Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Тәуелсіз өмір сүрудің мағынасыз ашыңыз.
2. Инклюзивті білім берудің қазіргі экономикалық жағдайына сипаттама беріңіз.
3. Инклюзивті білім берудің басқа ғылым салаларымен байланысын ашып көрсетіңіз.
4. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын қорғайтын негізгі құжаттар мен Заңдарды атаңыз.
5. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"
Заңында қандай құқықтар туралы айтылған?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.
http://www.edu.kz/ru/
- официальный сайт Министерства образавания и науки РК.
2.
http://www.special-edu.kz/
- сайт Националтного научно – практического центра коррекционной
педагогики (ННПЦ КП).
3.
http://www.un.org/russian/documen/declarat/salamanka.pdf.//
Саламанская декларация и рамки действий
по образаванию лиц с особыми потребноятями, принятые Всемирной конференцией по образаванию
лиц с особыми потребностями: доступ и качуство, Саламанка, Испания, 7-10 июня, 1994 года.
Дәріс №2. Инклюзивті білім беру моделі (№1 дәріс жалғасы)
Дәріс жоспары:
1.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаттары
2.
Инклюзивті білім беруді дамытудың міндеттері
3.
Инклюзивті білім берудің тиімділігін бағалау индикаторы
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаттары :
-барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып,
олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу;
-жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби
қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және
дамыту;
-балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастыру;
-арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім
беру жүйесіне қосу.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:
-инклюзивті
білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-
экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;
-инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу
жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және
модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
-білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары
бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық
және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;
-«кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен
қамтамасыз ету;
-инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
-ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде
білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
-инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамыту қағидалары:
-инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
-ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және
алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын дер кезінде қолдану;
-білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен
мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
-еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін
ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;
-білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін
қолжетімділігі, ашықтығы;
-кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі
ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы
кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіп аралық өзара әрекет;
-мүгедектік
немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы проблема» болып
қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал;
-денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды
қарастыратын инклюзивті білім берудің түзете-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік
бағыттылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |