«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

Катамнез жинаудың үлгі кестесі:
· баланың аты, жөні; 
· жасы; 
· соматикалық деңгейі; 
· психикалық деңгейі; 
· қызметтің әрбір түріне қатысты басымдық қызығушылықтары; 
· мамандардың пікірі бойынша бейімделу мінезі; 
· ата-аналардың пікірі бойынша баланың бейімделу мінезі. 
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар түзету сабақтарындағы уақытты есептемегенде, үнемі күні бойы 
дамуы қалыпты балалармен бірге болады. Олар кемшіліктерінің деңгейіне қарамастан даму қалыпты 
балалармен бірге тәрбие, мәдени-ойын сауық, спорттық-сауықтыру және өзге де бос уақытты тиімді 
ұйымдастыру шараларына қатысады. 
Дефектолог(олигофрено мұғалім, сурдолог мұғалім, тифло мұғалім), психолог, логопед, әлеуметтік 
мұғалімдер және психиатр, невролог, сурдолог, окулист, медстатистик, педиатр дәрігерлер жұмыс жүргізеді. 
ПМПК-нан тексерістен өтуге жолдаманы: 
· мектептердің 
психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумі (ПМПК) шешімімен 
мектептер мен бала-бақшалар; 
· ерте жастан 0-3 жастағыларды скринингі тексерістен өткізіп, диагнозын анықтап, бала 
дәрігерлері; 
· 0-18 жасқа дейінгі мүгедектерді әлеуметтік қызыметкерлер мен дәрігерлер. 


Бірақ, барлығыда білім бөлімімен байланысып, тіркеліп барып жіберулері қажет. Білім бөліміндегі 
балаларды қорғау және қамқорлау маманы бұл жұмыстардың барлығына жауапты, аймақ бойынша 0-ден 18 
жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді есепке алады, қамқорлайды, қадағалайды
құқығын қорғайды. 
Мүмкіндігі шектелген балаларды тексеру міндетті түрде ата-анасының немесе заңды қамқоршысының 
қатысыуымен бірге өткізіледі және мұғалімі мен емдеуші дәрігері бірге келіп кеңес алуына болады. 
Психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консилиум 
(ПМПк) 
барлық 
мектептерде, 
балабақшаларда мектеп директорының бұйрығымен құрылады. 
1-ші сыныптың оқушысы 1-ші тоқсанда әріптерді, сандарды үйренген жоқ, оқу үлгерімі өте нашар, ол 
балаға 2 деген баға қойып мұғалімі қажетті құжаттарды жинақтап ПМП консилиумге ұсынады. ПМП 
консилиум баланың құқығын қорғау мақсатында тексеру жүргізеді. Oблыстық ПМПК-ға тексеріске жіберу 
керектігі жөнінде шешім шығарады. 
Сабақ үлгерімі өте нашар балаларды 1 сыныптан, әрі кетті 2-3-4 сыныптарда анықтап алғандары, 
мүмкіндіктеріне қарай оқытқандары дұрыс, егер 5 сыныптан кейін облыстық ПМПК тексеріске жіберген 
болса, мектепте ПМП консилиум құрылмаған деген мағынаны береді. 
Қортындыдағы ұсыныста көрсетілген көмекші бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 сыныпты 
бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игерген болса, онда 9 сыныпты 
бітіргесін арнайы Куәлік беріледі. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді 
білмесе, онда 9 сыныпты бітірді деген Анықтама беріледі. Көмекші бағдарламамен оқыған шаруаға икемі бар 
балаларды және арнайы бағдарламамен оқығандарды 9 сыныптан кейін арнайы кәсіптік білімді игеруге
жібереді. 
ПМПК-на кемтар бала өмірінде 1 рет ғана қаралады, берілген қортынды, ұсыныстар бойынша жұмыс 
жасау қажет. Егер қортындыда қайта қаралу керек деп жылы жазылса ғана, көрсетілген уақытында қайта 
тексерістен өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет