«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше


Қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет20/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

 
Қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Образовательная интеграция и социальная адаптация лиц с ограниченными возможностями. Пособие 
для учителей, психологов и родителей... – Минск, Национальный институт образования, 2005. 
2. Национальная образательная инициатива «Наша новая школв»
http://mon.gov.ru/
 
3. Материалы сайтов: 
http://inpravo.ru/
, www.consultant.ru/popular  
4.
http://www.perspektiva-inva.ru//
 Материалы РОООИ «Перпестива» 
5.  
http://www.suvorory.reability.ru.//
  Сайт А.В. Суворова 
6. Левченко И. Ю., Приходько О. Г. Технологии обучения и воспитания детей с нарушениями опорно – 
двигательного аппарата: Учеб. Пособие. – М.: Академия, 2001 
7. Обучение детей с проблемами в развитии в разных странах мира: Хрестоматия / сост. Л.М. Шипицына. 
–СПб.,1997. 
8.  
http://www.international.edu.ru.//
  Аналитические обзоры: Система образования Великобритании: 
Реформы образования в индусриально развитых странах. 


Дәріс№8: тақырыбы: 
Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру 
Дәріс жоспары:
1. ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері 
2. Білім берудің әртүрлі деңгейінде психологиялық-педагогикалық қолдау
3. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға
педагогикалық –медициналық- психологиялық көмек көрсету бағыттары 
Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-медициналық-
педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға 
кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-
тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы 
психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, 
баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге 
негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнату қажет. 
ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері

1.0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру, психикалық 
және дене бітіміндегі ауытқуды анықтау; 
2.балалармен жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында психологиялық-
медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу, диагнозын қою, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа 
орналастырудың оған сәйкес жағдайын анықтау; 
3.баланың көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты білім мекемесінің бір түрінен екіншісіне ауыстыра 
отырып, қажет болған жағдайда оған бастапқы қойылған диагнозын растау, анықтау және өзгерту енгізу; 
4.баланың деңгейіне қарай психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету, оларды 
арнайы білім беру саласында тәрбиелеуді және оқытуды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жөнінде 
ұсыныстар әзірлеу; 
5.дамуында, мінезінде жеңіл ауытқу, кемістіктері бар балаларды, соның ішінде арнаулы түзеу білім 
мекемелеріне жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту жөнінде ата-аналарға (заңды 
қамқоршыларына), мұғалімдерге және дәрігерлерге кеңес беріп көмек көрсету. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау білім берудің әртүрлі деңгейінде жүзеге асырылады:
· мектепке дейінгі білім – дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау және түзету, мектепке 
дайындығын қамтамасыз ету; 
· бастауыш мектеп – мектепте оқуға дайындығын анықтау, мектепке бейімделуін қамтамасыз ету, 
оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық және оқуға деген ынтасын дамыту, өздігінен жұмыс істеу 
мен өзін-өзі ұйымдастыра білуді дамыту, «оқи білу» мен ықыласын қалыптастыруды қолдау, әрбір баланың 
жеке ерекшеліктері мен әлеуетін ескре отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
· негізгі мектеп – оқушының негізгі мектепке көшуін қолдау, оқудың жаңа талаптарына бейімделу, 
жеке тұлғалық және өзін танудың құндылық-мағыналық міндеттерін және өзін-өзі дамыту міндеттерін 
шешуде қолдау көрсету, жеке тұлғалық проблемалар мен әлеуметтендіру проблемаларын шешуге көмектесу, 
өмірлік дағдыларды қалыптастыру, жүйке ауруларының алдын алу, ата-аналармен және құрдастарымен 
құрылымдық қарым-қатынас құруға көмектесу; 
· орта мектеп – оқушының бейіндік бағдарлау мен кәсіптік өзін-өзі анықтауға көмектесу, 
экзистенциальды проблемаларды (өзін-өзі тану, өмірдің мәнін түсінуге талпыну, жеке тұлғалық сәйкестікке 
қол жеткізу) шешуге қолдау көрсету, уақытша перспективасын, мақсатқа жету қабілетін дамыту
психологиялық-әлеуметтік құзыреттілігін дамыту. 
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
1. бала дамуындағы қандай да бір проблемаларды шешудің кешенді, пәнаралық тәсілі; 
2. білім беру үдерісіндегі баланың дамуына қолдау көрсетудің үздіксіздігі; 
3. қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету; 
4. қолдау қызметін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау (болжау); 
5. даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау шараларына ата-
аналарды, педагогикалық және балалар ұжымдарын белсенді түрде тарту . 
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары:
1. баланың психологиялық және дене даму ерекшеліктерін кешенді түрде тексеру, нақты 
психологиялық-педагогикалық түзету шараларына қажеттілігін анықтау; 
2. баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке түзете дамыту бағдарламасын 
әзірлеу және іске асыру; 


3. жеке, шағын топпен, топпен өтетін түзете дамыту жұмысын жүргізу; 
4. кеңес беру және оқу-ағарту жұмысы; 
5. ғылыми-әдістемелік қызмет(семинар-практикумдерді, жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу; 
жұмыс тәжірибесін баяндама, сөз сөйлеу түрінде жинақтау; әдістемелік ұсынымдар әзірлеу); 
6. психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру. 
Педагог-психолог анықталған даму ауытқушылықтарын жою мақсатында психологиялық түзету 
жұмыстарын жүргізеді:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет