және баланың қызмет түрлеріне қарай ерекшеліктері. 
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін анықтау үшін катамнеза әдісін қолдануға 
болады. Мәліметтерді жинау баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудан кейін жарты жылдан соң, одан 
кейін жылына бір рет ұйымдастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет