Бірақ, барлығыда білім бөлімімен байланысып, тіркеліп барып жіберулері қажет.
Білім бөліміндегі
балаларды қорғау және қамқорлау маманы бұл жұмыстардың барлығына жауапты, аймақ бойынша 0-ден 18
жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді есепке алады, қамқорлайды,
қадағалайды,
құқығын қорғайды.
Мүмкіндігі шектелген балаларды тексеру міндетті түрде ата-анасының немесе заңды қамқоршысының
қатысыуымен бірге өткізіледі және мұғалімі мен емдеуші дәрігері бірге келіп кеңес алуына болады.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық
консилиум
(ПМПк)
барлық
мектептерде,
балабақшаларда мектеп директорының бұйрығымен құрылады.
1-ші сыныптың оқушысы 1-ші тоқсанда әріптерді, сандарды үйренген жоқ, оқу үлгерімі өте нашар, ол
балаға 2 деген баға қойып мұғалімі қажетті құжаттарды жинақтап ПМП консилиумге ұсынады. ПМП
консилиум баланың құқығын қорғау мақсатында тексеру жүргізеді. Oблыстық ПМПК-ға тексеріске жіберу
керектігі жөнінде шешім шығарады.
Сабақ үлгерімі өте нашар балаларды 1 сыныптан, әрі кетті 2-3-4 сыныптарда анықтап алғандары,
мүмкіндіктеріне
қарай оқытқандары дұрыс, егер 5 сыныптан кейін облыстық ПМПК тексеріске жіберген
болса, мектепте ПМП консилиум құрылмаған деген мағынаны береді.
Қортындыдағы ұсыныста көрсетілген көмекші бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 сыныпты
бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игерген болса, онда 9 сыныпты
бітіргесін арнайы Куәлік беріледі. Егер кемтар бала
көмекші бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді
білмесе, онда 9 сыныпты бітірді деген Анықтама беріледі. Көмекші бағдарламамен оқыған шаруаға икемі бар
балаларды және арнайы бағдарламамен оқығандарды 9 сыныптан кейін арнайы кәсіптік білімді игеруге
жібереді.
ПМПК-на кемтар бала өмірінде 1 рет ғана қаралады, берілген қортынды, ұсыныстар бойынша жұмыс
жасау қажет. Егер қортындыда қайта қаралу
керек деп жылы жазылса ғана, көрсетілген уақытында қайта
тексерістен өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: