Дәріс№8: тақырыбы:
Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру
Дәріс жоспары:
1. ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері
2. Білім берудің әртүрлі деңгейінде психологиялық-педагогикалық қолдау
3. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары
Мүмкіндігі
шектеулі балаларға
педагогикалық –медициналық- психологиялық көмек көрсету бағыттары
Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-медициналық-
педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға
кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-
тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы
психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау
қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар,
баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге
негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнату қажет.
ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері
:
1.0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру, психикалық
және дене бітіміндегі ауытқуды анықтау;
2.балалармен жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктерді анықтау
мақсатында психологиялық-
медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу, диагнозын қою, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа
орналастырудың оған сәйкес жағдайын анықтау;
3.баланың көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты білім мекемесінің бір түрінен екіншісіне ауыстыра
отырып, қажет болған жағдайда оған бастапқы қойылған диагнозын растау, анықтау және өзгерту енгізу;
4.баланың деңгейіне қарай психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету, оларды
арнайы білім беру саласында тәрбиелеуді және оқытуды, әлеуметтік қорғауды
ұйымдастыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу;
5.дамуында, мінезінде жеңіл ауытқу, кемістіктері бар балаларды, соның ішінде арнаулы түзеу білім
мекемелеріне жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту жөнінде ата-аналарға (заңды
қамқоршыларына), мұғалімдерге және дәрігерлерге кеңес беріп көмек көрсету.
Психологиялық-педагогикалық қолдау білім берудің әртүрлі деңгейінде жүзеге асырылады:
· мектепке дейінгі білім – дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау және түзету,
мектепке
дайындығын қамтамасыз ету;
· бастауыш мектеп – мектепте оқуға дайындығын анықтау, мектепке бейімделуін қамтамасыз ету,
оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық және оқуға деген ынтасын дамыту, өздігінен
жұмыс істеу
мен өзін-өзі ұйымдастыра білуді дамыту, «оқи білу» мен ықыласын қалыптастыруды қолдау, әрбір баланың
жеке ерекшеліктері мен әлеуетін ескре отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту;
· негізгі мектеп – оқушының негізгі мектепке көшуін қолдау, оқудың жаңа талаптарына бейімделу,
жеке тұлғалық және өзін танудың құндылық-мағыналық міндеттерін және өзін-өзі дамыту міндеттерін
шешуде қолдау көрсету, жеке тұлғалық проблемалар мен әлеуметтендіру проблемаларын шешуге көмектесу,
өмірлік дағдыларды қалыптастыру, жүйке ауруларының алдын алу, ата-аналармен
және құрдастарымен
құрылымдық қарым-қатынас құруға көмектесу;
· орта мектеп – оқушының бейіндік бағдарлау мен кәсіптік өзін-өзі анықтауға көмектесу,
экзистенциальды проблемаларды (өзін-өзі тану, өмірдің мәнін түсінуге талпыну, жеке тұлғалық сәйкестікке
қол жеткізу) шешуге қолдау көрсету, уақытша перспективасын,
мақсатқа жету қабілетін дамыту,
психологиялық-әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
1. бала дамуындағы қандай да бір проблемаларды шешудің кешенді, пәнаралық тәсілі;
2. білім беру үдерісіндегі баланың дамуына қолдау көрсетудің үздіксіздігі;
3. қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
4. қолдау қызметін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау (болжау);
5. даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау шараларына ата-
аналарды, педагогикалық және балалар ұжымдарын белсенді түрде тарту .
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары:
1. баланың психологиялық және дене даму ерекшеліктерін кешенді түрде тексеру, нақты
психологиялық-педагогикалық түзету шараларына қажеттілігін анықтау;
2. баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке түзете дамыту бағдарламасын
әзірлеу және іске асыру;
3. жеке, шағын топпен, топпен өтетін түзете дамыту жұмысын жүргізу;
4. кеңес беру және оқу-ағарту жұмысы;
5. ғылыми-әдістемелік қызмет(семинар-практикумдерді, жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу;
жұмыс тәжірибесін баяндама, сөз сөйлеу түрінде жинақтау; әдістемелік ұсынымдар әзірлеу);
6. психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру.
Педагог-психолог анықталған даму ауытқушылықтарын жою мақсатында психологиялық түзету
жұмыстарын жүргізеді:
Достарыңызбен бөлісу: