«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады:
- мүмкіндіктері шектеулі балалар; 
-мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; 
- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар,
девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі
төмен отбасынан шыққан балалар). 
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы 
заңының аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, 
әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті 
білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары 
туралы» Конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы 
мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан 
мемлекеттік Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті 
білім беруді дамыту қосылды [6]. Бұл бағдарламада инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері 
көрсетілген: 
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін: 
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; 
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, 
түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; 
• мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді; 
• 2020 жылға қарай білім беру ұйымдарында мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, 
санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа 
да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады; 
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар 
жасалды (педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке 
техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы); 
• үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, 
компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі. 
Осылайша, Қазақстан Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі толығымен 
енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70%-ға 
ұлғаяды; мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы 
санынан – 20%; инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 
жалпы санынан 50% құрайтын болады. 
Инклюзивті білім беруді даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің 
басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес 
жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп-
интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі 
дамыған құрдастарымен күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және 
қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. 
2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі балалар немесе жалпы бала 
санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп 
жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12% әлемдік көрсеткішпен 
салыстырғанда 2,8%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту 
үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 
570-ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3-топта 466 адам бар. 


Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 
ақпандағы №26 қаулысына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап
мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%). 
Алматы облысының білім департаментінің статистикасы бойынша 2013 жылы мүмкіндігі шектеулі 
балалардың қоғамдық өмірде тең қарым-қатынастар және толыққанды білім алуына дайындайтын дефектолог 
және логопед мамандарды даярлауға мемлекет тарапынан 74,7 млн.тенге, осы мәселе бойынша 2014 ж. 58,9 
млн.тенге бөлінді. 
2015-2016 оқу жылдарында жалпы білім беретін 208 мектепте 1646 мүмкіндіктері шектеулі балалар 
немесе жалпы бала санының 16,5%-ы білім алатындығы анықталды. 
2015 жылы Талдықорған сервис және технологиялар колледжінде мүмкіндігі шектеулі 25 баланы 
«Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша оқытуға қаржылай жағдай жасалған. 
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивті білім беру қарастырылған. Талдықорған 
қаласындағы № 2 балабақшада мүмкіндігі шектеулі балалардың, оның ішінде сөйлеу кемістігі бар балалардың 
білім алуына 100 орынды 4 топ және «Құлыншақ» балабақшасында көру кемістігі бар балаларға 60 орынды 4 
топ ашылды. 2015 жылы Панфилов ауданындағы «Таңшолпан» балабақшасында сөйлеу кемістігі бар 
балаларға арналған 12 орынды 1 топ жұмыс істеуде. 
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес, елімізде инклюзивті білім берудің 
мақсаттарын орындауда, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуды дамытудың арнайы жағдайларын 
ұйымдастыру, әлеуметтік бейімделу мен даму бұзылысын түзетуге жағдай жасауды мемлекет қамтамасыз 
етеді. 
Қазақстан Республикасының «Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында» инклюзивті білім беруді іске асыруға мүмкіндік беретін өзара байланысты іс-шаралар 
кешені мен олардың орындалу уақыты көрсетілген: 
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептер санын көбейту; 
-инклюзивті 
жүйе бойынша білім алатын мүмкіндігі шектеулі бала санын көбейту; 
-жалпы мектептерде білім беру сапасын және инклюзивті білім беру жүйесін жете жетілдіру. 
Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау балалармен бірге олардың 
әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту болып табылады. Кең 
мағынадағы инклюзивті білім беру– кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше оқытуды қажет ететін 
барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды
әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру процесі. 
Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті 
құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін 
емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген 
ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде
оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. 
Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын
қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің «кристалдану орталығы» болуы тиіс. 
Инклюзивті білім беру келесідей ұйымдарда ұйымдастырылуы мүмкін: жалпы білім беретін мектеп,
шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемесіне қарасты жалпы
білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девианттық мінез -құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, 
мектеп-интернат, ерекше режимдегі балаларға арналған білім беру ұйымы және ауруханаға қарасты мектеп. 
Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық 
өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай 
стратегиялық бағыттарын
көрсетуге 
болады: 
-инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін 
институционалдық ортаны жетілдіру; 
-ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз
етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу; 
-мектепке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау 
жүйесін дамыту; 
-мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға қажетті жағдай туғызу; 
-инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми 
зерттеулер жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет